Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!


„ Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата20.02.2017
өлшемі7,25 Mb.
#4545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

„

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен 



және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы 

болуымен Жуалы ауданы, Ақбастау ауылындағы №16 Жуалы 

колледжінің оқытушылары мен студенттері  БАҚ өкілдері 

және  «даму» Қорының облыстық филиалының қызметкерімен 

кездесті. 

көркейсе ауыл – көркейеміз бәріміз



Индира ТӘЛІПҚЫЗЫ

Кездесуде алғы сөз алған  аудандық Іскер  

әйелдер  қауымдастығының  жетекшісі, аудандық  

маслихатының  депутаты Күлбахыт Айтқұлова 

Жуалы  ауданында  іскер  әйелдердің  қатары 

жыл санап артып отырғанын, әсіресе, шалғай 

ауыл-аймақтарда тұратын қыз-келіншектердің 

қоғамдық  іс-шараларға  белсене  араласуы, 

олардың өз жеке кәсіптерін ашуды көздейтінін 

айта келе, бұл тұрғыда аудан әкімі Батырбек 

Құлекеевтің  қолдауын  сезініп  отырғандарын 

қуана жеткізді.  

Мұнан кейін алқалы әлеуметпен жүздесуге 

келген  облыстық  «Қазақст ан-Тараз» 

телеарнасының    редакторы,  ақын  Ғайни 

Әлімбекқызы «Отбасы  институтын   әлеуметтік  

қолдаудағы   БАҚ – тың  рөлі» тақырыбында 

баяндама  жасады.  Баяндамашы  әңгімесінің 

әлқиссасын  әйелдерге  арнайы  жазған  сыр-

лы  өлеңімен  бастап,  нәзікжандыларды  бір 

серпілтіп  тастады.  Әрі  қарай  ол  отбасының 

беріктігін нығайту жолында бұқаралық ақпарат 

құралдарының  атқарып  отырған  міндетін 

сыр-сұхбат. 

 

жан-жақты  сөз  етіп,  мемлекет  тарапынан 



отбасыларға, шаңырақ ұйытқылары  әйелдерге 

жасалып  отырған  жағдайлар  төңірегінде 

ойын әрі қарай сабақтады. Сондай-ақ, Ғайни 

Әлімбекқызы Жуалы ауданының іскер әйелдері 

мен  өнегелі  отбасыларын  телеарнаның  қыз-

келіншектерге  арналған  бағдарламаларына 

қатысуға шақырса, аталған тақырып аясында сөз 

алған Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің 

тілшісі Индира Байқонысова 20 жылдық тарихы 

бар қалалық қоғамдық-саяси апталық газеттің 

отбасы  құндылығы  мен  ынтымақтастығын 

дәріптеп,  мерейлі  отбасылардың  өнегелі 

өмірлері басылым бетінде ұдайы  көрініс тауып 

отыратынын атап өтті.

 Ал білімгерлермен арнайы кездесу өткізген 

«Даму»  Қорының  облыстық  филиалының 

өкілдері  болашақта жеке кәсіп ашуды мақсат 

тұтқан ауыл жастарына бизнестерін өрге до-

малату  үшін  мемлекет  тарапынан  арнайы 

«Бизнестің жол картасы -2020»  бағдарламасы 

қабылданып,  бүгінде  іс-жүзіне  асырылып 

жатқанын  айтып,  несие  алудың  жолдарын 

түсіндірді. 

Жиын барысында кездесуге қатысушылар 

өз ойларын ортаға салып, қызықтырған сауал-

дарын қойды.



руханият

9

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк  2015 Жыл  //



 

„

өзге ұлт өкілдері арасында қалалық «Абай оқулары» өтті. Ақынның 170 жылдығына 



орайластырылған байқауға он төрт үміткер қатысып, бақ сынасты.

АБАйды ОҚыП, Ән сАлды...

Айсана НҰРБАП 

Қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік тілдің 

қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын 

насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне 

деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, сол 

арқылы отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында 

ұйымдастырылған байқауға 15 пен 21 жас аралығындағы 

өзге ұлт өкілдері қатысты. «Асыл сөзді іздесең, Абайды 

оқы ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге» 

деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, 

ақын өлеңін жатқа білу - әрбір жасқа, қала берді әр 

қазақстандыққа парыз.  Себебі, Абай - жалғыз қазақ 

қана емес, жалпы адамзат үшін дара данышпан.  Ша-

раны ТарМУ студенті Ертай Райымбек ақын Марфуға 

Айтқожинаның Абайға арнаған өлеңімен ашып берді. 

Бұдан әрі әнші Заман Бегімбетов Абайдың «Көзімнің 

қарасы» әнін шырқаса, бұған дейінгі «Абай оқуларының» 

облыстық, республикалық жеңімпазы Марина Костина 

ақынның «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма» өлеңін 

нақышына келтіре оқып берді. Байқауға қалалық мәдениет 

және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі                                                                                                                  

Камила Абашева, №26 қалалық Абай атындағы мектептің 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Айзада                           

Байтореева және қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің 

тілшісі Нұржан Серікханұлы қазылық етті. Қалалық 

әдеби бәйгеге жеті ұлттың өкілдері арасынан барлығы 

он төрт үміткер қатысты. Дегенмен, 80-ге жуық өзге ұлт 

өкілдері шоғырланған, 350 мыңнан астам халқы бар Тараз 

қаласы үшін бұл ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш 

емес. Жыл сайын «Абай оқуларына» қатысушылардың 

саны едәуір азайып келе жатқандығы да ойланатын 

жағдай. Және ұйымдастырушылар тарапынан бір ай 

бұрын ерте берілген байқаудың талаптарына қатысушы 

үміткерлердің басым көпшілігі әлі күнге толық дайын 

емес екендерін байқау барысында аңғартып-ақ қойды. 

Абайдың еңбегін қағазға қарап айтатын уақыт баяғыда 

өтіп  кеткен.  Бүгінгідей  ірі  өндіріс  орындарында 

мыңдаған адамның айлап-жылдап жасаған заманауи 

техникалық құрылғыларын бір-ақ күнде ұршықтай үйіріп 

жүрген жастарымыз үшін бұл ұят әрекет екені айтпаса 

да белгілі. Үміткерлердің көркемсөз оқу шеберлігін 

айқындау бөлімінде ақынның өлеңдері мен қара сөздерін 

сахнаға кітап алып шығып оқығандар да табылды. 

Тіпті қатысушылардың кейбіреуін бұл байқауға қинап 

әкелгендей ойға қалдырды. Дегенмен, ниет бар. Ара-

сында жеңіске жету үшін ғана емес, абайсүйгіштігімен 

дараланған  үміткерлер  де  жоқ  емес.  Өкініштісі,                                                                                                     

санаулы ғана. Байқаудың шарты бойынша, екінші 

бөлімде қатысушылар Мұхтар Әуезовтың әлемге танымал 

«Абай жолы» романынан үзінді оқулары керек болатын. 

көрнекі ақпаратқа 

көрнекілік керек



 

„

 «көрнекі ақпараттың  тілдік ахуалы» 



тақырыбында облыстық семинар –кеңес  

ұйымдастырған мамандар тіл жайын 

айтты.

Сейділдә ТӨРЕН

Басқосуға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, аудандар 

мен Тараз қаласының тіл мамандары, Жамбыл облыстық ақпараттық 

технологиялар орталығының мамандары, ҚР Бас прокуратурасының 

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 

Жамбыл облысы бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің 

аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, облыс бойынша жарнама 

агенттіктерінің өкілдері қатысты. 

Жиында тілдерді дамыту басқарма басшысы Ғалия Боранбаева ашып, 

жүргізіп отырды. Ол аймақтағы сыртқы көрнекі ақпарат жағдайын ретке 

келтіру мәселелерінің тиімді жолдары мен бағыттарын нақтылап, жұмыс 

жасау керектігін ескерді. Сонымен қатар, шарада сөз алған ономастика 

және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің маманы  

Ерлан Ермағанбетов аудандар мен Тараз қаласы бойынша сыртқы көрнекі 

ақпаратты зерделеу жұмыстары жөнінде мәлім етті. Ол шаһардағы 4125 

нысанның 70 нысанына яғни, орталықтағы Жамбыл, Абай, Төле би 

даңғылдары мен Қазыбек би, Әйтеке би, Д.Қонаев, Тәуке хан, Байзақ 

батыр, Желтоқсан, Қолбасшы Қойгелді  көшелерінде жүргізілген үгіт-

насихат жұмыстары турасында баяндады. Десе де, атаулар мен жарна-

маларда кемшіліктердің бары анықталған. 

Шара барысында баяндама жасаған Тараз қаласы әкімдігінің 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева 

қаладағы көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың жай-күйіне тоқталып 

өтті. Мұнымен қоса, бөлімнің атқарып отырған жұмысы туралы қысқаша 

есеп берді. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және 

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша 

басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры Ләйлә                  

Мадиева көрнекі ақпараттармен жұмыс жасайтын мамандар заңды толық 

білуі керектігін ескерді. 

Шара соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, «Сыртқы 

көрнекі ақпаратта қолданылатын заңнамалық нұсқаулық» атты әдістемелік 

құралы таратылды.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы

 

„

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының 



«Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» 

ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы 

халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Қазақстан – 

достықтың мекені» тақырыбында фестиваль өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Шараға  тіл  жанашырлары,  тіл 

үйренушілер,  орталықтың  және 

аудандық  бөлімше  қызметкерлері 

қатысты.

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі  

оның  ана  тілі  екені  бәріне  белгілі. 

Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. 

Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір 

сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген 

халық  тәуелсіздікке    ұлттық  қадір-

қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап 

қалу үшін ұмтылады. Сондықтан әрбір 

мемлекет өзінің ана тілін әрқашанда 

қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін 

сахнада жүздескен жүлдегерлер. 

 

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев



Бұл бөлімде үміткерлердің көбі «Абай жолы» романынан 

үзілім немесе үзіндігі» деп, бір ғана «үзінді» деген сөзден 

бірталай жаңалық ашып жатты. Екінші бөлімге дейін са-

наулы ғана үміткер суырылып шығып, топ жара бастады. 

Дегенмен, қара сөзден алдына жан салмаған үміткерлер 

үшінші Абай әндерін айту байқауында әлсіздік танытты. 

Барлығының айтары бір ғана ән – «Көзімнің қарасы». 

Оның өзін әрең орындады десек, көрермен көзі куә. Байқау 

қорытындысы бойынша, 1-орынды «Парасат» колледжінен 

келген түрік ұлтының өкілі Осман Бешли оглы иеленсе, 2 

мен 3-орынды №21 орта мектептің оқушысы Лилия Дудкова 

(орыс) мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенті Наргиза 

Ибрагимова (неміс) өзара бөлісті. ТарМПИ студенті Елена 

Суад пен Жамбыл политехникалық колледжінен келген 

үміткер Амина Мабованы да ерекше атап өтуге болады. 

Аталған үміткерлер басқа қарсыластарына қарағанда 

едәуір дайындықпен келген. Жалпы бұл байқауда жоғарыда 

аталған үміткерлер ғана абайсүйер ұрпақ екендігін дәлелдеп 

шықты. Кешегі Александр Пушкин, Назым Хикмет, Йоган 

Гете мен Роберт Бернс сынды адамзат ақындарын біз де 

оқыдық. Оқимыз да. Абай да солардың бірегейі. Сол себепті 

шығармашылық адамы ұлт пен ұлысқа, мемлекеттерге, тіпті 

алты құрлыққа ортақ жан. Байқау барысында Абайдың по-

эмалары оқылады-ау деп күткен едік. Оқылмағаны өкінішті. 

