«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет91/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Көрсетілетін көмек: Улы заттардың ағзаға әсерін тоқтату және оны ағзадан шығару.
1. Егер ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
2. Ингаляциялық улануларда, мысалы иісті газбен, зардап шекке адамды таза ауаға шығарады. Қысып тұрған киімдерін шешіп, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, оттегімен ингаляция жүргізеді. Ары қарайғы ем улы заттың түріне байланысты жүргізіледі.
3. Улы заттар теріге түскенде оны таза ағынды сумен жуады. Уытты жыландар шаққанда жарадан алғашқы қан тамшыларын сығады да шаққан жерге суық қояды, жыланға қарсы суды енгізеді.
4. Улы заттар қынапқа, қуыққа, тік ішекке түскенде оларды спирттеу, катетер, клизма арқылы жуу жүргізіледі.
5. Дәрілік заттардың уытты мөлшерінің инъекциясында 6-8 сағатқа жергілікті суық қою, инъекция жасалынған жерге 0,1% 0,5-1 мл адреналин енгізіледі.
6. Қан айналымына түскен улы заттар жасанды детоксикация әдістерімен шығарылады:
А) Форсирленген диурез ағзаға түскен улы заттар бүйрек арқылы шығарылатын кезде жүргізіледі. Алдымен көк тамырға тамшылатып 1-1,5 л мөлшерінде 5 глюкоза ерітіндісін, полиглюкин, реополиглюкин құяды. Соның есебінен айналымдағы қан көлемі артып, улы заттардың қандағы концентрациясы төмендейді. Содан кейін зәр айдағыштарды қолданады және су-электролиттік байланысты реттейді.
Б) Гемодиализ жасанды бүйрек аппаратын қолданумен Диализатордың мембранасы арқылы өте алатын улармен уланғанда қолдануға болады. Форсирленген диурезден әсерлілігі 5-6 есе артық.
В) Перитонеалды диализ – арнайы ерітіндімен іш қуысын жуу арқылы ағзаны бүйректен тыс тазалау тәсілі. 1,5-2 л арнайы сұйықтықты фистула арқылы іш қуысына енгізеді және әр 30 минут сайын оны ауыстырып отырады. Бұл әдіс майлы тіндерде жиналуға немесе плазма белоктарымен тығыз байланысуға бейім уларды тезірек шығару үшін қолайлы.
Г) Гемосорбция – сорбенті бар арнайы бағана арқылы зардап шеккен адамның қанын сүзу тәсілі.
Улануларды емдеуде уға қарсы зат - әртүрлі жолмен улы заттарды залалсыздайтын (уларды сіңіреді, олармен бірігіп белсенді емес комплекс түзеді және т.б.) дәрілік заттар қолданылады. Мысалы, фосфорорганикалық қосындылармен уланғанда уңа қарсы зат антидот ретінде антропин мен дипироксим, есірткі заттармен уланғанда-налорфин, сынап және қорғасын қосындыларымен уланғанда-натрий тиосульфаты, мышъякпен уланғанда және жүрек гликозидтерінің артық мөлшерінде унитиол, уытты жыландар шаққанда-жыланға қарсы арнайы сары сулар пайдаланылады.
Барлық улануларды тыныс пен жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін демеуге бағытталған симптоматикалық ем жургізеді. Мысалы, этил спиртімен уланған кездегі тыныстың бұзылуында кордиамин мен кофейн инъекциясы қолданылады. Иісті газбен уланғанда оксигенотерапия жақсы әсер етеді. Есіркі заттармен, барбитураттармен, фосфорорганикалық қосындыларымен уланған науқастардың емінде өкпені жасанды желдету аппаратын қолдану арқылы жасанды дем беру көрсетілген. Тынысты деиеу мақсатында тыныс орталығын қоздыратын заттар (лобелин, цититон,) енгізіледі. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінің емінде жүрек гликозитері, адренали, нораденалин , мезатон, картикостериодты гормондар, айналымдағы қан көлемін арттыру мақсатында қан алмастырушылар көк тамырға тамшылатып құйылады. Ауырсынулармен, және ауысыну шокпен күресу үшін анальгетиктер, наркотикалық заттар, новокайнды блокаде қолданылады. Қышқыл сілтілермен уланғанда болатын қатты айырсынуды басу мақсатында морфин антропинмен тағайындалады. Тырысуларды емдеу мақсатында тырысуға қарсы заттар (2-4 мл 0,5 % седуксен к-т) енгізіледі. Жедел бүйрек және бауыр жетіспеушілігінің емі, қышқыл-сілтілік жағдайды реттеу жүргізіледі (5% глюкоза, 4% сода ертіндісін, витаминдерді және тамшылатып құю).
Шұғыл медициналық көмек көрсеткеннен кейін болуы ықтимал асқынулардың алдын алу үшін антибиотиктер және жалпы күшейтетін ем тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет