«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу



бет83/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.


  • Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.


  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.


  • Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Науқастың терісін ұқыптысабындап,сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.


  • Қажетті мөлшердегі дәрілік ерітіндіні апликатормен теріге жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).


  • Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Қолданылған қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу


Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет