Международный универстет астана


МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



бет12/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit 2

2. МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(академиялық сағатта)



апталар

Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы

Сағат саны

1-7

Модуль 1. Кәсіптік оқытуда дәстүрлі технологияларды модернизациялау

7

Дәрістер




1.1. Дәріс 1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

    1. Педагогикалық технология ұғымы

    2. Педагогикалық технологиялардың тарихи бастауы мен дамуы

Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:

    1. Педагогикалық технология ұғымы

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

«Заманауи педагогикалық технология» сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен «технология» ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.

Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөзді енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған. Берілген анықтамалардан «технология» technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық, психологиялық сөздікте «Педагогикалық технология» – педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы.

Педагогикалық технология М.В. Клариннің анықтауында: «Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді». Ғалым-академик В.М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П. Беспалько: «Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы», - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

Б.Т.Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, әдісін, тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»,- деген анықтама берсе, Селевко Г.К. «педагогикалық технология» түсінігін, 3 аспект бойынша қарастырады:



  • ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық процесті және оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;

  • бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістермен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін процесс,

  • нақтылы іс-жүргізу: технологиялық процесерді жүзеге асыру, педагогикалық, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау.

Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (Монахов В.М.), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгеоудегі техникалық және олардың өзара әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).

Н. Ф.Талызина оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөнінде гі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С. Сполдинг, 1969.) Педагогикалық технология – педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:

а) технологиялық құрылымдық және мазмұндық ұстанымдары;

ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқтталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестиілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудивизуальды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Кейбір зерттеушілер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналистер, содан кейінгі кездерде педагогтар «инновация» сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.

Н. Ф.Талызинаның пікірінше инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу – деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі-деп топтастырып көрсетеді.

Келтірілген талдаулардан ұғатынымыз «жаңа педагогикалық технология» дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдаланатын педагог іс-әрекетінің өзгерісті (жаңалықты) алгоритмі» – деп айтуға болады. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ кәсіби мамандарды даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен, оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет