Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.
Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.
Жылытқыштыңмойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.
Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).
Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.
Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.