«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Қант диабеті кезінде жүргізілетін мейірбике білуі қажет кейбір зерттеу тәсілдері



бет89/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
Қант диабеті кезінде жүргізілетін мейірбике білуі қажет кейбір зерттеу тәсілдері:


Глюкозаға беріктілік сынамасын жүргізу реті:

  1. Науқасқа ісшараның барысын түсіндіру.

  2. Зерттеу күнгі инъекциялар мен емдік шараларды жасамау.

  3. Таңертен аш қарынға қантқа қан алу.

  4. Ашқарынға, қан алғаннан кейін 2,5-5 сағаттан соң, дененің 1 кв. М 50 г есебінде глюкоза ішкізу.

  5. Содан кейін әрбір 30 минут сайын қантқа қан алу, 4 реттен кем болмауы керек жалпы уақыты 3 сағаттан кем емес.

  6. Науқсты тамақтандыру.

Зәрді глюкозуриялық профильге зерттеуге жүргізу реті:

  1. Науқасқа ісшараның барысын түсіндіру.

  2. Әдеттегі су-тағамдық және қимыл тәртіптерін сақтайтындығын, диуретиктерді қабылдамауын ұғындыру.

  3. Зәрді жинайтын ыдысты дайындау ережесін үйрету:

  • сыйымдылығы 500 немесе одан көбірек, қақпағы жабылатын сырттарында зәрді жинау мерзімі көрсетілген 3 таза шыны ыдыс дайындау: 8-14, 14-22, 22-8 сағаттары аралығында;

  • сыйымдылығы 200 қақпағы жабылатын 3 таза шыны ыдыс дайындау.

  • 8.00-де қуықты босату;

  • 8.00-14.00 аралығында бірінші, 14.00-ден 22.00-ге дейін-екінші, 22.00-ден келесі күнгі 8.00-дейін үшінші ыдысқа зәрді жинау;

  • әр ыдыстағы зәрдің иөлшерін анықтап, нәтижесін жолдамаға жазу;

  • үлкен ыдыстағы зәрді араластырып, сыйымдылығы 200 мл ыдысқа құйып алу;

Қалқанша бездің ауруларында негізгі зат алмасуының өзгеруіне байланысты, диффузды токсикалық зоб кезінде-дене қызуы көтеріледі, ал гипотиреозда-төмендейді. Бұл жағдайда дене қызуы аурудың ауырлық дәрежесін көрсететіндіктен, термометрияны күніне бірнеше рет жүргізген жөн. Гипотиреозбен сырқаттанатын науқастардың терісі дөрекі, қалыңдаған, тез құрғақтанатындықтан, арнайы жұмсартатын және қоректендіретін майларды қолдану арқылы оны мұқият күткен дұрыс. Диффузды токсикалық зоб кезінде көз алмасының шарасынан шығыуы кеиде конъюктива мен көздің мөлдір қабығының паталогиялық өзгеруіне әкелуі мүмкін. Сондықтан көзді фурациллин ерітіндісімен үнемі жуып,антибиотиктер мен витаминдер бар тамшыларды тамызып, көз майларын жағып отырған жөн.
Тиреотоксикалық криз диффузды токсикалық зобтың қауіпті асқынуы болып табылады. бул кезде барлық белгілер кушейеді коматозды жағдайға дейін жетуі мумкін. Санасы сақталған; сандырактаумен және галлюцинациямен өтетін психозға дейін қозу адинамиямен, булшық ет әлсіздігімен ауысады.Беті қатты қызарған, көздері кеңінен ашылған сирек кабақ қағады. Дене қызуы 40-41С деиін котерілген.Басылмайтын кұсу; тершендік терінің курғақтығымен ауысады; іш өту және іштегі ауырсыну. САҚ жоғарылыған ДАҚ төмендеген, тамыр cоғуы жиі, ырғақсыз, әлсіз толымды. Жедел жүрек жетіспеушілігі дамиды. Бауырдың үлкеюі және сарғаю болуы мүмкін. Кома дамиды. Тиреотоксикалық криздің белгілері пайда болғанда кортикостериодты заттар, йод препараттары, жүрек гликозиттері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет