«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Осы зерттеу әдістеріне қарсы көрсеткіштер



бет97/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   110
Осы зерттеу әдістеріне қарсы көрсеткіштер: бауырдың ауыр зақымдануы, бауырдың және өт жолдарының жедел қабыну аурулары, қалқанша безінің гиперфункциясы, құрамында йод бар препараттарға жеке төзімсіздік.

Пациентті пероральді холецистографиға дайындау.

1. Өзіңізді науқаспен таныстырыңыз, процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасты психологиялық тұрғыдан дайындаңыз. Пациенттің осы зерттеуге келісім бергендігін тексеріңіз

2. Зерттеуден 3 күн бұрын газ түзілуін болдырмайтын диета тағайындаңыз (көкөністер, жемістер, сүт, ашытқы өнімдері, қара нан, жеміс шырындарын қабылдауға болмайды), рұқсат етілген тағамдар: желе, ботқа, сорпа, омлет, балық, қайнатылған ет.

3. Іштің метеоризмі кезінде 3 күн ішінде түймедақ отварын тағайындайды (1 ас қасық : стакан қайнаған суға) немесе майлы іш жүргізетін дәрілер қолданылады.

4. сағат 20.00-де бөлме температурасында 2 сағат аралықпен 1,5 литр судың 2 тазартқыш клизмасын салыңыз, зерттеуден 2 сағат бұрын таңертең - дәл осылай 2 тазарту клизмалары 1 сағат аралығымен қолданылады.

5. Зерттеуден бір күн бұрын кешкі 19.00-ден асырмай кешкі ас қабылдау қажет, пациентке процедіра аш қарынға жүретіндігін ескерту қажет.

6. рентгеноконтрастты препаратты кешке (20.00) ішке 1 сағат бойы тұрақты уақыт аралығында қабылдап, тәтті шай ішу керек. Өт қабындағы препараттың максималды концентрациясы оны қабылдағаннан кейін 15-17 сағаттан кейін. Келесі тамақтануға және дәрі-дәрмектер қабыдауға тыйым салынады; Оң жақта ұйықтаған жөн;

7. Науқасты белгіленген уақытта рентген бөлмесіне апарыңыз.

Рентген бөлмесінде жалпы суреттер түсіріледі, кейін науқас өт жүргізетін таңғы ас ішеді (2 жұмыртқаның сарысы, сорбит 20 г). Суреттер сериясы таңғы астан кейін 20, 30, 45 минуттан кейін, содан кейін 20 минуттан кейін 2 сағат ішінде түсіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет