«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет79/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

СеппеНІ қолдану


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).


  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.


  • Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.


  • Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).


  • Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





дәрілік жабысқақ Пластырьдісалу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит (бұлшық еттің қабынуы) тері мүйізгегі.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).


  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.


  • Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз.Оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.


  • Пластырьды қажетті көлемде қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабығын алыңыз.


  • Науқастың терісіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.


  • Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.


  • Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:
  • пластырьді 2 тәулік бойы алмайды, егер де қатты тітіркендіруі сезілмесе;


  • пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет