«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет81/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Гипертониялық клизма. Оны қою үшін натрии хлоридінің 10% ерітіндісі немесе магнии сульфатының 20-30% ерітіндісі қолданылады. Олар ішектің перестальтикасын күшейтеді және сұйықтықтың ішек қуысына көп бөлінуін туғызады, бұл көп сұйық нәжістің бөлінуіне әкеледі. Гипертониялық клизма тоқ ішектің төменгі бөліктерінің жедел қабынуы жіне жаралық процестерінде, артқы тесік аймағындағы жарылуларда жасауға болмайды.
Гипертониялық клизманы қою үшін майлы клизманы қойғанда қолданылатын құрал-саймандар қажет. Науқасқа 37-38 С-қа дейін жылытылған 50-100 мл гипертониялық ертіндіні енгізеді, бұл кезде науқас ерітіндіні ішекте 20-30 мин ұсауы керек.
Сифонды клизма ішекті тазалау үшін қолданы - лады, бұл кезде ішек көп рет шайылады. Көрсеткіштері:

  1. Тазалау, босаңсыту клизмаларының және іш жүргізетін дәрілердің нәтижесіздігі;

  2. Ішекке ауыз арқылы түскен немесе ішектің шырышты қабаты арқылы бөлінген улы заттарды ішектен шығару қажеттігі.

  3. Ішектің тарылуына күдік туғанда.

Сифонды клизманы қою қағидасы асқазан шаю қағидасымен көп ұқсас.
Сифонды клизманы жасау үшін: шыны түтікпен біріктірілген ұзындығы 1 м және ішкі диаметрі 10 мм-ден аз емес жуан 2 асқазан зондты, және сыйымдылығы 1 л воронка; 10-12 л бөлме температурасындағы су; құман (кружка); шайылған суды жинайтын шелек, клеенка, алжапқыш, вазелин қажет. Сифонды клизма- науқас үшін ауыр шара, сондықтан науқастың жағдайын мұқият қадағалау керек.
Жұмыс реті.

  1. Науқасты тазалау клизмасын жасағандағыдай қалыпты жатқызыңыз.

  2. Зондтың тұйық жағын 30-40 см бойында вазелинмен майлаңыз.

  3. Науқастың жамбасының арасын ашып, зондтың осы жағын ішекке 30-40 см тереңдікке кіргізіңіз.

  4. Оймышты жалғаңыз.

  5. Содан кейіе өзара байланысты түтіктен заңын қолдану арқылы ішекті асқазан шайғандай <<таза>> шайынды суға дейін шайыңыз.Су тек оймыштан оның тесігіне дейін ғана баруын қадағалау керек, әйтпесе өзара байланысты түтіктер заңы бұзылады да суды ішектен оймышқа қайтару қиынға соғады. Ішекке сумен бірге ауаны сорылуына жол бермеу керек. Ол үшін суды құйғанда оймышты сәл қисайтып ұстаған жөн.

  6. Шайынды судың соңғы порциясын төгіңіз де зондты ақырындап шығарыңыз.

Дәрілік клизмаларға әр түрлі дәрілік заттарды енгізуге арналған емдік клизмалар жатады, олардың сиымдылығы әдетте 50-100 мл (микроклизмалар) Оларды қолданар алдында, ереже бойынша тазалау клизмасын жасайды.Дәрілік клизмалар жалпы (резорбтивті) және жергілікті әсер ететіндер болып ажыратылады. Жергілікті әсер ету емдеу үшін жергілікті әсерге негізделген, мысалы, тоқ ішектің қабынуы (түймедағы гүлінен жасалған тұнба және т.б.). Жалпы әсер дәрілік заттың бауырымен асқорыту жолдарына соқпай қанға түсуіне негізделген. Дәрілік клизма тәсілі майлы клизманы қоюға ұқсас.
Бұрын жасанды тамақтандыру тәсілдерінің бірі ретінде қолданылған қоректендіру клизмалары әсері аз болғандықтан қазіргі кезде қолданымайды.
Тамшы клизмалары ағзаға резорбты әсер етуге негізделген. Олар табиғи да, парентеральды да тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда ішекке дәрілік заттардың (натрии хлоридінің 0,85% ертіндісі, глюкозаның 5% ертіндісі және т.б) көп мөлшерін (2л) енгізу үшін қолданылады. Тамшы клизмасын тазалау клизмасынан кейін 20-30 минуттан кейін қояды. Оны қоюға ағзаның сорғуы көрсеткіш болып табылады. Тамшылатып енгізгенде тазалау клизмасындағы жүйе қолданылады, тек Эсмарх кружкасы бар резеңке түтіктің орнына қысқаша қысқышы бар тамшылағыш қойылады. Тік ішек арқылы 20-30 см тереңдікке резеңке ұштығы бар түтікті кіргізеді. Ертіндінің енуі қысқыштың көмегімен реттелінеді және әдетте минутына 60-100 тамшы жылдамдықпен жүргізіледі. Дәрілік ертіндіні 38-40 C-қа дейін жылыту ұсынылады
Газ шығаратын түтік метеоризм, ирригоско -пияға дайындау кезінде қолданылады. Газ шығаратын түтік – ұзындығы 30-50 см, диаметрі 3-5 мм жұмсақ, қабырғасы қалың резеңке түтік. Ішекке кіргізілетін шетінде орталық тесігінің айналасы домалақтанған, ал екінші шеті қисық кесілген. Таза түтікті вазелинмен майлайды да артқы тесікке 20-30 см тереңдікке, сыртқы шеті артқы тесікке 5-6 см шығып тұратындай етіп енгізеді. Сыртқы шетін резеңке дәрет ыдысына немесе науқастың астына салынған төртке бүктелген төсек жапқышқа қояды, өйткені түтіктен ішектің ішіндегісі ағуы мүмкін. Науқасқа ауырсыну тудырмас үшін түтікті ақырындап, айналдырып отырып кіргізеді. Түтік ішекте газ шығып болғанша қалдырылады, бірақ екі сағаттан аспауы керек. Газ шығаратын түтікті алғаннан кейін артқы тесіктің айналасы мақтамен сүртеді, тітіркенгенде май жағады.
Ас қорыту жүйесі мүшелері ренгендік, эндоскопиялық және ультродыбыстық зерттеу әдістері нәтижелерінің анықтылығымен деректілігі науқастарды осы зерттеулерге дайындаудың сапасына көп байланысты. Асқазан мен он екі елі ішекті ренгендік зерттеу үшін ешқандай арнайы дайындау қажет емес, зерттеу аш қарынға жүргізіледі, контрасты зат ретінде бари сульфаты қолданылады. Холецистографияның қарсаңында науқас құрамында йод бар ренгенконтрасты препаратты 20 кг дене салмағына 1 г есебінде қабылдайды, артынан тәтті шай ішеді. Контрасты зат бауырға түскеннен кейін өтпен бөлінедіде өт қабында жиналады. Бұл кезде препараттың өт қабындағы ең жоғарғы мөлшері ішкеннен кейін 15-17 сағаттан соң байқалады. Холеграфия жүргізгенде бауырмен бөлінетін жіне өт жолдарын көрсететін контрасты затты көк тамырға енгізеді (сынақтан кейін). Тоқ ішекті ренгендік зерттеу контрасты клизманың көмегімен жүргізіледі. Бұл зерттеу тоқ ішек бөліктерінің пішінін, орналасуын, шырышты қабатының жағдайын, тонусы мен пористальтикасын анықтауға мүмкіндік береді(ісіктермен полиптерді анықтау және т.б). Ирригоскопияға дайындағанда зерттеудің қарсаңында түскі астың алдында 30 г майсана (кастор) майын береді, кешке тазалау клизмасын жасайды, арасына бір сағат салып екі рет жасаса типті жақсы. Науқас кешкі ас ішпейді. Таңертен жеңіл астан кейін екі тазалау клизмасын жасайды. Контрасты зат ретінде барри сульфаты қолданылады. Оны дене температурасына дейін жылытып, клизманың көмегімен енгізіді. Қазіргі кезде, фортранс сияқты арнайы препараттар бар, олар төрт тазалау клизмасын жасамауға мүмкіндік береді. Ректороманоскопияға дайындаған да тазалау клизмасын зерттеу қарсаңында кешке және таңертең зерттеудің алдында 1,5-2 сағат бұрын жасайды. Колоноскопияға дайындау ирригоскопияға дайындағандай .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет