«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет118/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

ЖЕКЕ ТҮКІРГІШТІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ


Мақсаты: қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зерттеулерге қақырықты жинау.


Даярлаңыз: залалсыздандырылған қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектантарды.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргізіңіз.


  • Қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті науқасқа беріңіз.


  • Түкіргіштің ¼ бөлігін дезинфектантпен толтырыңыз (қақырықты зарарсыздандыру үшін).


  • Қақырықтытүкіргіштің ¾ көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, науқасқа түкіргішті беріңіз.


  • Түкіргіштолған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырыңыз.


  • Түкіргіштегі қақырықты зарарсыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгіңіз.


  • Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз.


  • Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.





Жұтқыншақтан жағынды алу


Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материалалу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет