«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет82/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Теріге майды жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді,зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).


  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.


  • Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.


  • Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.


  • Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз,оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады.


  • Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.


  • Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.


  • Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.


  • Қолыңызды жуып , кептіріңіз.





Теріге майды сылап жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.


  • Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.


  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.


  • Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы қалып жасауына көмектесіңіз.


  • Майды сылайтын тері аймағын қараңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.


  • Апликатормен қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.


  • Тері бетіне дәрігер анықтаған майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсізжинауға және жоюғаарналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Ескерту:
  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;


  • егер де май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өздігінен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;


  • майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін науқасқа қолын жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет