Іс-әрекет алгоритмі: Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.
Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.
Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.
Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).
Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.
Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Шашты жылы 6% сірке су қышқылыерітіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.
Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.
Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.
Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.
Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).
Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.
СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.
Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.
Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.