«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Гипогликимиялық комада көрсетілетін көмек



бет88/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Гипогликимиялық комада көрсетілетін көмек Науқас есінен танбаса:
- тәтті шай, 6ір қасық бал, қант беру, және қалауына қарап тамақтандыру
Науқас есінен танып қалса:

  • дәрігерге хабарлау және оның тағайындауымен к\т 40% глюкоза енгізу.

Есін жинағаннан кейін:

  • науқасты тамақтандыру;

  • науқасқа немесе оның туыстарына инсулинді енгізу ережелерін үйрету.

Диабеттік кетоацитоз: ОЖЖ бұзылуы болады, әлсіздік, бас ауруы, алдымен қозу содан кейін ұйқышылдық байқалады, құсу, шулы тыныс пайда болады. Науқас есінен танады. Терісі қызғылт, құрғақ, артериялық қысым төмен, тамыр соғуы жиі, әлсіз толымды, бұлшық ет тонусы нашар, көз алмалары жқмсақ. Тыныс шығарғанда ацетон иісі сезіледі. Зәрде көп мөлшерде қанттан басқа ацетон анықталады.
Кетоацитоз кезіндегі мейірбикенің іс-әрекеті: дәрігер шақыру немесе мамандандырылған бөлімшелерге жатқызу. Бөлімшеде оған инсулин мөлшері таңдап алынады, гликемияны бақылау арқылы инсулин дозасы бөліп – бөліп енгізіледі. Гипогликемияның дамуын болдырмау үшін натрий гидрокарбонатының 4% ерітіндісі, сондай-ақ симптоматикалық заттар к-т тамшылатып енгізіледі. Гипогликемия кезінде команы болдырмау үшін науқасқа бір үзім нан немесе 2 кесе қант, бір стакан тәтті шай берсе жеткілікті. Егер науқас комада болса, онда оған к-т ағынмен 40 30-60-90 мл глюкоза енгізіледі. Комадан шығарғаннан кейін міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.
Гипергликемиялық комада көрсетілетін көмек

  1. Дереу дәрігкерді шақыру

  2. Дәрігердің тағайындауымен инсулинді, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін енгізу.

  3. Науқастың жалпы жағдайын бақылау, тамыр соғуы мен қан қысымын қадағалау.

  4. Екіншілік инфекцияның алдын алу мақсатында терісі мен шырышты қабаттардың күтімін жүргізу.

  5. Ары қарай емін жалғастыру үшін науқасты реанимациялық бөлімшеге тасымалдау.

Инсулинді енгізу ережесі. Инсулин тамаққа дейін 15-20 минут бұрын тері астына енгізіледі. Тері асты шел қабатының липодистрофиясын болдырмау мақсатында енгізетін жерлер ауыстырылып отырады. Инсулин халықаралық бірлікте мөлшерленеді, 5 және 10 мл – ден флакондарда (1 мл ерітіндіде 40 бірлік болады), сондай – ақ 1,5 және 3 мл-ден шприц қаламдарға арналған арнайы картридждарда шығарылады. Инсулиннің қажетті мөлшері, 1 бірлік инсулин 2-ден 5 г дейін глюкозаны сіндіретінін ескере отырып, қандағы қант мөлшеріне қарай есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет