Международный универстет астана


ДӘРІС 6: КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет22/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit 2

6.1 ДӘРІС 6: КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1 Ойын технологиясының жалпы сипаттамсы және даму тарихы



2 Оқыту үдерісіндегі пайдаланатын ойын түрлері

Дәрістік сабақтың қысқаша мазмұны:

1 Ойын технологиясының жалпы сипаттамсы және даму тарихы

Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде жүзеге асрылып жатқан танымдық және педагогикалық қызметтің тың жолдарын іздестіру – оқушылардың да, ұстаздардың да педагогикалық процестің субъектілеріне айналымын қамтамасыз ететін, нақтырақ айтқанда адам өмірінің барлық сатыларына тән қызметтің ереше түрі ойындарға педагогика ғылымы ерекше назар аудырады. Жақсы ойыластырылған ойын әдістері, сөзсіз, педагогикалық процесті одан әрі нәрлендіре түседі.



Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. 

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.

Ойын - күрделі  философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен  ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.

Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала». Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын –әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.

Осының нәтижесінде  қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:



  1. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. В.М. Сухомлинский .

  2. Ойын- артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер., Г.Спенсер).

  3. Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Блююллер)

  4. Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит). 

  5. Функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б.)

Педагог ғалымдар ойынның  оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.

А.С. Гуревич, А.В. Килиниюктер  ойынды оқытудың активті түрі деп  қарастырса, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова, В.К. Романт оқытудың ойын әдісі дейді.Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.



Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады. 

Қазіргі білім беру саласында жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады.

Өте күшті дәлелдеушілік ықпалға ие болып келетін ойындардың оқу процесін жандандыру құралы ретінде мүмкіндіктері де өте көп болып келеді. Ойындардың атқаратын қызметінің мән-мағнасы мен мотивін оның өз бойынан іздестіру керек. Сондықтан да, олар басқа да мотивтердің қалыптасуына себепкер болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет