Пероральды холецистография – пациент рентгеноконтрастты затты(холевид, билимин, йопагност) ішке ауыз арқылы қабылдағанда қолданылатын рентгенологиялық әдіс. Оның концентрациясы өз максимумына 10-15 сағаттан кейін жетеді.
Тамырішілік холецистография -бауырдың құрамында йод бар контрастты заттарды өтпен бөлу қабілетіне негізделген. Парентеральды жолмен енгізгендіктен, өт қабының рентгенологиялық суретін алуға болады. Рентгеноконтрастты зат тамыр ішіне енгізіледі, оның арқасында 2-2,5 сағаттан кейін суретте өт қабын көруге болады.