«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет59/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.
Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Дайындаңыз:резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.


  • Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.


  • Жылытқыштыңмойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.


  • Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.


  • Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.


  • Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.


  • Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.


  • Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).


  • Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.


  • Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.


  • Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.


  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет