«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ФГДС) дайындау және мақсаты



бет102/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   110
Байланысты:
КК диф зачет (2) (2)

35. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ФГДС) дайындау және мақсаты.

ФГДС (фиброгастродуоденоскопия) – фиброгастроскоп арқылы өңеш,

асқазан,12 елі ішектің шырышты қабаттары зерттелінеді.



Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету,

өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.



Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, Дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4.Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5.Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

6.Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопия-лық кабинетіне ертіп апарыңыз.

8.Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жүту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.

Ескерту:

- тері астына премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.
36. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ректороманоскопия) дайындау және мақсаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет