«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет94/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Коникотомия. Трахеостомия

Науқас шалқасынан жатыр, иық тұсына валик қойылған. Басы шалқайтылған, астыңғы жақ сүйегі көтерілген. Жедел асфиксия кезінде анестезиясыз жүргізіледі, қалған жағдайда моынның алдыңғы жағының терісі новокаиннің 0,5%-2% ерітіндісімен жансыздандырылады. Теріні өңдегенне кейін көмекей қалқанша шеміршектің бүйір жақтарына бекітіледі және қалқанша жүзік тәрізді мембрана сезіледі. Оны кесу немесе тесу жүргізіледі, тесікке трахеостом канюлясы немесе кез келген түтік енгізіледі де мойынға бекітіледі.


Тыныс жолдарының өткізгіштігі қалқанша жүзік тәрізді мембранаға 2-1 жуан инені кіргізу арқылы қалпына келуі мүмкін (Дюфо инесі немесе дифузиялық жүйенің инесі). Инелер трахеяның өсуіне сүйір бұрышпен 1,5-2 см тереңдікке енгізіледі.


ӨЖЖ-ге тән қателіктер мен асқынулар



  • Реаниматор мен науқас арасында бүтіндіктің болмауы.

  • Тілдің түсіп кетуі.

  • Ауаны асқазанға үрлеу (ішті басуға болмайды, оның ішіндегісі тыныс жолдарына түсуі мүмкін)

Егер тыныс жолдары ашылса, онда С кезеңі жүргізіледі – ұйқы артериясында тамыр соғуы анықталады. Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты көмекейдің ортаңғы бөлігіне қойыңыз да мойынның сізге жақын жағындағы төс-бұғана-емізік бұлшық еттің алдыңғы шетіне дейін жүргізіңіз. Тамыр соғуы 5-10 секунд бойы, тек оның бар екендігі ғана анықталады. Егер тамыр соғуы болмаса, жүректің тікелей массажына көшіңіз.
Клиникалық өлімнің белгілері:

  1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының бол -мауы.

  2. Көз қарашығының кеңеюі, жарыққа реакция -сының болмауы.

  3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс алу.

  4. Естен тану.

  5. Қоңыр-сұр түске ену.

Алғашқы үшеуі анық белгісі болып табылады, бір секундта тоспай, реанимацияны бастау керек.
Тыныс алу мен қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру науқасты терминальды күйден шығаруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет