«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет61/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышаның иісі сақталуы тиіс).


  • Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.


  • Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).


  • Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.


  • 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).


  • Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.


  • Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.


  • Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.


  • Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.




Ескерту:
  • қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;


  • қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;


  • емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы5-7 минут.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет