Международный журнал информационных и коммуникационных технологий


Keywords : phenomenon of death, existentialism, thanatology, history of philosophy Авторлар туралы мәлімет



Pdf көрінісі
бет103/187
Дата17.10.2023
өлшемі3,05 Mb.
#117203
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   187
Keywords
: phenomenon of death, existentialism, thanatology, history of philosophy
Авторлар туралы мәлімет:
Золотарева Анастасия Вячеславовна,
Әл-Фараби ҚазҰУ 2 курс магистранты, Алматы, Қазақстан.
Сведения об авторах:
Золотарева Анастасия Вячеславовна, 
Магистрант, 2 курс, КазНУ им. аль-Фараби, Алматы, 
Казахстан. 
About authors:
Zolotareva Anastasia Vyacheslavovna, 
2nd year Master student, Аl-Farabi Kazakh National University, 
Almaty, Kazakhstan.


International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022 
83
НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: 
ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ»
УДК 346.67 (574)
Иембекова М.О. 
1*
,
 
Өтен Г.Ж.
2

Халықаралық бизнес университеті
*E-mail: iembek@mail.ru
2
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық Университеті
E-mail: uten63@bk.ru
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН ТАЗА ӘЛЕМ ҚҰРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ САЯСАТ
Аңдатпа. 
Мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздіктің алғашқы кезінен бастап ядролық 
қарудан бас тарта отырып, бүгінгі күнге дейін ядролық қарудан таза әлем құру бағытында жүргізіп 
келе жатқан саясаты жан-жақты талданған. Қазақстанның осы бағытта жүргізіп келе жатқан табанды 
саясатының арқасында Орталық Азияның ядролық қарудан таза аймаққа айналуы зерделенген. 
Қазақстанның әлемдегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ядролық қарудан таза әлем құру 
бағытындағы негізгі қадамдары мен ұсыныстарының нәтижесі негізделген.
Түйін сөздер:
Қазақстан, ядролық қауіпсіздік, ядролық қарудан таза аймақ 
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, өз алдына дербес сыртқы саясат жүргізіп келе 
жатқанына биыл отыз жыл толды. Осы жылдар аралығында Қазақстан өзінің бейбітшіл сыртқы 
саясатымен, халықаралық қатынастардағы ынтымақтастықты дамытудағы игі бастамаларымен әлем 
жұртшылығына танылды және сындарлы да табысты саясатымен әлемдік саясаттан өзіне лайық орын 
ала білген мемлекеттердің қатарына ене білді.
Өткен жылдарға көз сала отырып, тәуелсіз Қазақстан сыртқы саясатында дұрыс бағыт-бағдарды 
таңдап алып, игі бастамаларымен әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты үлес 
қосқандығын лайықты сезіммен атап өтуге болады. Оны Қазақстанның осы уақыт аралығында сыртқы 
саясатта жүзеге асырған іс-шараларынан көруге болады. Атап айтқанда еліміз 1992 жылы Біріккен 
Ұлттар Ұйымына мүше болып қана қоймай, 2017-2018 жылдар аралығында Орталық Азия елдері ішінен 
бірінші болып Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде қызмет атқару мәртебесіне ие болды, 2010 
жылы Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасады, өзінің бастамасымен 
2002 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесін құрып, қазірге дейін 
табанды түрде ұйым жұмысының жандануына күш салып келеді т.б. Айта берсек сыртқы саясаттағы 
жетістіктеріміз баршылық. 
Соның ішінде алғашқы күннен бастап Қазақстанның назар аударғаны және осы кезге дейін тұрақты 
түрде жүргізіп келе жатқан саясаты – ол ядролық қарудан бас тарту, сынауды тоқтату және ядролық 
қарудан таза әлемді құру бағытындағы күресі. Бұл бағыт бүгінгі күнге дейін еліміздің сыртқы саясаттағы 
дипломатиясының басты бағыттарының бірі. Осы ретте еліміздің ядролық қаруды сынауды тоқтату, 
оны таратпау және ядролық қарудан таза әлем құру жолындағы әлемдік саясаттағы бастамалары мен 
жетістіктерін талдап, нәтижелерін қорытындылау зерттеушілердің міндеті екендігі сөзсіз.
Ендігі кезекте Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі атқарған жұмыстарының 
нәтижесі қандай болғанына осы уақытқа дейін жүргізген саясатын бірнеше қадамдарға бөліп көрсету 
арқылы нәтижелеген дұрыс деп пайымдаймыз.
Бірінші қадам.
Бұл бағыттағы саясаттың алғашқы қадамы Елбасының 1991жылы 29- тамызда елдегі 
Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюы болды. Мұның өзі тарихи маңызы бар іс еді. Көтеген 
жылдар бойы апатты қарудың сынағының зардабын шегіп келе жатқан халқымыз үшін, оның болашағы 
үшін жасалған осы бір шараны әлем жұртшылығы қызу қолдап қарсы алды.
Осының айғағы ретінде 2010 жылы Қазақстанға БҰҰ-ның Бас Хатшысы Пан Ги Мунның арнайы 
сапармен келіп, ядролық сынақ орталығы болған Семей сынақ алаңында болып, еліміздің осы бір дұрыс 
қадамына үлкен ризашылық білдіргенін атап өткеніміз жөн. 
Пан Ги Мунның бірден Семей өңіріндегі ядролық сынақ алаңына келуі де қазіргі кезде әлем 
жұртшылығының ядролық қарудың таралуына деген мазасыздығын білдіретіндей қадам болса, екінші 
жағынан Қазақстанның ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, осы уақытқа дейін ядролық қаруды 
жою бағытында жүргізіп келе жатқан табанды саясатын бағалағандығы деп пайымдауға болады. 


International Journal of Information and Communication Technologies, Special issue, march 2022 
84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет