«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет81/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқатаңдаңыз.


  • Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).


  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.


  • Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойыжеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.




Ескерту:терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.

Майлы таңғышты орындау


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, майды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).


  • Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.


  • Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы қалып алуынакөмектесіңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.


  • Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабаттап мақта қойыңыз.


  • Салфетканы маймен, дәке немесе түтікті бинтпен ораңыз.


  • Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет