Науқастың шашын жуу
Шашты күнделікті тарап және аптасына 1 рет жуып, қарап отыру керек. Ыдысты науқастың бас жағына төсекке қояды. Науқастың мойнына клеенка төсеп, науқастың басын көтеріңкіреп, шалқайту керек. Басына жылы су құйып, сабындап жуады. Орамалмен сүртіп, құрғатып, тарау керек.
Науқастың астын жуу.
Керекті құралдар: әлсіз калий перманганаты қосылған шыны жылы су (30-35 ) , клеенка, корнцанг, қолғап, әдейі ыдыс және салфетка. Науқасты арқасымен жатқызып; аяқты екі жаққа сәл ашып, тізені бүгу керек. Астына клеенканы төсеп, оның үстіне әдейі ыдысты қояды. Науқастың оң жағына тұрып, сол қолмен ыдысты ұстап, ал салфетка мен корнцагты оң қолда ұстау керек, жыныс мүшелеріне антисептикалық сұйықтықты құйып, артына қарай салфеткамен сүртіп отырыңыз. Теріні толығымен құрғатып, ыдыс пен клеенканы алып тастау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |