«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет95/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Биологиялық өлімнің белгілері:

  1. Көздің мөлдір қабығының бұлдырлануы, көз алмасының жұмсаруы.

  2. Дене қызуының қоршаған ортаның температурасына дейін төмендеуі.

  3. Мәіт дақтары.

  4. Мәіттің сіресіп қалуы.

Жүрек өкпелік реанимацияның қарсы көрсеткіштері:

  1. Биологиялық өлім жағдайы.

  2. Реанимациялық шаралар жүргізудің сәйкессіздігі (ұзақ созылмалы ауру, созылыңқы жанталасқан жағдай, ағза мен жүйелердің қызметтерін қалпына келтірудің мүмкін болмауы)

Іс-әрекеттің реті:

  1. Сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының бар жоғын анықтау үшін науқасты иығынан ұстап сілкілеп, айғайлап бірдеме сұраңыз. Омыртқаның зақымдану мүмкіндігін ескере отырып, қатты қозғалыстар жасамаңыз.

  2. Науқасты қатты жерге арқасына жатқызыңыз, кеудесін жалаңаштаңыз.

  3. Сафардың үш тәсілімен тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіріңіз, омыртқаның мертігуіне күдіктену болғанда тек астыңғы жақ сүйекті тартуды және ауызды ашуды ғана орындаңыз (басты шалқайту жүргізілмейд)і. Ауыз қуысын тазартыңыз.

  4. Тыныс алудың бар екендігін “kөремін”, “естимін”, “сеземін” тәсілдері арқылы анықталады. Науқастың кеудесі қозғалама жоқпа соны бақылай отырып, оның аузының үстіне құлағыңызды орналастырыңыз. Көзбен және құлақпен 3-5 секунд бойы тыныс алуды анықтап көріңіз.

  5. Егер тыныс салу анықталмаса, екі рет тыныс алдырыңыз: науқастың мұрнын үлкен және сұқ саусақпен қысып тұрып, аузыңызды оның аузына тигізіп, кеуде клеткасының көтерілуін бақылай отырып, 1-1,5 шығуына мүмкіндік беріңіз. Содан кейін тағы бір рет тыныс алдырыңыз.

  6. Өзіңізге жақын жақтан 15 секундтан кем емес уақыт бойы ұйқы артериясындағы тамыр соғуын тексеріңіз.

  7. Егер ұйқы артериясында тамыр соғуы болмаса, жүрек-өкпелік реанимация жасаңыз.



ЖӨР бір құтқарушымен

  1. Құтқарушының саусақтары төс шеміршегіне қарай қабырға доғасымен жылжиды. Бір қолдың алақанының проксимальды бөлігін төс шеміршегінен екі көлденең саусақ мөлшерінде жоғары орналастырыңыз. Басқа қолдың алақанының проксимальды бөлігін бірінші қолдың үстіне қойыңыз.

  2. Дене салмағы түсу үшін құтқарушы иығы компрессия түсетін жерге қатаң түрде вертикальды болатындай орналасады.

  3. Төсті 3-5 см майыстырып вертикальды төмен басыңыз. Массаж ырғағын сақтаған жөн, бұл үшін “и-1, и-2, и-3, и-4, и-5, и т.б.” деп, дауыстап санайды.

  4. Үлкендер мен 8 жастан асқан балаларға компрессия минутына 80-100 рет есебімен жүргізіледі, кішкене жастағы балаларға-минутына 100 реттен кем емес болмауы керек.

  5. Қолдар төстен алынбайды, науқастың қалпы өзгертілмейді.

  6. 15 компрессия жасаңыз

  7. 1 толық тыныс алу мен тыныс щығару жасаңыз

  8. Тыныс алу мен компрессияның қатынасы 2:15

  9. ЖӨР – ң 4 кешенін жасап, реанимацияның нәтижелілігін бағалаңыз.

  10. Егер реанимациялық шаралар нәтижелі болса, көмек келгенше, 30 минут бойы, реанимациялық шараларды жалғастырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет