МейіріМ МейраМы
Құрбан айт мүбәрак болсын!
№39 (1274) 23 қыркүйек
2015 жыл, сәрсенбі
www.z-taraz.kz
6 - 7 -
Әлемдік деңгейде мәртебесі биік, бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім
мерекесі саналатын Құрбан айт - барша мұсылман қауымына ортақ ұлық
мейрам. Ертең - сол қасиетті мерекенің бірінші күні.
Абайды оқып, ән
салды...
Ақынның 170 жылдығына орай
өзге ұлт өкілдері арасында қалалық
«Абай оқулары» байқауы өтті.
9-бет.
Тілектер тоғысқан келелі
кеңес
Жасы 50-ден асқан әйелдерді
жұмыспен қамту мәселесі назарға
алынбақ.
5-бет.
Құрметті
тараздықтар!
Құрметті мұсылман бау-
ырлар, қымбатты отанда-
стар!
Баршаңызды Құрбан айт
мейрамымен шын жүректен
құттықтаймын!
Құрбан айт мұсылман
елдерінде үлкен той
дәрежесінде өтеді және
ол демалыс күндері болып
қалыптасқан. Бұл күні күллі
мұсылман қауымы ұлттың
ғасырлар бойы қалыптасқан
рухани құндылықтары -
мейірімділік,туысқа деген ма-
хаббат, қайырымдылық және
үміт сезімдерін бөлісе біледі.
Толеранттық, діни
нанымға деген құрмет-
біздің мемлекетте
конфессияаралық келісім
негізі. Адамгершілік, өзара
түсіністік, сабырлық сияқты
құндылықтар-мемлекеттің
бейбітшілік пен тұрақтылық
кепілі.
Бүгінде Қазақстан эконо-
мика, саяси және әлеуметтік
салаларында дамудың
жетістіктеріне қол жеткізді.
Алда жоғары мақсаттар тұр.
Әлемнің өркениетті елдерінің
қатарына ену мақсатымыз
болашақта рухани келісім мен
бірлікті сақтай білгенде ғана
жүзеге асырылады.
Құрбан айт, Рожде-
ство мейрамы Қазақстан
Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың ба-
стамасымен демалыс күндері
болып жарияланды. Бұның
өзі Қазақстанда мекендеген
әртүрлі дін өкілдерінің на-
нымдарына деген құрметтің
куәсі.
Елімізде әрқашан
бейбітшілік пен келісім орнап,
тәуелсіз еліміздің мәртебесі
Құрметті Тараз
қаласының
тұрғындары!
Қазақ хандығының
550 жылдығына орай
Тараз қаласында арнайы
ұйымдастыру штабы
құрылған. Штаб Тараз
қаласы әкімдігінің 301 іс-
бөлмесінде орналасқан.
(Сүлейменов көшесі, №3).
Байланыс телефон/
факсы: 45-74-65.
қала-қарбалас
2
// «ЖАмБыл - ТАрАз» // №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк 2015 Жыл //
Республика бойынша жоғары оқу орындары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығын
алғашқылардың бірі болып Тараз мемлекеттік педагогикалық институты сән-салтанатымен
тойлады.
өРкениеТТі ел көші
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Шараға облыс әкімінің орынбасары
Ерқанат Манжуов, қалалық мәслихаттың де-
путаты Қаржаубай Бекбосынов, Тараз қаласы
әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Кенжебек
Олжабаев, мәдениет қайраткері, ақын Қайырбек
Асанов және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле
Жанпейісова қатысты.
Салтанатты жиынның ашылу салтанатында сөз
сөйлеген институт ректоры Дария Қожамжарова
аталмыш шараның мән-маңызына тоқталып өтті.
Той басталды!
Суретті түсірген А.Рысмахан
-Халқымызда «Өткенін еске алған - өскендіктің
белгісі, өткенін ұмытқан - өшкендіктің белгісі»
деген ұлағатты сөз бар. Қазақ хандығының тойы
ең алдымен, ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын,
тамыры терең тарихымызды түгендейтін той болмақ.
Бұл дата қарсаңындағы қандай да бір іс-шараның
өскелең жас ұрпақ үшін берер тәлімі мен тәрбиесі
зор. Тарихты терең білуге деген құлшыныс терең
құрметтен туатынын ескерсек, осы мерекеден алатын
тарихи тағылымымыз әрбір жас ұрпақтың көңіліне
отаншылдық сезімін ұялатсын. Бүгінгі мереке «Менің
Қазақстаным» дейтін ұрпақ тәрбиелеу үшін аса керек
деп ойлаймын,- деп атап өтті.
Ашылу салтанатынан соң облыс әкімінің орын-
басары Ерқанат Манжуов пен институт ректоры
Дария Қожамжарова бастаған 550 адамнан тұратын
шерушілер Төле би даңғылының бойымен ұрандатып
институттың екінші оқу корпусына беттеді. Мұнда
шара барысы театрландырылған көрініске ұласты.
Мерекелік қойылым қазақ елінің үш мың жылдық
тарихы мен қазіргі заманауи келбетін тарихи тұлғалар
арқылы сахналады. Әр тұлға арқылы еліміздің халық
болып дамыған, ұлт болып қалыптасқан тарихи
кезеңдерді тақырыпқа сай безендірілген жылжыма-
лы қойылымда ашуға тырысты. Театрландырылған
көрініс ән-күй, жыр-терме, хореография мен хор
секілді жанрлар арқылы қамтылып, өз үйлесімін
тауып отырды. Мәселен, қойылым Тұмар ананың
кейінгі ұрпаққа қалдырған ел мен жер туралы өнегелі
өсиеті мен тілегі арқылы бастау алды. Мұнан соң мың
бұралған бишілер Ұлы Жібек жолы туралы үйлесімін
тапқан ырғақты қимылдары арқылы көрермендерге
жеткізуге тырысты. Сонымен қатар қойылымда
Жәнібек пен Керей хандардың Есен бұғаға келіп
хандық құру үшін жер сұрап, бата алып кетуі мен
Абылай ханның үш жүзді біріктіргені баяндалды.
Сондай-ақ қазақтың мәдениетін айшықтайтын Біржан
сал мен Сараның айтысынан үзінді көрсетіліп, Хәкім
Абайдың өлеңдері оқылды. Адамзат тарихында
өшпес орын алған екінші дүниежүзілік соғыста ерен
ерліктерімен танылған батыр Бауыржан Момышұлының
патриоттық және ұлттық рух тұрғысындағы ойлары
әсерлі шықты. Қазақтың бірігу тарихын әдемі әрлей
білген қойылым барысы Желтоқсан оқиғасын өлеңмен
жеткізді. Мұнан соң «Көк тудың желбірегені» әні
орындалып, тәуелсіздіктің нышанын айғақтады және
еліміздің көпұлтты екендігін түрлі ұлт өкілдерінің
билері арқылы өрнектеді. Ұлы Дала өркениетін
театрландырылған көрініс арқылы әспеттеген қойылым
Мемлекеттік гимнмен қорытындыланды.
Жиынға қатысушылар қорытынды сөз сөйлеп,
мұндай шараның жастардың бойындағы патриоттық
сезімдерін арттыратындығын баса айтып, осы ша-
раны жоғары деңгейде ұйымдастырған институт
оқытушылары мен атсалысқан студенттерге ыстық
ықыласын жеткізді.
Берекелі жәрмеңке
өткен жексенбіде «Атакент-Тараз» сауда орталығында ауыл шаруашылығы
өнімдерінің халықаралық жәрмеңкесі өтті.
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығы мен
Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттері
арасында экономикалық сауда байланысын
нығайту мақсатында ұйымдастырылған
жәрмеңкеде Қырғыз елінің 7 өңірінен және
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жам-
был облыстары мен Тараз қаласының та-
уар өндірушілері өз өнімдерін жергілікті
тұрғындарға арзан бағамен сатты.
Жәрмеңкеге екі елдің сенімді өкілдері мен
тауар өндірушілері, жергілікті тұрғындар
қатысты. Жәрмеңке барысында концерттік
бағдарлама ұйымдастырылып, Қазақстанның
эстрада жұлдызы Бүркіт тараздықтардың
құрметіне ән шырқады. Өткен жылдың жеті
айымен салыстырғанда, Жамбыл облысы
мен Қырғызстан Республикасы арасындағы
тауар айналым 6,6%-ға артып, бұл көрсеткіш
бүгінде 136,2 млн. АҚШ долларын құрап отыр
екен. Берекелі жәрмеңкеге 355 тоннаға жуық
ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған
болатын. «Сатылып жатқан тауарлардың
сапасы жақсы. Бағасы да қол жетімді. Талас
ауданының картобын қабымен алдық. Келісі
50 теңге. Қызылорданың күріші де жақсы.
Тек ет пен сүт өнімдері кездеспеді. Қалғанына
қарық болдық» - дейді қала тұрғыны
Жомарт Байкенжиев. Расында, жәрмеңкеде
тек азық-түлік өнімдері ғана саудаланды.
Сәбіз бен пияз, қауын мен қарбыз, бақша
жемістері де тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандырып, күздің қазынасын көпшілік
қоржынына басты. Саудасы қызған тау-
ар өндірушілер кешке дейін өздері алып
келген өнімнің жартысына жуығын сатып
үлгерді. Ал тұрғындар кешегі Ұлы Жібек
жолы бойындағы керуендердей тізбектеліп,
арзанға түскен өнімдерді қап-қабымен
арқалап тарқасты. Бұған қоса, дәл сол күні
жәрмеңке өтіп жатқан «Атакент-Тараз»
базарында «Әділ Береке» сауда кешенінің
тұсауы кесілді. Жиналған көпшілік аталған
сауда кешеніне де ат басын бұрып, төмен
бағада сатылып жатқан қажетті азық-түлік
тауарларын таласа алып қайтты. Жәрмеңкеге
шығарылған отандық өнімдер тұрғындар
тарапынан үлкен сұраныс тудырды. Ауыл
шаруашылығы министрлігі, Қырғыз
республикасы мелиорациясы мен базар иесі
«Atakent Asia Development» ЖШС бірлесе
ұйымдастырған жәрмеңке үш күн бойы (20-
23 қыркүйек) жамбылдықтарды жарылқап,
оған белсене атсалысқан екі елдің тауар
өндірушілері арасындағы сауда байланысын
нығайтуға зор үлес қоспақ.
Сатушы да, алушы да риза.
Суретті түсірген А.Қартабай
кемшіліктер әлі де бар
Облыс әкімдігінде Тәртіптік кеңес төрағасы
Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен
тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Жиында
кеңес мүшелері жұмысында қателікке бой
алдырған басшылардың мәселесін майшаммен
қарап, сыбайластық құқық бұзушылыққа жол
бергені үшін олардың бірқатарын қызметіне
толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі
тәртіптік жазаға тартты.
Сейділдә ТӨРЕН
Тәртіптік кеңестің отырысында 20 іс қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау
жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы аудан әкімі Болат Рысмендиев,
орынбасары Ғалым Қартабаев баяндама жасады.
Бұдан соң Тәртіптік кеңес мүшелері Жамбыл облысы бойынша Еңбек,
әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің сыбайлас жемқорлық
қатерлерінің алдын алу жөніндегі жұмыстары мәселесін қарады. Бұл
жөнінде аталған департаменттің басшысы Әлімқұл Тұрысовтың баян-
дамасын тыңдады. Осы жылдың 8 айында 57160 мемлекеттік қызмет
көрсетілген. Департаментке жүгінген Р.Кайсарбековаға «Асыраушысын
жағалтуына байланысты негізгі әлеуметтік көмекті төлеу» мемлекеттік
қызметінен бас тартудың себебі туу туралы куәлігінде шешесінің, әкесінің
аты дұрыс көрсетілмегендіктен кері қайтарылған. Кейіннен барлық
қатені түзегеннен кейін арызы қайта қаралып, тиісті әлеуметтік көмек
толығымен өтелген.
Тәртіптік кеңес барысында «Тараз қаласы әкімдігінің ветеренария
бөлімі» басшысының орынбасары Ануарбек Қалтаевқа қатысты тәртіптік
іс қаралды. Бұл іс бойынша осы жылдың сәуір айының 9 жұлдызында
бөлімге Абай көшесінің №160 үй тұрғындарынан ұжымдық өтініш келіп
түскен. Өтініште аталған үйдің №28 пәтердің тұрғыны 20-дан астам
иттер мен мысықты ұстайтыны көрсетіліп, шара қолдануды сұранған
екен. Өз кезегінде бөлім басшының орынбасары Ануарбек Қалтаев
бөлімге келіп түскен өтініштерді тиісті органдарға жібермеген. Өтініш
келіп түскен мекенжай бойынша өзі барып, істі оңтайлы шешумен
айналысқан. Негізінде бөлім басшысының орынбасары өтінішті құқық
қорғау органдарына жолдап, бірлескен түрде жұмыс жасау тиісті болған.
Жүргізілген қызметтік тексеру бойынша анықталған деректерді талқылай
келе,Тәртіптік кеңес мүшелері Ануарбек Қалтаевтың іс-әрекеттерінде
сыбайлас жемқорлықтың негіздері жоқ екендігін ескеріп, жай ғана
ескерту берді.
қала-қарбалас
3
// «ЖАмБыл - ТАрАз» // №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк 2015 Жыл //
Құрметті тараздықтар!
Біздер, саяси партия және қоғамдық бірлестік
өкілдері Сіздерді Қазақ хандығының 550 жылдығын
жоғары деңгейде атап өтуге шақырамыз. Расында, біз
бен сізге, яғни көне жәдігерлер мен мұраға бай өлке көне
шаһардың төрінде Хандық тойын атап өту бақыты
бұйырыпты. Сондықтан да, әрбір жамбылдық тұрғын
Жәнібек пен Керей хан Қазақ хандығының туын тіккен
өлкеде тұрып жатқандығын мақтаныш ететіні
тағы анық. Біз мәдени мұраларымызды көзіміздің
қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа паш етуіміз керек.
Тараз тұрғындарының мойынында көне шаһардың та-
рихи мұраларын сақтап қана қоймай, қаланы абаттан-
дыру және тазалық жұмыстарына деген жауапкершілік
те тұр.
Тараз – біздің ортақ үйіміз. Әрине, кім-кім де бол-
са, қонақ келер алдында үйін тазалайтыны анық.
Сондықтан, Таразда санаулы күннен кейін тойланатын
Хандық тойының алдында тазалық жұмыстарын
ширатайық. Кім өз қаласын жақсы көрсе, мақтан ететін
болса, осы жұмыстардың бел ортасынан табылады
деген үміттеміз.
Біз тойдың жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлесін
қосып отырған ұйым, мекеме, кәсіпорындар мен
қала тұрғындарына ризашылығымызды жеткіземіз.
Сондықтан, әрбір тұрғынның туған қаласының
тазалығына аса үлкен жауапкершілікпен қарағандығын
қалар едік. Үйлерінің маңын, саябақтарды, скверлер мен
көшелерді тәртіпке келтіріп қоялық. Туған қаламызды
жайқалған бауға айналдырып жіберсек, нұр үстіне нұр
болар!
Осылайша көтеріңкі көңіл-күймен Қазақ хандығының
550 жылдық мерейтойын атап өтейік, құрметті
тараздықтар!
Жұмыла кірісейік!
«көзқарас» пікірталас алаңында көне шаһардың төрінде Қазақ хандығының 550 жылдығын
жоғары деңгейде атап өту барысы талқыланды.
ХАндыҚТың ТОйы – ХАлыҚТың ТОйы
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
«Поколение» қоғамдық бірлестігі
ұйымдастырған шараға тұрғын-үй
коммуналдық қызметі, табиғатты қорғау
мекемелері, саяси партия, бақылау орган-
дары, ҮЕҰ өкілдері, кварталдық комитет
төрағалары мен қала тұрғындары қатысты.
Басқосуды ашып, жүргізген «Поколение»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зубира
Беляева тұрғын үйлердің аумағы мен қаланың
тазалығына әрбір тұрғын жауапты екендігін
алға тартты. Сондай-ақ тұрғындарды елдік
шараның ортасынан табылуға шақырды.
Жиында қала әкімінің орынбасары
Маржан Қожаева сөз алып, Қазақ хандығының
550 жылдығына қаланың дайындығы туралы
мәлім етті. Бұл тұрғыда қол ұшын созған
облыстардың демеушілігімен жаңадан сквер-
лер салынып, аркалар мен аспалы көпірлер
жаңартылды.Қаланың орталық көшелері мен
бірқатар ескерткіштерге жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың құны
450 млн.теңгені құрады. Қала әкімінің орынба-
сары Хандық тойының алдында тазалықтың 2
айлығы ұйымдастырылып отырғандығын тілге
тиек етті. Осы екі айлық аясындағы сенбілік
жұмыстарға қаладағы барлық мекемелер мен
кәсіпорындар өзіне тиесілі аумақтарда тазалық
шараларын жүргізетін болады.
Жалпы қаланы мерекеге орай көріктендіру
үшін 3 млрд.теңге бөлініп, оның 1 млрд.298
млн.теңгесі қала орталығындағы көшелердің
46 шақырымына күрделі және ағымдағы
жөндеу жұмыстарына, 100 млн.теңгесі
шаһардағы 44 аялдамаларды жаңартуға
жұмсалған. Өңіріміз үшін жағымды
жаңалықтардың бірі - әуежайдағы құрылыс
жұмыстарының аяқталуы. Сонымен қатар қала
әкімінің орынбасары 8-10 қазан күндері той-
ланатын Хандық тойы «Баласағұн» мәдениет
сарайында республикалық ақындар айтысы-
мен ашылатындығын жеткізді. М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ мен ТарМПИ-да ғылыми-
практикалық конференция өтіледі деп
жоспарлануда. 9 қазан күні Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев көптен күткен ашық
аспан астындағы мұражайдың ашылу салта-
натына қатысады. Сондай-ақ жаңғыртудан
өткен Жамбыл, Жәнібек және Керей хандардың
ескерткіштерін де ашпақ. ҚР Тұңғыш Президенті
атындағы саябақта кең көлемді мерекелік кеш
ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, «Тараз-
Арена» спорт кешенінде «Евразия Барысы»
турнирі өтеді және «Атшабар» ипподрамында
Қазақстанда тұңғыш рет атты поло ойынынан
жарыс өткізілетін болады.
- Қала тұрғындарының мойнына үлкен
жауапкершілік артылып отыр. Алдағы
күндері тойланатын Қазақ хандығының 550
жылдығы төл дәстүріміз бен мәдениетімізді
айқындап, келер ұрпаққа өнеге болар даңғылды
жаңғыртады,-деген Қазақстан Коммунистік
партиясының өкілі Жанна Мамашева да қала
көркі мен тазалығы үшін баршамыз атсалысу
керектігін жеткізді.
Жақсыдан қайыр
«інжу» балабақша-мектеп-гимназиясында «нұр Отан»
партиясы Тараз қалалық филиалы және Жамбыл облысы
әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық
саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен отбасы
күніне орай мерекелік шара болып өтті.
Сейділдә ТӨРЕН
Жиында алдымен Оңалту орталығының
бесіктен белі шықпастан тағдыр тауқыметін
тартып, мүгедек атанған қам көңіл бала-
ларына ұйымдастырушылар мерекелік
дастарқан жайды. Дастарқанға балалардың
ағзасына қажетті түрлі дәрумендерге толы
тағамдар қойылды. Мұнан соң Оңалту
орталығының тәрбиеленушілері тұзды
бөлмеде бірер сәт тынығып, демалды.
Одан әрі шара отбасылық спорттық
эстафета бәсекесіне ұласты. Эстафетаға 4
отбасы қатысып, үздіктері анықталды. Со-
нымен қатар, бастауыш сынып оқушылары
арасында «Мен өз жанұямды сүйемін!»
тақырыбында асфальтке сурет салудан
конкурс ұйымдастырылды. Конкурста
оқушылар өзіндік қиялдарынан туындаған
түрлі кескіндерді асфальт бетіне түсірді.
Салынған суреттердің дені отбасы
мүшелері мен туған жер табиғатына
негізделді.
Отбасы күніне орайластырылған
жиын мерекелік концертке жалғасты.
Әсерлі кеште «Інжу» балабақша - мектеп-
гимназия директоры Гүлмира Қуатбек,
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық
филиалы төрағасының орынбасары
Балжан Пернебекова сөз сөйлеп, отбасы
мен бала тәрбиесі туралы тұшымды ойлар
айтты және ата-аналар мен оқушыларды
отбасы күнімен құттықтады. Концерт-
те балғындар сызылта салған әуезді
әндерімен, мың бұралған билерімен
жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына
бөленді. Концерт барысында Оңалту
орталығының балалары да өнерден құр
алақан емес екендіктерін байқатты. Олар
жанұя туралы өлеңдер оқып, әсем әндер
орындады. Әсерлі шыққаны 2 жұптың
орыстың халық биін билегені болды.
Мүгедек балалардың көрсеткен қайбір
өнері болсын көрерменді елжіретпей
қоймады. Мерекелік кеш соңында бо-
лып өткен шараға демеушілік көрсеткен
«Арайстроймаркет-2003» ЖШС-нің ди-
ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты
Арман Еділбаев өнер көрсеткен барлық
балаларға сый-сияпат жасады. Сонымен
қатар Оңалту орталығының ұжымына
ЛЕД-телевизор табыс етті.
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы
әйелдер істері және отбасы-демографиялық
саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы
Айман Каримова:
-Отбасы күніне орай 4 жыл қатарынан
дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан шара
балалардың көңілінен шықты деп ой-
лаймын. Балалармен қоса, биыл ата-ана-
лар да мерекенің сәнін кіргізді. Алдағы
уақытта да бұл дәстүрден жаңылмаймыз.
Негізінен, біздің комиссияның басты
мақсаты - отбасы құндылықтарын дәріптеу
және оны балалар мен жасөспірімдер
арасында кеңінен насихаттай отырып,
бойларына сіңіру. Қазіргі таңда осы жол-
да аянбай еңбек ету үстіндеміз. Мәселен,
комиссияның тарапынан «Алтын ұя»
қоғамдық бірлестігін құрып, жас қыздарды
отбасылық өмірге дайындайтын боламыз.
Ол жерде психологиялық кеңестер алып,
тәжірибелі мамандарымызбен қатар, үлкен
әпкелеріміз қыздарға дәріс оқитын болады.
Алғысымыз шексіз.
әлеумет
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Қазақтың ұлан-байтақ даласының кең
пейілділігінің айғағындай, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрдің әрбір ерекшелігін қалт жібермей,
қаймағын қалқып көрсете білген интернат
үйінің тұрғындары мен қызметкерлері бұл
күнді ерекше атап өтті.
Ұлы тойға әжелері текеметтің бояуына
салып, әкелері қорғасын құйып берген алтын
сақаларын сайлап жеткен балалар асық ой-
ынына кірісіп-ақ кетіпті. Күбі пісіп, диірмен
тартып, зыр жүгірген келіндер де жайлаудағы
әсем бір көріністі көз алдыңа әкелгендей.
Керегесі кең алты қанат боз үйге жайылған
ақ дастарқанға бауырсақ шашылып, құрт,
ірімшік, жентке лықа толып тұр. Босағасына
басын сұққан кез келген құдайы қонақ қыз-
келіншектердің қолынан қымыз ішіп, дәм
татып, қазақтың қонақжай пейілін аңғарары
сөзсіз. Қыздары қос етек көйлек, қынама бел,
оюлы қамзол, әжелері кестелі кимешек, ер-
азаматтары оюлы шапан киіп, сән-салтанаты
жарасқан көріністен қазақтың мамыражай
тыныс-тіршілігі мен мұндалайды.
Оркестр мүшелерінің арасында дом-
бырада дамылсыз ойнап отырған жігітті
көзім шалды. Мұндағы қызметкерлердің
айтуынша, бұл кісі екі күн бойы тоқтаусыз
күй шертіп отыр екен. Жас күнінен музыкаға
бейім азамат, әскерде жүріп басынан соққы
алған.
- Мен қобыз, гитара, домбыра, жетіген
сынды түрлі аспапта ойнаймын. Даусымды
мың құбылтып, Жанар Айжанова, Виктор
Цой тағы да басқа әншілердің үнін айныт-
пай келтіргенді ұнатамын. Яғни пародия
жасаймын. Ал домбыра - ол менің мәңгілік
серігім,- деді кез келген аспаптың құлағында
ойнайтын өнерлі жігіт.
Жүйке дертіне шалдыққандардың
ішінде он саусағынан өнер тамғандар да
баршылық. Олар жасаған сан түрлі әсем
дүниелер осындағы көрмеге қойылыпты.
Өзін Талғат Шахабаев деп таныстырған
интернат тұрғынын мұндағылар «шебер»
деп атап кеткен. Талғат матаны кестелеп тігу,
моншақпен жұмыс жасау, бізбен іліп тоқу,
жіп жапсыру арқылы сурет салу әдістерін
меңгерген. Ол өз еңбегінде көбіне құстарды
жиі бейнелейді. Бәлкім, ойлау қабілеті төмен
Достарыңызбен бөлісу: |