Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІ ОРЫС
МЕКТЕБІНДЕ
Казахский язык и литература
в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
БАСЫЛЫМ
2001 жылдың
қаңтар айынан
11/2013
ҚАРАША
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА,
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА.
«Білім және
Ғылым»
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігінің
ай сайын
шығатын
республикалық
ғылыми -
педагогикалық
жұрналы
3
МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Мұғалімдерге көмек
Баянсұлу ӨТЕЖАНҚЫЗЫ. Мемлекеттік тіл – қоғамдағы тұрақтылықты
қалыптастыру құралы..........................................3
Зәуреш МАХАДИЛ. Қазақ тілі сабағында сөйлесім әрекетінің
түрлерін тұтастық тұрғыда іске асыру –
жеке тұлғаны дамыту тәсілі.................................9
Күлсін ҚАРАБАЛИЕВА. Оқушылардың шығарма жазу
белсенділігі..........................................................18
Қама СМАДИЯРОВА. Қазақ тілін модульдеп оқыту..............................24
Ақкенже ЕРМЕКБАЙ. Музыка орталығының бала денсаулығының
дамуына әсері......................................................30
Тиімді әдіс – баршаға ортақ
Гүлнәр ІЛДЕБАЕВА. Қазақ тілін оқытуда көрнекілік әдісін
қолданудың тиімділігі.......................................35
Мұғалім мінбесі
Нағима МЕҢДІБАЕВА. Отбасы мен мектептің әріптестігі -
тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі......38
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Өрікбай АРЫНОВ. Ата ақылы............................................................43
Анаргүл МАРАТҚЫЗЫ. Қазіргі шешендіктің түрлері..............................48
Қазақстан Тәуелсіздігі – қасиетті туымыз
Айман СҰЛТАНОВА. Ұлт бұғауды бұзған күн.....................................52
Гүлнар ҚАСЫМОВА, Тәуелсіздік – аңсаған арман,
Галина ҚОЖАНИЯЗОВА. қол жеткен мұрат................................................62
Бір тақырыпқа екі мақала
Динара ОРАЗБАЕВА. Ахмет Байтұрсынұлы........................................68
Әлия ЖҰБАНЫШЕВА. Ахмет Байтұрсынұлы.......................................74
Бастауыш білім бағанасы
Айгүл МАХМЕТОВА. Дүкенде...............................................................83
Айгүл ТӨЛЕГЕНОВА. Дыбыстар әлеміне саяхат..................................86
Бақыт СЕГІЗБАЕВА. Тест сұрақтары...................................................89
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Динара САДЫҚОВА. Көмекші есімдердің Семей қаласы.................93
Назгүл ЖАМПЕТОВА. Мектеп асханасындағы сөйлесім....................99
Гүлсима АХМЕТОВА. Мақалға бай сыйлықтар..................................101
Интеграциялық сабақ
Шәрбан САПАРҒАЛИҚЫЗЫ, Мәтін арқылы грамматикалық сауаттылықты
Гүлмира САҒЫНТАЙҚЫЗЫ. арттырған Астана.............................................105
Жадымызда – желтоқсан жаңғырығы
Алмаш ОТАРБАЕВА,
Кенжегүл ҚАШҚЫНБАЕВА. «Қиылған қызғалдақ» тақырыбын
ашқан тіл байлығы..........................................110
Классный час
Шолпан ТАБЫНБАЕВА. Культура и быт казахского народа.................115
Сыныптан тыс тәрбие
Айгүл ХАСЕНОВА. «Әй, жарайсың!» сайысы..............................129
Жібек САНСЫЗБАЕВА. XXI ғасыр көшбасшысы................................133
Шәкірттер шабыт шағында
Төребек ЕРҒАБЫЛ. Тұлпар мініп, ту ұстап...................................142
Нұрқанат ОЛЖАС. Ақын рухын мойындау...................................143
Мұғалімдерге көмек
Баянсұлу ӨТЕЖАНҚЫЗЫ,
Атырау қаласындағы
№15 Абай атындағы
орта мектептің директоры.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ –
ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРу ҚҰРАЛЫ
Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның
материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып
табылады. Сол себепті олар үнемі қарым-қатынаста
болады. Адамдардың өмір сүруінің тіршілігін жүзеге
асыруының құралы – тіл. Адам – тілімен адам. Тіл – жеке
адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның
нәтижесі. Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас
құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық
қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму,
жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы
көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.
Қазақстан – көп диаспоралы мемлекет. Көп
диаспоралы мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік
тіл – көп диаспоралы елдің барлық халқын саяси-
мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты ұйытқысы.
4
5
Тіл саясаты әлеуметтік фактор ретінде ұлттық
мәселелерді шешуде белсенді рөл атқарады. Ал тілдің, тіл
саясатының әлеуметтік факторы болуы қоғамның әр түрлі
құрылымдарының жүйелі ұйымдастырылған әлеуметтік
іс-қимылын білдіреді. Мысалы, бұл саладағы саясаттың
әлеуметтік мәніне және ерекшеліктеріне идеологияның
ықпалы зор. Мемлекеттік тіл саясаты әр ұлттың ұлттық
мүдделеріне, түрлі өмірлік мұқтаждықтарын орындау
ісіне қызмет ете алады. Ол белгілі бір танымдық,
идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық мазмұндағы
мақсатты іс-қимылды білдіреді. Сөйтіп, ол тұтас бір
тұжырымдаманы айқындай отырып, тілге ықпал етеді,
оның тағдырының бүгіні мен ертеңін анықтайды. Дұрыс
жүргізілген ұлт саясаты, оның ішінде тіл саясаты әр
түрлі тағдырмен өлшеуге айналған аз халықтардың жазу-
сызуына ие болуына, әдеби тілдің қалыптасып, дамуына
мүмкіндік жасайды. Міне, тіл саясатының әлеуметтік
фактор болуы да – осында.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі ана тілінің
тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілінің даму
дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуі болып
саналады. Ана тілі мен ұлттық сана-сезім өзара тығыз
байланысты. Тіл мәселесін тек сөз бен сөйлемде дұрыс
ұйымдастыра білуге ғана әкеліп тіреу жеткіліксіз. Тіл
арқылы адам ойлауға дағдыланады. Диалектика ілімі
ақиқатсыз, ақиқаттың адасушылықсыз болмайтындығын
дәлелдеген. Осылардың бәрі тіл арқылы бейнеленеді. Тіл
арқылы құбылыстарды білу – адамның ойлау қызметінің
жемісі. Ой әлеміндегі ең ұлы жетістіктер тіл арқылы
кездеседі. Ой мен тіл қоғамды өзгертуші күш бола алады.
Тіл өмір қажеттігінен туған, сондықтан ол өмір
шындығын бейнелей алады. Дегенмен, ол консервативті
әрі дамушы рөл атқарады. Олай болмаған жағдайда тілдің
қоғамдық өмірдегі, қала берді ұлттық қатынастардағы
рөлі нашар болар еді. Оны біз тарихи тәжірибеден көре
аламыз.
Мемлекеттік
басқару
Заң
шығару
Сот ісін
жүргізу
Денсаулық
сақтау
Мәдениет
Халыққа қызмет
көрсету салалары
Радио
Теледидар
Іс қағаздары-
ның тілі
Мемлекеттік тіл – Қазақстан мемлекетінің бүкіл
аумағында қоғамдық қатынастардың барлық
саласында қолданылатындықтан, алға қойған
міндеттердің ең шешуші жолдары көрсетілген
салаларда жүйелі жұмыстың жүргізілуінде:
Ғылым,
білім
6
7
Тіл арқылы көрініс беретін саяси идеялар мен
мақсаттар өмірдің жай ғана бейнеленуі емес, ол сонымен
қатар әр түрлі саяси факторлардың өмір шындығын өз
ыңғайларына сай түсінуге және талдауға көмектесетін
саяси құралдар мен әдістер қызметін де атқарады.
Халықты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, ұлттық
топтасуға жетелейтін де – тіл. Тіл – нақтылы әлеуметтік
өмір тәжірибесі бар адамдар қарым-қатынасының
маңызды құралы, тарихи, мәдени, ғылыми, әдеби
ақпараттарды жинақтау мен сақтаудың бай қоры және
ұлттың басты белгісі ретінде қоғамдық ғылым саласының
бір бөлігі бола отырып, ерекше жаңартушылық рөл
атқарады. Аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлының
сөзімен айтқанда, «тіл – құрал». Тілдің рухани мәде-
ниетке де, заттық мәдениетке де қатысы бар.
Тіл – қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға
жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты
мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан «тілден тілдің кем-
дігі жоқ» деген пікірдің ерекше мәні бар. Өйткені мұндай
ой-пікірді зердесіне ұялата білген жан мәдениетсіздікке
бармайды. Өз халқының қадір-қасиетін ұға білген жан ана
тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.
Біздің қоғамға ана тілін ардақтай білетін, оны
қызғыштай қоритын жас жеткіншектер керек. Тіл
мәдениеті үшін күрес – екінші бір тілді мұқату үшін
күрес емес, ана тілінің қызмет өрісін кеңейту, оны білім
мен тәрбие, таным-түсініктің мықты құралына айналдыру
үшін күрес. Тілдің қоғамдық қызметі өрістегенде ғана
ана тілінің көсегесі көгереді, дүние жүзіндегі дамыған
тілдердің қатарынан орын алады. Ал тілдің сан алуан
қоғамдық қызметіне тосқауыл қою, өрісін тарылту оның
сөздік қоры, грамматикалық құрылымы, дыбыстық
жүйесінің жұтаңдауына әкеп саяды. Бабы келмей,
мұқалған, өткірлігінен, ажарынан айырылған мұндай
құралдың әсте қарым-қатынас, таным-түсінік, білім-
ғылымның құралы болу қызметі әлсірейді. Мұның
салдары қоғамдық сананың төмендеуіне әкеліп саяды.
Сондықтан да мәдениетті қоғам тіл үшін қам жеп, өзі
пайдаланатын құралдың өткірленіп, ажарлана түсуіне
жағдай жасап отырады.
Тіл мәдениеті үшін күрестің тағы бір өзекті, іргелі
саласы – ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлі норманы
сақтай отырып, жаңа пайда болған ілгерішіл үрдісті тани
білу, жаңа норманың орнығуына ықпал жасау.
Сөз мәдениеті – жеке адам мәдениетінің аса мәнді
құрамдас бөлігінің бірі. Сөзді нормаға сай дұрыс, тиімді
жұмсау, орынды қолдану «сөз сапасы» деген ұғыммен
ұштасып жатады.
Әрбір тіл – өзінше әлем. Әрбір тіл – бізді қоршаған
айналаның, ақиқат өмірдің өзінше қайталамасы. Әрбір
Тіл
Танып-
білу
құралы
Ақиқат өмірдегі зат пен
құбылыстардың таңбасы
Өнердің
құралы
Таным
құралы
Ойлау
құралы
8
9
этнос өзінің тілі арқылы дүниені, ақиқатты өзінше таниды.
Тілдік ұжым өзінің танып-білген нәрсесіне ғана ат қояды,
оған деген сезім күйін білдіреді. Сондықтан ұлылы-кішілі
тілдердің бәрінде өзді-өзіне тән логикалық, эстетикалық
танымның, жаңалықтың белгілері мен іздері жатады.
Бірақ тілдердің қоғамдағы орыны әр түрлі, әлеуметтік
жағдайы әр басқа.
Әлемдегі әр түрлі тілдердің тілдік жағдаяты мен сол
елдерде жүргізіліп отырған тіл саясатына назар аударар
болсақ, қандай да бір тілдің өз Отанында, иә болмаса,
басқа бір жерлерде өмір сүріп, дамуы, қолданылуы
бірінші кезекте сол тілдің иелерінің өзінің туған тіліне
көрсетіп отырған құрметіне тікелей байланысты екенін
көреміз. Ол құрмет қалай, неден көрініс береді? Бұл
мемлекеттің мемлекеттік яки ресми тілдің қоғамдық
құқық қалпын қамтамасыз етіп, оның мәртебесін белгілеп,
оған сол елдің әрбір азаматының адал болуынан басталса
керек. Социолингвист А.С.Пиголкин «Мемлекеттік тіл –
мемлекеттік биліктің бұқарамен қарым-қатынас жасап,
азаматтармен сөйлесетін тілі» дейді. Сондықтан, тіл –
адамзат баласына тән аса бір ғажайып құбылыс. Белгілі
бір тілдің пайда болып, құрылым-жүйесінің қалыптасып
қызмет етуі үшін жүздеген, мыңдаған жыл қажет болса,
ал оның із-түзсіз жоғалып кетуіне көп жылдың керегі жоқ.
Тілдің бәрі де – игілік, қоғами, адами кұндылық. Тіл
– адамзаттың адамдық белгісі. Кез келген тіл – қарым-
қатынас жасауда жұмсалатын таңбалардың бірізді жүйесі.
Осы тұрғыдан алғанда тілден тілдің еш кемдігі жоқ,
терезесі тең.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Сөз мәдениеті». А., «Мектеп», 2006.
2. Тіл майданы. А., «Арыс», 2000.
3. «Қазақ тілі теориясының негіздері». А., «Ғылым»,
2002.
4. Қазақ тілі (энциклопедия). А., «ГОК-ТІРО»
редакциялық баспа орталығы. 1998.
5. «Қазақтар». ІV том. А., 1998.
6. С.Қалиев, Б.Иманбекова. «Ахмет Байтұрсынұлы-
ның педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне
пайдалану». А., «Өлке», 2002.
Зәуреш МАХАДИЛ,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ
Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының инновациялық
технологиялар және ғылыми-жаратылыстану
(гуманитарлық) пәндерін оқыту
әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІНІҢ
ТүРЛЕРІН ТҰТАСТЫҚ ТҰРҒЫДА
ІСКЕ АСЫРу – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
ДАМЫТу ТӘСІЛІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Инновациялар мен
оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына»
10
11
тақырыбындағы дәрісінде: «Жеке тұлғаны функционалдық
әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту
тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұ-
жырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол
әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі
іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге
мүмкіндік береді» деді [1].
Жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу оқыту
үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуді талап
етеді. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен
тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі
мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдерді
оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін
деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген
тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттамаларының
негізінде, Қазақстан Республикасының өзге тілде жалпы
білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарында қазақ
тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды.
Оқушының білім, білік дағдылары орта мектеп жүйесін-
де тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық
ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді.
Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы
оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі
бағдарламада қарастырылған. Атап айтқанда: басты
мәселе – пәндік сөйлесім әрекеттеріне тән тілдік және
мәдени-танымдық құзыреттіліктер мен қатысымдық
(коммуникативтік)
мәселелердің
шешімін
табу,
ақпараттық түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға
мүмкіндік тудыру, яғни, тілдік қабілеті дамыған дара
тұлғаның жетілуіне мүмкіндік жасау.
Аталған міндеттерді шешу жолы – әр сабақта сөйлесім
әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым,
оқылым, тілдесім) меңгерте білу. Өйткені кез келген
тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау
әрекеттері арқылы іске асатынын Ф.Ш.Оразбаева
бағдарламада атап өтеді [2].
Әдістеме ғылымында сөйлесім әрекетінің мынадай
негізгі түрлері белгіленген: продуктивті (айтылым мен
жазылым) және рецептивті (тыңдалым мен оқылым).
Қатысымдық орта адамдардың өзара іс-әрекеті
үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы іске
асатыны белгілі. Сондықтан да сөйлесім әрекеті - жағдай
туғызуды қажет етеді, яғни, ойын түрлері, жағдаяттық-
рөлдік тренингтер, сипаттамалық мәтін құрастыру
тапсырмаларын
орындатқызу
арқылы.
Мысалы,
«тыңдалым» бойынша мәтінді екі рет тыңдайды да,
тапсырма орындайды. Себебі «тыңдалым тек есту ғана
емес, сонымен бірге мағыналы, маңызды хабарды ұғып
алып, қажетке жарату» деп тұжырымдайды Ф. Оразбаева.
Қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9-
сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарлама-
сының талаптарын қарасақ, 7-сынып, 18-бет. Тыңдалым:
Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және
үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының
байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап
түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына
жауап беру.
Тыңдалым.
Адам ағзасына қажетті тағамдық заттар: белоктар,
майлар, минерал, тұз. Сондықтан азық-түліктің түр-түрін
жеу – адамға пайдалы.
12
13
Тамақты өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу
зиян.
Түскі асты көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған
жөн.
Күнделікті қант мөлшерін 60, тұз мөлшерін 4-6
грамнан артық пайдаланбау керек. Шайды тамақтан кейін
1-2 сағаттан соң ішкен жөн.
Таңертеңгі ас – толық және міндетті түрде ыстық болу
керек. Түскі ас – орташа, кешкі ас – жеңіл болғаны абзал.
Көкөністер мен жемістерді жаңа үзілген күйінде
қабылдау пайдалы. Майсыз сүт өнімдерін (айран, сыр,
йогурттар, ірімшік) ішіп-жеу пайдалы.
Жауабы:
Сөйлемдер
Дұрыс Бұрыс
1. Тамақты өте ыстық немесе өте салқын
күйінде жеу зиян.
+
2. Түскі асты майонез қосылған салаттан
бастаған жөн.
+
3. Күнде шұжық, сары май, 2-3 жұмыртқа
жеу пайдалы.
+
4. Таңертеңгі ас толық және міндетті
түрде ыстық болу керек.
+
5. Кешкі ас толық болғаны абзал.
+
Барлығы: 5 ұпай.
Осы мәтіннен оқушы өмірлік маңызды мәліметті
өзінің дәптеріне жазып алады.
«Айтылым – тілдік қарым-қатынас барысында
адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші
біреуге ұғынықты етіп жеткізу» дейді әдіскер-ғалым
Ф.Ш.Оразбаева [3]. Сөйлесім әрекеті түрлерінің ішінде
«айтылым» мен «жазылым» күрделі, өйткені баяндау,
сипаттау, суреттеу сынды тапсырмаларды орындау
барысында тұлға өзінің ішкі интеллектісін жұмылдырып
қана қоймай, шығармашылық әлеуетін дамытады.
Суреттеу дағдысын сұрақ, тапсырма немесе
көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну арқылы
қалыптастыруға болады. Мысалы,
1. Суретте не бейнеленген?
2. Түстерді атап беріңіз. Сөздік әзірлеңіз.
3. Сөздікті қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
Сөйлемдерді жүйелеп, мәтін шығарыңыз. Мәтінге ат
қойыңыз.
Көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну.
Ұлпа бұлттар, күмістей таза, мөлдір, шүйгін шөптер,
көк орман, күміс тамшылар. Күміс тамшылар көк
жапырақтардың қияқтарына, қызыл, сары гүлдердің
үлбіреген ернеулеріне тұрып қалды. Қызылды-жасылды
қызғалдақтар. (Ө.Тұрманжанов.)
Айнала көк шөп. Ақ, сары, қызыл гүлдер. Тау бөктері
түкті кілемдей. (Т. Әбдірайым.)
Қалың шалғын. Айнала долана, шетен, тобылғы.
(О.Әбілдаев.)
Самат басына ақ қалпағын киіп алып, гүлдерге су
құйып жүр. (Р.Бектібаев).
Жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдердің ортасында
ақ қайың өсіп тұр. Оның гүлдері сырға тәріздес. («Ол
кім? Бұл не?»).
Достарыңызбен бөлісу: |