«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет78/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Асқазан сөлін фракциялы зерттеу үшін асқазанға зонд енгізу керек. Оның диагностикалық маңызы зор. Әдетте диаметрі 4-5 мм болатын жіңішке асқазан зонды қолданылады, бірақ кей жағдайда жуан зонд та пайдаланылады, бұл кезде науқас активті жұту қажет.Зондты енгізгеннен кейін оның ұшына 20 грамдық шприц кигізіледі де, асқазан ішіндегіні сорады. Зондты енгізгенде (таңертең аш қарынға) алынатын 1- порция асқазанның түнгі секрециясын сипаттайды және де ол ашқарындық секреция деп аталады . Әр 15-минут сайын 1-сағат бойы жиналған асқазан сөлінің 4 порциясын белгіленген пробиркаларға жинайды, бұлар базальды секрецияны, яғни асқорыту аралық периодқа сәйкес бөлінетін асқазан сөлін құрайды. Осыдан кейін секретцияны күшейтуші зат (дене салмағының 1кг-на 0,01кг гистамин) енгізіледі де, тағы әр 15 минут сайын 1сағат бойы күшейтілген секрецияның 4порциясы алынады. Бұл ынталанедырылған секреция деп аталады.Гистаминнің берілген (субмаксимальді) мөлшері гарнирі бар бифштекстің ынталандыру күшіне сәйкес келеді. Барлық алынған асқазан сөлінің порцияларын зертханаға жібереді, онда оның мөлшері, түсі, консистенциясы, иісі,басқа заттардың (өт,шырыш және т.б) бар жоғы анықталады.Натрийдің 0,1 н сілтілі ерітіндісімен титрлеу арқылы әр пробирқаға бос және жалпы қышқылдығын анықтап, арнайы формуламен тұз қышқылының базальды және ынталанған өнімін (дебит) санайды.
Дуоденальды зондтау – зондты он екі елі ішекке енгізу арқылы оның сөлін алу, гасртоэнтерология түрлі ауруларды анықтау мақсатында, көбінесе өт қабы және өт жолдарының, ұйқы безінің және он екі елі ішектің ауруларының диагностикасы үшін маңызды роль атқарады.
Дуаденальды зондты емдік мақсатпен ле қолданылады. Бұл зерттеу түбінде тесікті метал оливасы бар, ұзындығы 1,5 м және диаметрі 4-5 мм болатын арнайы зонд арқылы жасалынады. Зондта үш белгі бар: 45 см дейін жұтса, аралығында (ауыздан асқазанның субкардиальді бөлігіне дейін), 75 см (асқазанның шығатын бөлігіне дейін). 80 см (үлкен дуаденальді емізікшеге дейін) Бұл іс шара аш қарынға таңартеңгі уақытта жасалынады. Науқасты отырғызып, белсенді жұтындыра отырып дуаденальді зондты енгізеді.Зондты екінші белгісі 45 см дейін жұтса, онда зонд асқазанда (қышқыл реакциялы асқазан сөлін зонд арқылы сорып алып тексереді) науқасты оң жақ бүйіріне, жатқызып, бүйірінің астына жастықша қояды. Осы қалпында ол зондты жәйлап жұтады (75 см-ге дейін), белгілі бір уақыт өткеннен кейін (әдетте 45минут – 1сағат) привратниктен өтіп, он екі елі ішектің қуысына түседі. Зондтың сыртқы ұшы пробирканың біріне салынады, штатив науқас жатқан төсектен төмен болуы керек. Зондтың дұрыс салынғанын пробиркада сары түсті, сілтілі реакциялы сөл бөлінгеннен білеміз. Зондтың дұрыс қалыпта екенін текскру үшін шприц арқылы ауа жібереміз:егер зонд он екі елі ішекте болса, ауаның енгені ешқандай дыбыс бермейді, ал егер зонд асқазанда болса, ауа енгізгенде сырылдаған дыбыс естіледі. Дуоденальды зондтаудың әдетте дуоденеальді сөлдің 3 порциясы алынады. Бірінші порция(А порциясы) ,қалыпты жағдайда мөлдір, алтын сары түсті, құрамында өт, ұйқы безінің секреті және ішек сөлі бар. Бірінші порцияда асқазан сөлінің қоспасы болса, бұлыңғыр болады. Бірінші порцияны алғаннан кейін зонд арқылы өт қабын ынталандыратын 33% 25-40мл немесе 20 % 40-50мл магнии сульфат ертіндісі, 40% 30-40 мл глюкоза ертіндісі, 15-20 мл жылы өсімдік майын енгізеді. Кейде парентералды гармондық өт айдағыш заттар (петуитрин, холецистокинин). Ынталандырғыш затты енгізгеннен кейін 10-15 мин соң зонд арқылы екінші порция (B порциясы) шыға бастайды. В порциясы –өт қапшығындағы өт қоңыр немесе оливка түсті, ал өт іркілісінде-қою- жасыл түсті болады. Өт қапшығының консентрациялық қызметінің әлсіздігінде А және В порцияларының түсін ажырату қиын болады. Ондай кезде хроматикалық дуоденальды зондтау жүргізіледі: зерттеуге дейін 0,15г желатин капсуласындағы метелин көгін қабылдағаннан кейін өт қабының өті көк түске боялады. Кейбір ауруларда мысалы, өт жолын тас бітеп қалғанда В порциясы алынбайды. Өт қабының өті (орташа 30-60мл) шыққанан кейін зонд арқылы сарғыш түсті бауыр өті (С порциясы) бөлінеді. Алынған дуоденальді порцияларды микроскопиялық зерттеу арқылы өт қабының және өт жолдарының қабыну белгілерін, (лейеоциттер, эпителии клеткалары), түрлі бактериялар мен қарапайымдыларды анықтауға (мысалы лямблии), және өттің коллоидты жағдайының бұзылуын (холестериннің кристалдарының санының жоғарлауын ) анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет