«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет60/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Оңқалар. Олардың тамырды кеңейтеу әсері қыша қағаздарына қарағанда анағұрлым күшті және олар бронхитте, пневмонияда, невралгияда, невритте, миозатте кеңінен қолданылады. Оңқалар – сыйымдылығы 30-70мл түбі домалақ, шеті қалын шыны ыдыс. Оларды дененің бұлшық ет пен май қабаты неғұрлым қалындау жерлерге (бұғанақ асты, жауырын асты, жауырын арасы аймақтарына және т.б.) салады. Оңқаларды қою үшін ептілік керек. Теріні күйдіргіп алмау үшін оңқа қоятын жерлерге вазелин жағады. Содан кейін спиртке батырылған тампонды тұтатып, әр оңқаның ішіне 2-3 секундқа еңдіреді де кеңдеу жағымен тездетіп денеге қояды (10-15 минут). Оңқаның ішіндегі ауа сиретіледі, соның арқасында тері оның ішіне қарай созылады да шымқызыл немесе қоңырқай түске боялады. Оңқаны денені ауыртпай алу үшін оны жайлап бір жағына қарай қисайтып, екінші қолдың саусақтарымен оңқаның екінші қарама-қарсы жақ шетінен теріні басу керек. Оңқа қойғанда абайлау қажет: спирт артық мөлшерде болғанда, сондай-ақ ұзақ қыздырғанда тері күйіп қалуы мүмкін. Сонымен қатар, оңқа ішіндегі ауа жеткілікті сиретілмесе, ол орнықпай домалап түсіп кетеді.
Оңқаларды қатерлі ісітерде, туберкулездің белсенді түрінде, өкпеден қан кеткенде, тері ауруы мен оның өте сезімталдығына, кейбір басқа ауруларда қолдануға болмайды.


Қан ағызу және гирудотерапия
Қан ағызу айналымдағы жалпы қан көлімінің азаюына, артериялық және веналық қан қысымының төмендеуіне, қан тұтқырлығының азаюына мүмкіндік туғызады. Оны көьінесе үлкен қан айналу шеңберіндегі айқын тоқыраумен өтетін созылмалы оң қарыншалық жетіспеушілікте (өкпе ісінуінде), егер бұл кезде шок немесе коллапс белгілері болмаса; полицитемияда (қан түйіршіктерінің саны күрт артқанда); қанда ұзақ сақталатын кейбір улармен уланғанда қолданылады.
Қан ағызуды қан қысымы төмендегенде және айналымдағы қан көлемі азайғанда (гипоаолемия), қаназдықта (анемия), қан ұю жүйесінің айқын бұзылуларында жүргізуге болмайды.
Қан ағыщуды әдетте венепункция немесе веносекция арқылы жүзеге асырады. Бұл кезде көбінесе бірден 300-400мл қан ағызылады. Қан ағызуды және абайлап жүргізу керек, өйткенң кей уақытта талу, қан қысымының түсуі және т.б. әртүрлі асқынулар болуы мүмкін.
Белгілі бір жерден қан ағызу, сондай-ақ қан ұюға қарсы әсер ету үшін гирудотерапия (сүліктерді емдік мақсатта пайдалану) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет