«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: материалды лабораторияға жеткізгенше t-4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет. ХIV. НАУҚАСТАРДЫ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ



бет135/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: материалды лабораторияға жеткізгенше t-4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.
ХIV. НАУҚАСТАРДЫ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ


Науқасты бронхоскопияға даярлау


Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.
Бронхоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарады.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.


  • Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.


  • Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.


  • Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.


  • Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.


  • Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.


  • Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.


  • Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.





Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даЙЫНДАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет