Олигурия- тәуліктік диурездің 500 мл-ге дейін азаюы. Жедел және созылмалы гломерулонефрит, токсикалық бүйрек, бүйрек коликасы, іш қуысы мен кіші құрсақтағы ісіктер және т.б. кезінде болуы мүмкін.
Анурия –зәрдің күрт азаюы (тәуліктік диурез 200 мл-ден аз) немесе толық тоқтауы. Аурудың ауыр, болжамдық жағымсыз ағымын сипаттайды (науқастың өлімімен аяқталуы мүмкін).
Ишурия – қуықты босату мүмкін болмау салдарынан несептің кідіруі.
Полиурия – тәуліктік диурездің 200 мл-ден артық болуы, көбінесе шөлдеумен және сұйықтықты көп ішумен бірге өтеді. Тек бүйрек ауруларында ғана емес, басқа да аурулар кезінде болады. Мысалы, қант және қантты емес диабет кезінде науқас тәулігіне бірнеше литр несеп шығаруы мүмкін.
Поллакиурия –жиі, тәулігіне 6-7 реттен көп несеп шығару. Көбінесе қуықтың қабынуы, қуық асты безінің аденомасы, сондай ақ полиуриямен өтетін аурулар кезінде кездеседі.
Никтурия –түнгі зәр шығару,бүл кезде зәрдін коп мөлшері күндіз емес түнде шығарылады-бүйрек ауруынын алғашқы белгілерінін бірі,әсіресе егде адамдарда.
Энурез-зәрдін тұрмауы. Егде тартқан ер адамдарда бұл қуық асты безі аденомасынын көрінісі болуы мүмкін.
Странгурия-ауырсынулы несеп шығару,жедел циститтер мен уротриттер кезінде болады. зуды
Бүйрек аурулары кезінде дамитын шұғыл жағдайлардың қатарына бүйрек тас ауруының жиі белгісі болып табылатын бүйрек коликасы жатады.Несеп шығуының күрт бұзылуы бүйрек қуысындағы қысымның көтерілуіне, бүйрек капсуласының керілуіне және ауырсыну ұстамасының пайда болуына әкеледі.Бел тұсы жедел ауырсынып, несеп жолымен шаш аймағына және жыныс мүшелеріне беріледі,жиі дизуриялық бұзылулармен және макрогематуриямен ,ал кейде рефлекторлы локсумен және құсумен,қызудың көтерілуімен өтеді. Бүйрек коликасы кезінде науқастартынымсыз болады, ыңғайлы қалып татқысы келеді.Алғашқы көмек: жылуды (бел аймағына басқы қоө немесе ыстық ванна қолдану, судың қызуы 38-39 С, ұзақтығы 10- 20минут) қолдану. Сонымен қатар, спазмолитиктер, анальгетиктер, хонолитиктер инъекциясын жасау.
Несеп кідіргенде шұғыл көмек: қуықтан несепті тезірек шығару. Жыныс мүшелерін жылы сумен шаю, шат үстіне басқы қою, прозеринді тері астына енгізу арқылы несептің өз еркімен шығуына мүмкіндік жасап көруге болады. Егер бұл шаралар нәтижесіз болса, онда қуықты катетерлейді.
Артериалъды гипертензия бүйрек ауруларының жиі белгісі болып табылады. Ол анықталғанда АҚ жүйелі бақыланады, ас тұзы шектеледі, гипотензивті препараттар зәр айдағыш препараттар зәр айдағыш препараттармен бірге тағайындалады.
Бүйрек аурулары кезінде ісінулер де жиі кездеседі. Бос тері асты шел қабаты көбірек аймақтарда ( мыс: қабақтарда ) орналасу бүйрек аурулары кезіндегі ісінулерге тән сипат болып табылады.Ісінулердің көбею кезеңі олигуриямен өтеді.Бүйрек ауруларында науқастарда ісінулер болса жүрек жетіспеушілігі кезіндегі сияқты, қабылданған сұйықтықтың мөлшерімен шығарған зәрдің көлемі ( диурез) арасындағы қатынасты күнделікті есептеп отыру керек. Бұл кезде тамақтану рационында тұздың мөлшері тәулігіне 1- 3 гр дейін шектеледі.Ісінулер динамикасын бағалау үшін үнемі науқастарды өлшеп отыру керек. Жедел бүйрек жетіспеушілігі нефротоксикалық улармен улану, бүйректен зәрдің шығуының бұзылуы салдарынан, шок кезінде п.б.
Сана сезмнің бұзылуымен, жүрек қан тамыр жетіспеушілігінің белгілерімен, құсумен, олигуриямен өтеді және кейде науқастың өліміне әкелуі мүмкін.Бұл кезде гемодиализ, асқазанды жуу, шоққа қарсы шаралар қолданылады. Созылмалы бүйрек
Жетіспеушілігі бүйрек ауруларымен ұзақ уақыт ауру нәтижесінде п.б. және бүйректің концентрациялық кызметінің біртіндеп төмендеуімен сипатталады. Мұндай науқастырды бақылау және күту кезінде тамақтану рационында белокты тәулігіне 30-40 гр дейін азайтады, ас тұзын шектейді. Бүйрек ауруларымен ауратың науқастардың күтіміне шығарылған зәрдің мөлшері мен сипатының өзгеруін бақылау ерекше орын алады.Медқызметкер диурезді күнделікті анықтап, температуралық параққа цифр(мл ) түрінде жазып отыруы керек.Бұл науқастың барлық қабылданатың сұйқтық және енгізілген сұйық дәрілер есептеледі науқасты күткенде көніл бөлу қажет етеді, зәрі тұрмайтын науқастардың төсек орындарын қадағалау клеенкамен жауып үстіне жаялық төсеп немесе егде адамдарға арналған памперстермен қамтамасыз ету. Терісін абайлап жуып кремдерді қолданып , Ойылу болмас үшін алдын алу шараларын жүргізу.Зәрдің жалпы анализі үшін оның тәнертенгілік порциясы қолданылады, ол жыныс мүшелерін мүқият жуғаннан кейін алынады.
Зәрді 100 – 200 мл мөлшерде құрғақ таза шыны ыдысқа жинайды 1 сағаттың ішінде зертханаға жеткізеді. Тез арада зерттеу мүмкін болмаса оны салқын жерде консервант (мыс; формальдигид) қосып сақтайды.Ауыр хәлдегі науқастарда және әйелдердің етек кірі кезінде зәрді тексеруге катетермен алады . Жалпы анализі кезінде оның түсін, мөлдірлігін, иісін, реакциясын салыстырмалы тығыздығын бағалау арқылы бүйректің концентрациялық қызметін анықтайды.( Зимницкий сынағы ) Зәрдің химиялық анализі кезінде белок, қант, кетондық заттар. Билирубин мен уробилиндік заттар минерал заттар анықталады. Тұнбаның микроскопиясы жүргізіледі оның құраушылары эритроциттер, лейкоциттер цилиндрлер эпителий клеткалары, кристалдар мен тұздардың аморфтық түрлері.
Зәрдегі элементтердің санын анықтау әдістеріне Каковский-Аддис,Ночипопенко,Амбюрже бойынша зерттеу т2с3лдер3 жатады.Каковский-Аддис бойынше тексеру кезінде зәрді тәулік бойы жеке ыдысқа жинайды да шығарылған формалық элементтерді санайды.Формалық элементтердің бұзылуына әкелетін микроорганизмдердің ыдырауын,реакцияның сілтілік жаққа болдырмас үшін несепке консервант қосады да (4-5 тамшы формалъдегид немесе 10мл карбол қышқылы)тоңазтқышта сақтайды.Егер бұл жағдайларды сақтау мүмкін болмаса зәрді 10сағаттық кезеңде жинайды.Бұл үшін науқас сағат 22-қуығын босатады,бұл зәрді төгіп тастайды.Келесі 10сағат бойы науқас кіші дәретке отырмайды,содан кейін таңертең сағат сегізде барлық зәрді жинап алады да зертханаға жібереді.Зәрдің барлық мөлшерінен 12минутта алынған порциясын алады.Нечипоренко әдісі анағұрлым жиі қолданылады,өйткені ол неғұрлым қарапайым,анализ үшін таңертеңгілік несептің ортаңғы порциясы алынады.Бұл кезде 1мл зәрдегі формалық элементтер мөлшері саналады. Амбюрже әдісі бойынша үш сағаттық несеп жиналады,ал формалық элементтер 1минутта шығарылған зәр мөлшеріне саналады.