«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


кезең. 15 минуттан кейін шприцтер мен итергіштерді осы суда тікенекті жуғышпен жуалы, ал инелерді мандренмен тазалайды. 4 кезең



бет37/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   110
3 кезең. 15 минуттан кейін шприцтер мен итергіштерді осы суда тікенекті жуғышпен жуалы, ал инелерді мандренмен тазалайды.

4 кезең. Шприцтермен инелерді жуғыш ерітіндіде механиқалық өңдегеннен кейін кұбырдан ағып жатқан салқын судың астында жуады. Бұл этаптын ұзақтығы колданған жуғыш ерітіндінің құрамына байланысты. Жуғыш ерітіндіде «Биолот» ұнтағы болса - 6 минут, «Прогресс» ұнтағы болса -5-6 минут, «Астра», «Лотос» және т.б. - 10 минут.

Сынама өткізу. Көп реттік қолдануға арналған кұралдарды стерильдеуге дейінгі тазалау кезінде көзге көрінбейтін қан қалдықтарын тексеру үшін бензидин, амидопирин немесе ортотолуидин сынамалары (орталық стерильдеу бөлімінде күнделікті, дәрі егу бөлмесінде аптасына 1 рет) өткізіледі. Бұл сынамалар көзге көрінбейтін қан қалдықтарын анықтайды, яғни шприцтер мен инелерді стерильдеу алдындағы тазалау сапасын көрсетеді. Бензидин сынағын өткізу үшін алдын ала, 2 сағат бұрын реактив дайындайды: стерильді мензуркаға бірнеше бензидин кристалдарын салады, 50 % 2 мл сірке кышкылын жэне 3 % 2 мл сутегі асқын тотығын кұяды. Амидопирин немесе ортотолуидин сынамасы үшін реактивті аурухананың дәріханасы дайындайды. Тамшылатқышпен шприцтің инесі мен цилиндрге реактивті тамызады және оны инеден өткізеді. Егер шприцте немесе инеде стерильдеуге дейінгі тазалаудан кейін қан сақталып қалса, реактив дереу ашық-жасыл түске енеді (сынақ оң). 2 минуттан кейін реактив түсінің өзгеруі оң сынақ болып есептелмейді. Оң амидопирин немесе ортотолуидин сынамаларында реактив көкшіл - жасыл түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 2, 3 және 4 кезеңдерін кайталау керек. Сынақ теріс болған кезде 5 кезеңге көшеді. Фенолфталеин сынағының көмегімен шприцтер жуғыш ерітінділерден калай тазаланғандығын анықтауға болады: жуылған шприцтің бөліктерін 1 % фенолфталеин ерітіндісіне малынған мақтамен сүртеді. Жуғыш заттың қалдықтары бар болса 30 секунд ішінде ол көк-күлгін түске енеді.

Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 4 кезеңін кайталау керек. Жуғыш зат ретінде «Биолот» немесе «Прогресс» ұнтағы қолданылған болса фенолфталеин сынағы өткізілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет