«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет43/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
Қолды өңдеу
Көрсеткіші: қолғапты киюдің алдында немесе қолғапты шешкен соң, биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда (микробтық жұғуға қауіп төңгенде), иммунитеті төмен науқасқа күтім жасағанда.
Қажетті заттар: шаруа сабыны, секунды бар сағат, жылы су, залалсызданған пинцет, мақта тампондары мен сүлгілер, дез ерітіндісі бар ыдыс.
Қажетті жағдай: қолда жарақат болмауы тиіс. Қолдан сақинаны шешу, сағатты шешіп, халаттың білегін 2/3 түру, құбырды ашу, қолдың саусақтарын және саусақ аралығын, білектің 2/3 сабынмен ағынды суға 10 секунд бойы жуу, сүлгімен қолды құрғату.
Қазіргі кезде тәжірибемізде бір рет қолданатын құрал-жабдықтар (шприцтер, инелер, көк тамырға тамшылатып құятын жүйе, ұштықтар) кеңінен қолданылады. Бір рет қолданатын құрал-жабдықтармен жұмыс істегенде оларды жоймастан бұрын арнайы дез ерітінділермен (жуу, сонан соң 30-60 минутқа дез ерітіндіге салып қою) өңдеу қажет. Бір рет қолданатын құрал-жабдықтар өңделгеннен соң іріктелінеді, жинақтап салып жойылуға жіберіледі. Көп қолданылатын құрал-жабдықтармен жұмыс істегенде бірнеше ережелерді білу қажет. Барлық қанмен байланысты медициналық шараларды (көк тамырдан қан алу, көк тамырлық инъекция және құю), сондай-ақ қанмен байланыста болған құрал-саймандармен, шприцтермен, инелермен және т.б. жұмысты, инвазивті зерттеу әдістерін мейірбике міндетті түрде қолғаппен жүргізуі керек. Бұл ережені орындау – қан арқылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирус гепатиттері және т.б.) негізгі алдын-алу шараларының бірі болып табылады.


Іс шараны орындап болған соң мейірбике міндетті:

  1. Келесі көрсетілген ерітіндінің бірімен құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру: 3% хлорамин ерітінді -сіне – 60 мин экспозиция;

1,5 % кальций гипохлорид ерітіндісіне – 60 мин экспозиция;
4% сутек асқын тотығында – 60 мин экспозиция;

  1. Жұмыс үстелін іс шара аяқталған соң ысқыш -пен 3% хлорамин ерітіндісімен немесе көрсетілген ерітіндінің бірімен өңдеу қажет.

  2. Дезерітіндімен өңдеп болған соң резеңке қол -ғапты шешу керек.

  3. Резеңке қолғапты дез ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  4. Халатты, масканы шешіп, кір салатын қапқа салу қажет.

  5. Ағынды суға қолды 2 рет сабынмен жуып, бір рет қолданылатын сүлгімен құрғату қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет