6. Санитарлық-эпидемияға қарсы режим. Емшара кабинетіндегі мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру. Санитариялық-эпидемияға қарсы режим – аурухана ішінде жұқпалы аурудың таралмауын қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жиынтығы. Осы тәртіпті қамтитын іс-шаралар жиынтығы – асептика мен антисептика.
Асептика – Науқастың ағзасынан микроорганизмдерден қорғау және оларды алдын алуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Антисептика – жарада немесе денедегі микроорганизмдерді және олардың спораларын жоюға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Екі түрі: профилактикалық – микроорганизмдерді жараға, денеге жұқтырмау, алдын лау. Емдік антисептика: механикалық, физикалық, химиялық, аралас, биологиялық.
Механикалық – биологиялық сұйықтықтарды, қалдықтарды, өлі тіндерді көп мөлшерде арнайы сұйықтықпен жуу, тазалау.
Физикалық – кварцтау, ультра күлгін сәулелеу, гипертонялық ерітінділер, дренаждау.
Химиялық – микробтарға қарсы дәрілік препараттарды енгізу. Дәрілік заттарды антисептиктер деп атайды. Этил спирті, йод, перекись водорода, калий перманганаты, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі.
Биологиялық – сарысулар, антибиотиктер, вакциналарды қолдану.
Аралас – антисептиканың бірнеше түрін қолдану.
Дезинфекция – зарарсыздандыру, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын алдын алу, жою. Екі түрі: ошақты, профилактикалық.
Тәсілдері:
Механикалық – бөлмені желдету, шаңды ылғалды шүберекпен сүрту, жуу, тазалау.
Физикалық – ультра күлгін сәулелері, кептіру, өрттеу, қайнату, су буының қысымымен әсер ету.
Химиялық – патогенді микробтарды химиялық заттармен жою.