Өзінің жамбасына шақ бір ғана өлеңді таңдап алып, оның 

өзін қағазға қарап, ежелеп тұру адамзаттық намысымызға 

нұқсан болары сөзсіз. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар 

тарапынан Алғыс хатқа ие болған үміткерлер аталған 

мәселелерді ескеріп, Абайдың мақсұтын бойларына сіңіреді 

деген сенімдеміз.

Ұлттық құндылықтар - тәрбие көзі 

  

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев



қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза 

сөйлеу.


Қазақ  тіліне  деген  құрмет 

сезімін арттыру, ана тіл тұғырының 

мықты  болуына  негіз  болған 

бабаларымыздың өсиетін ұран ету, өз 

ұлты мен еліне деген сүйіспеншілігін 

оятуды  мақсат  еткен  фестивальдің 

ашылу  салтанатында  құттықтау 

сөз  сөйлеген    «Мемлекеттік  тілді 

оқыту  орталығының»  директоры 

Күлшат  Қожатаева  қазіргі  таңда 

мемлекетімізде  жүргізіліп  отырған 

үш  тұғырлы  тіл  саясатының  басым 

бағыттарына  тоқталып  өтті.  Өзге 

тілдің  барлығын  құрметтей  оты-

рып,  қазақ  тілінің  қолданыс  аясын 

кеңейтуде  өзі  басқарып  отырған 

мекеменің жұмысы туралы мәлім етті. 

-Қазіргі таңда орталықта  26-дан 

аса ұлттың өкілдері тыңдаушы ретінде 

білімдерін жетілдіру үстінде. Оларға 

білікті де білімді мамандар дәріс бе-

руде. Кез келген салада қызмет етіп 

жүрген ниет білдірушілер орталыққа 

келіп тіл меңгеруіне болады. Негізінен 

біздің орталықтың ұстанып отырған 

мақсаттарының  бірі  -  үш  тұғырлы 

тіл  саясатын  қолдау,-деген  Күлшат 

Кеңесқызы  жиналған  көпшілікті 

Тілдер мерекесімен құттықтады.

Фе стива льдің  шымылдығы                    

Ж а н и я   Б а й с е й і т о в а н ы ң 

орындауындағы  «Қазақ  елі»  әнімен 

түрілді.  Мұнан  соң  тереңдетілген 

т о п   т ы ң д ау ш ы л а р ы   М и х а й л                                       

Хундяков,  Екатерина  Цесарева,                                                                            

Марина Свинаренко, Камила Нариман, 

Шофхат Аширов және №2235 әскери 

бөлімшесінің  тыңдаушысы  Медет                                                                                               

Оразымбетов  тілге  арналған  арнау 

өлеңдерді тебірене оқыды. Сондай-ақ 

Аяулым Сембек «Мерекем» әнін орын-

дап, көрерменнің ықыласына бөленді. 

Фестиваль  Мадина  Мұқашеваның 

нақышына келтіре орындаған «Угәй-

ай» әнімен қорытындыланды.   


10

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №39 (1274), 23 ҚыркүйЕк   2015 Жыл  //

ресми

Қазіргі таңда Қр  Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  



Ветеринариялық  бақылау және қадағалау  комитетінің  

Тараз  қалалық  аумақтық  инспекциясына  өтінішпен  

келген  жеке  және  заңды  тұлғаларға  Қр  үкіметінің  

2014  жылғы  17  маусымдағы  «Ветеринария  са-

ласында    мемлекеттік    қызметтер    стандарттарын  

бекіту  туралы»  №664  қаулысының  негізінде  «Орны  

ауыс-тырылатын  (тасымалданатын)    объектілерге  

Қазақстан  республикасының  ішінде  қолданылатын  

және  экспортқа  арналған  ветеринариялық  серти-

фикат  беру»  және  «Тиісті  аумақтағы  эпизоотиялық  

жағдайды  бағалауды  ескере  отырып, орны  ауы-

стырылатын (тасымалданатын)  объектілердің  экс-

портына, импортына  және  транзитіне  рұқсат беру»  

мемлекеттік  қызметі  көрсетіледі.

Орны  ауыстырылатын  (тасымалданатын) 

объектілерге    Қазақстан    республикасының  ішінде 

және  экспортқа арналған  ветеринариялық  серти-

фикат   алу   үшін   қажетті   құжаттарға   қойылатын  

талаптар:

-  жеке    тұлғалар    үшін  –  жануарлардың 

(балықтардың, қосмекенділердің, жәндіктерден  басқа)  

және  малдан  алынатын  өнімдердің  орнын  ауыстыру  

кезінде – тегі, аты, әкесінің  аты (бар  болса)  және  

мекен-жайы – жануардың  жеке  нөмірі

-  заңды    тұлғалар    үшін  –  жануарлардың 

Ветеринария саласындағы көрсетілетін 

мемлекеттік  қызметтер

(балықтардың,  қосмекенділердің,  жәндіктерден  

басқа)  және  малдан  алынатын  өнімдердің  орнын  

ауыстыру  кезінде – өндіріс  объектісінің  атауы, ме-

кен-жайы, есептік  нөмірі – жануардың  жеке  нөмірі.

Тиісті    аумақтағы    эпизоотиялық    жағдайды  

бағалауды  ескере  отырып, орны  ауыстырылатын 

(тасымалданатын)    объектілердің    экспортына, 

импортына  және  транзитіне  рұқсат  алу  үшін  мы-

надай  ақпаратты  құрайтын  нысаны (шет  елден  

ауылшаруашылық  жануарларын  әкелу  және  шет  

елге  сату):

- заңды  тұлғалар  үшін – атауы, мекен-жайы  және  

өндіріс  объектісінің  комитет  берген  есептік  нөмірі;

- жеке  тұлғалар  үшін – тегі, аты, әкесінің  аты, 

мекен-жайы    және    орны    ауыстырылатын  (тасы-

малданатын)    объектілерді    тасымалдауды  (орын  

ауыстыруды)  жүзеге  асырушының  есептік  нөмірі;

-  орны    ауыстырылатын  (тасымалданатын)  

объектінің  атауы;

-  орны    ауыстырылатын  (тасымалданатын)  

объектінің  саны  және  оның  өлшем  бірлігі; 

-  орны    ауыстырылатын  (тасымалданатын)  

объектіні  экспорттаушы  немесе  импорттаушы  ел  

және  шыққан  жері;   

- көлік  түрі;

-  орны    ауыстырылатын  (тасымалданатын)  

объектіні  Қр  мемлекеттік  шекарасы  арқылы  әкелу  

және  әкету  жүзеге  асырылатын  өткізу  пункттерінің  

тізбесі;


-  орны    ауыстырылатын  (тасымалданатын)  

объектінің    транзиті    жүзеге    асырылатын    тиісті  

әкімшілік-аумақтық    бірліктегі    бас    мемлекеттік  

ветеринариялық-санитариялық инспекторымен неме-

се оның  орынбасарымен  келісілген  жүру  бағдары, 

аялдау, артып  тиеу, жануарларды  азықтандыру (су-

ару)  орны, алып  өту (айдап  өту)  шарттары.

Жеке    және  заңды    тұлғалар  жануарлар  

ауруларының, оның ішінде  жануарлар мен  адамға 

ортақ ауруларының  алдын алу жөніндегі  міндеттері 

және мынадай  талаптардың  орындалуын  қамтамасыз 

етеді:


-  мемлекеттік    ветеринариялық-санитариялық  

бақылау  және    қадағалау    органдарына    жаңадан  

сатып  алынған  жануарлар  туралы  хабардар  етеді;

-  ветеринария    саласындағы    мамандардың  

ветеринариялық    іс-шаралар    өткізу    бойынша  

қызметтік  міндеттерін  орындауы  кезінде  оларға  

жәрдем  көрсетеді;

- диагностикалық  зерттеу  және  ветеринариялық  

өңдеу  жүргізу  мақсатында  жаңадан  келіп  түскен, 

әкелінген, сатып  алынған  жануарларды  күнтізбелік  

30 (отыз)  күн  бойы (профилактикалық  карантин)  

оқшаулап  ұстайды;

-  мемлекеттік    ветеринариялық-санитариялық  

инспекторларға  орны  ауыстырылатын (тасымалда-

натын)  объектілерді  ветеринариялық  тексеру  үшін  

кедергісіз  береді.

Бүгінгі  таңда  ветеринариялық  заңнамалардағы  

өзгерістердің  бірі – Қр  үкіметінің  2015  жылғы  14  

ақпандағы  «мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  

тізілімін  бекіту  туралы»  №45  қаулысына  сәйкес, 

жануарларды    өсіруді,  жануарлардан    алына-

тын    өнім    мен    шикізатты    дайындауды,  сою-

ды,  сақтауды,  өңдеуді    және    өткізуді    жүзеге  

асыратын    өндіріс    объектілеріне,  азықтар    мен  

азықтық  қоспаларды  өндіру, сақтау  және  өткізу  

жөніндегі  ұйымдарға  есептік  нөмірлер  беру  және  

мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық  бақылау  

және    қадағалау    объектілеріне    ветеринариялық-

санитариялық  қорытынды  беру  жергілікті  атқарушы  

органдарға  берілген.

Қазақстан  республикасының  аумағында  жұмыс  

істейтін    барлық    өндіріс    объектілерінде    есептік  

нөмірлері    болуы    тиіс.  Есептік  нөмір    дегеніміз 

–  өндіріс    объектісінің    қызмет    түрі    мен    нөмірін  

қамтитын  код.

Сонымен  қатар  Қр  үкіметінің  №1230  қаулысына  

сәйкес, жануарларды  союды, жануарлардан  алы-

натын  өнім  мен  шикізатты  қайта  өңдеуді  жүзеге  

асыратын    өндіріс    объектілерінде    жануарларға, 

жануарлардан    алынатын    өнім    мен    шикізатқа  

ветеринариялық  анықтаманы  Қр  үкіметі  бекіткен  

тәртіппен    аттестатталған    өндірістік    бақылау  

бөлімшесінің  жергілікті  ветеринариялық  дәрігері  

береді.


Ветеринариялық    анықтама    Қазақстан  

Жүгіртпе импульстік магниттік өріс аппараты:

ОСТЕОХОНДрОз; 

АрТрОз;

АрТрИТ;


ВАрИкОз;

I-II САТылы ГИПЕрТОНИЯ,

ИШЕмИЯлыҚ ИНСУлЬТТІҢ САлДАры,

ЖүрЕк АУрУлАры, 

ТрОФИЯлыҚ ЖАрАлАр, 

күрЕТАмыр ЖЕТІмСІзДІГІ, 

ТАмырлАрДыҢ АТЕрОСклЕрОзы

ДИАБЕТТІк НЕйрОПАТИЯлАр және басқалары

Ғаламтор  арқылы  танысқан  және  дәл 

менікіндей  ауруға  шалдыққан  бір  адам  маған 

буындар  ауырған  кезде  тиімді  көмектесетін 

магниттік  терапияны  қолдануға  кеңес  берді. 

Ол магниттік өріс ауруды, яғни ауру белгілерін 

басып  қана  қоймайды,  сондай-ақ  буынның 

қан  айналымына  және  қоректенуіне  жақсы 

әрекет  ететінін,  сондықтан  буындардың  күйі 

жақсаратынын  айтты.  Бас  кезінде  мен  бұл 

ақпаратқа  күмәндана  қарадым  және  кеңес 

беруші  адамның  пайдакүнемдік  ниеті  бар  ма 

деп ойлап қалдым (мүмкін, ол маған бір нәрсе 

сатқысы келетін шығар деп ойладым). Осындай 

ем  алып  шыққандардың  медициналық  хатта-

маларымен  танысып,  пікірлерін  тыңдағаннан 

кейін  мен  үйде  емдеуге  арналған  импульстік 

магниттік өрісті қолдануға бел будым. Тәжірибелі 

физиотерапевт-дәрігерді тауып алып (бұрын ой-

ыма келмепті), онымен кеңестім және ол маған 

осы емделуге рұқсат берді.

күн  сайын  ұйықтар  алдында  (емдеу 

рәсімінен кейін буынға салмақ салмаған және 

жылы ұстаған мағызды) мен ауыратын тізе буы-

нына небәрі 20 минут магниттік терапия сеансын 

жүргіздім. Сеанс кезінде де, сеанс аяқталғаннан 

кейін ештеңе сезген жоқпын. Шамамен екі апта-

дан кейін мен аурудың азайғандығын сезіндім, 

мен жақсы ұйықтай бастадым. Тағы бір аптадан 

кейін тізем мүлдем ауырған жоқ - өмір сүруге 

деген  құлшынысым  арта  түсті!  Дәрігердің 

рұқсатымен алғашқы емдеу курсын 18 күннен 

32 күнге дейін ұзарттым, содан кейін мен емдеу 

курсына бір ай үзіліс жасадым. Емдеуді уақытша 

тоқтатқан кезде ауырғандық, ісіну қайтадан ба-

сталатын шығар деп ойладым, бірақ олай болған 

жоқ. керісінше, емдеу курсында үзіліс жасаған 

кезде менің тіземнің күйі жақсара берді! 

Ал бір айдан кейін мен тіземе магниттік тера-

пияны одан әрі жалғастырдым, соның арқасында 

менің тіземнің күйі күннен күнге жақсара берді. 



аУрУ бУындарды ҚұТҚарУ 

 

„



Мен қырық жеті жастамын және он бес жылдан бері 

тізені жарақаттап алғанымның салдарынан туындаған 

гонартрозбен қиналып жүрдім. 2 рет ота жасаттым, алайда 

отадан кейін де тіземде ауру мен сықыр қалды.

«Асықпаған  арбамен  қоян  алар»,  бұл  мақал 

магниттік терапияға да қатысты. Емдеу жұмсақ, 

бірақ шоғырланатын әсер етеді, ол шоғырланған 

кезде  емдеу  әсері  емдеу  аяқталғаннан  кейін 

ұзаққа, яғни бірнеше айға созылады. 

Бірінші жыл емделген кезде мен магниттік 

терапияның алты курсынан өттім және жиырма 

күн санаторияда өткіздім, ол жерде жүргізілген 

емдеу рәсімдерінен кешенді физиоәсерді зор 

ықыласпен қабылдадым. Неліктен осыншама 

ұзақ  және  көп  емделуге  тура  келді?  Ауру  15 

жыл  бойы  өрши  түсті  және  жылдам  емделіп 

кету  мүмкін  еместігіне  мен  дайын  болдым, 

бұл  туралы  емделген  адамдар  мен  менің 

мейірман  физиотерапевт-дәрігерім  ескерткен 

еді. Егер менде артроз жақында ғана туындаса 

(бір-екі  жыл),  айтарлықтай  жақсы  нәтижеге 

қол жеткізу үшін магниттік терапияның бір-екі 

курсы жеткілікті болар еді. Бірақ бұл жағдайда 

да магниттік терапия - өмірлік қолдау көрсететін 

емдеу: аурудың өршуіне жол бермеу үшін жы-

лына кем дегенде екі емдеу курсынан өту керек.

Екінші жылы тізем ауырмаса да, үйде әр 

үш  сайын  тағы  төрт  рет  магниттік  терапия 

курсынан өттім. мен буыным ауырған кездегі 

күйге түскім келмейді. мен жазылған сәтімнен 

бастап  үшінші  жыл.    мен  өзімнің  күйім  -бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет