Көп рет қолданылатын шприцтерді жинау: Крафт-пакетті ашыңыз және оның ішкі (залалсыздандырылған) жағын шприцті жинау үшін қолданыңыз;
Поршеньді сабынан ұстап, оны цилиндрге кіргізіңіз;
Дәрілік затты алуға арналған инені (бұл иненің диаметрі инъекцияға арналған инеден цдетте үлкенірек) канюлясынан ұстап, ұшына қолды тигізіп алмай оны ине астылық конусқа саусақпн басынқырау арқылы бекіту;
Шприцтер ауаны шығару арқылы өткізгіштігін тексеру;
Жиналған шприцті пакеттің ішкі жағына қою.
Ерітіндіні ампуладан алу: Ампуланы ашпас бұрын дәрілік заттың тағайындауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін (сыртына көрсетілген), ерітіндінің мөлдірлігін тағы да бір рет көңіл қойып оқыңыз (ампуланы халаттың ақ фонына қойып оқыған ыңғайлы).
Барлық ерітінді кең бөлігіне болатындай ампуланы сәл сілку;
Ампуланы кесуге арналған құралмен кесіңкіреңіз, спиртке матырылған домалақ мақтамен ампуланы өңдеңіз және ампуланың жіңішке жағын сындырыңыз;
Ампуланы кең жағынан, сол қолдың сұқ және ортанғы саусақтармен түбіне тамандау жерден еңкейтіп ұстаңыз да оған инені жайлап кіргізіңіз, ерітіндінің қажетті мөлшерін алыңыз, егер ампула үлкен болса ерітіндіні ала отырып ампуланың түбін біртіндеп көтеругше болады;
Инені бекітіңіз, ине арқылы біраз ерітіндіні шприцтен шығарып, оның өткізгіштігін тексеріңіз, бұл кезде шприцті көз деңгейінде болатындай қылып тік ұстаңыз.
Ерітіндіні флаконнан алу Парентеральді енгізуге арналған көптеген дәрілік заттар флаконда, ұнтақ, сондай-ақ ерітінді түрінде шығарылады. Флаконда ұнтақ түрінде, мысалы антибиотиктер шығарылады. Зауытта дайындалған дәрілік заттар флаконы резеңке тығынмен жабылған және металл қақпақпен бекітілген. Парентеральді енгізу үшін дәріні қолданар алдында флаконға 1-3 мл инъекция жасауға арналған суды, натрий хлоридінің изотониялық немесе новокаиннің 0,5% ерітіндісін қосу арқылы ерітеді.
Флакондағы жазуды оқыңыз (аты, жарамдық мерзімі, мөлшері)
Шприцке еріткіштің қажетті мөлшерін алыңыз (егер флакондағы барлық зат бір адамға енгізілетін болса, онда 1-3мл).
Флаконды алып, өған еріткішті енгізіңіз.
Флаконды инемен бірге ине астылық конустан шығарыңыз және сілкілей отырып флакондағы ұнтақтың толық ерітіңіз.
Флаконмен инені ине астылық конуска кіргізіңіз.
Флаконды түбін жоғары қаратып көтеріңіз де флакондағы дәріні немесе оның жартысын алыңыз.
Флаконды инемен бірге ине астылық конустан шығарыңыз.
Инъекцияға арналған шприцті ине астылық конусқа кіргізіп, бекітіңіз.
Ине арқылы алуаны шығарып иненің өткізгіштігін тексеріңіз.
Шағын легенге шприцті, спиртке матырылған екі жомалақ мақтаны салыңыз.
Науқаспен тілектестік білдіріп, жайлап сөйлесу, ыңғайлы қалып көптеген науқастарда инъекцияның алдында пайда болатын ауырсынуды, қорқыныш сезімін азайтуға және болдырмауға мүмкіндік береді.