Сөздікпен жұмыс:
тіл білімі – языкознание;
тұңғыш – первый;
зиялылар- интеллигенция;
ұйымдастырушы – организатор;
негізделген – основан;
құрбан – жертва.
(Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру)
Мәтінмен жұмыс:
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орыны қандай
болса, қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынұлы-
ның да орыны сондай.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті мен мәдениетін
зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым, қазақ тіл білімінің
атасы, түрколог, дарынды ақын-аудармашы, белгілі қоғам
қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасына негізделген
қазақ жазуының реформаторы болды. Ол қазақтың
тұңғыш әліппесін, оқулықтарын жазды. Ол жазған
мектеп оқулықтары 1914 жылдан 1928 жылға дейін
пайдаланылды.
«Ұлтшыл», «халық жауы» деген жала жабылып,
сталиндік биліктің құрбаны болды. Ахмет Байтұрсынұлы
қайта құрудың арқасында ақталды. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Тіл білімі
институтына Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді.
- мұғалім оқиды;
- оқушылар тізбектеп оқиды.
- мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар:
- 1-қатар – диалог құру;
- 2-қатар – мәтінге байланысты мақал-мәтелдер айту:
- 1) ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді;
- 2) жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл;
- 3) білімді өлсе, қағазда аты қалар;
- ұста өлсе, істеген заты қалар.
- 3-қатар. Тұжырым жасап, топтастыр.
Мотивация ояту: Интербелсенді тақтадан.
Жаңа
Көне
Мына екі сөз тақтада неге тұр? Таныс па? (оқушылар
түсіндіреді, мағынасын ашады, мысалдар келтіреді).
Жаңа сабақ түсiндiру:
Бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз: жаңа сөздер,
көнерген сөздер.
Көнерген сөздер – қазіргі уақытта қолданыстан
шығып қалған сөздер. Оның екі түрі бар: архаизм және
историзм. Мысалы; нөкер, батырақ, би, болыс, жүзбасы,
совхоз, комсомол.
Жаңа сөздер – ғылым мен техниканың дамуына
байланысты қолданысқа енген жаңа сөздер. Мысалы:
ғаламтор, ғарышкер, делдал, жарнама, айқұлақ, т.б.
78
79
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІI деңгей: Берілген сөйлемдердің ішінен көнерген
сөзді табу, түсіп қалған дыбысты жазу.
1. Кісі елінде с...лт...н болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
2.А.Байтұрсынұлы Советтердің Б...кілодақтық 8 с...
езіне дейінгі аралықта Кирвоенкомның мүшесі болды.
3. Қазақ ...лкесін басқару жөніндегі ...скери- револ...
циялық комитеттің м...шесі ретінде ел жұмысына белсене
араласады.
4.
1919
жылы
наурызда
б...рынғы
ұлт
интеллигенциясының көптеген ....кілдерін өзімен бірге
алып, совет ...кіметі жағына өтеді.
ІІ деңгей: Сөйлемдердің ішінен неологизмдерді
табу, синонимдерін айту.
1. Елбасы өзінің Жолдауында білімнің дамуына баса
назар аударған. (басшы, президент)
2. Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлына
ескерткіш орнатылған (монумент).
3. Мен ғаламтор бетінен Ахмет Байтұрсынұлының
аудармаларын оқыдым (әлеуметтік желі, интернет).
4. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин – өз
заманының зиялылары (саналы, зияткер).
І деңгей: Берілген сөйлемдерге толық синтаксис-
тік талдау жасау:
1. А.Байтұрсынұлының тәжірибесін түркі халықтары
үлгі етті.
2. Ахмет Байтұрсынұлы еңбек жолын бала оқытудан
бастаған.
3. Мен қазақ жерінде туып-өстім.
Жаңа сөздер мен көнерген сөздерді тіл білімінің қай
саласы қарастырады деп ойлайсыңдар? (лексика).
Қолдану аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?
Семантикалық карта:
І нұсқа.
№
Түрлері
Кәсіби
сөз
Диа
лект сөз
Тер
мин сөз
Кір
ме
сөз
Көнерг
ен
сөз
Ж
аңа
сөз
дер
1.
мекен-жай
2.
совхоз
3.
ау
4.
мұғалім
5.
энергия
6.
малай
7.
шемішке
8.
ғаламтор
9.
комсомол
10.
көпшік
11.
азанда
12.
лексика
13.
кітап
14.
уәзір
15.
субұрқақ
ІІ нұсқа.
№
Түрлері
Кәсіби
сөз
Диа
лект сөз
Тер
мин
сөз
Кір
ме
сөз
Көнерг
ен
сөз
Ж
аңа
сөз
дер
1.
тақта
2.
зейнетақы
3.
фонетика
4.
барымта
5.
Ом заңы
6.
сым
7.
тұқым
8.
цирк
9.
нөкер
10. әуежай
80
81
11. ғарышкер
12. хан
13. ғылым
14. зиялы
15. қармақ
Тест сұрақтары:
І нұсқа.
1. Архаизмді тап:
А) жеке кәсіпкер; Ә) адрес; Б) алтыбақан.
2. Жаңа сөзді тап:
А) қымыз; Ә) бағдаршам; Б) әдебиет.
3. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты
пайда болған сөздер:
А) диалект сөздер;
ә) кәсіби сөздер;
б) жаңа сөздер.
4. «Лексика» сөзі қай тілден енген?
А) араб; ә) грек; б) орыс.
5. Тарихи сөзді тап:
А) комсомол; ә) мысы құру; б) теледидар.
6. А.Байтұрсынұлы кім?
а) тіл білімінің атасы;
ә) саяхатшы;
б) суретші.
7. А.Байтұрсынұлының туған жері:
а) Ақтөбе облысы;
ә) Қостанай облысы;
б) Маңғыстау облысы.
8. А.Байтұрсынұлы еңбектері:
а) «Әліппе», «Тіл құралы»;
ә) «Педагогика», «Құтадғу білік»;
б) «Жетісу тарихының шежіресі», «Қазіргі қазақ
тіліндегі диалектілер».
9. А.Байтұрсынұлы атында қандай институт бар?
а) Тіл білімі институты;
ә) Зерттеу институты;
б) Ауыл шаруашылық институты.
10. Лексика нені зерттейді?
а) тіл дыбыстарын;
ә) сөз құрамын;
б) сөз мағынасын.
ІІ нұсқа.
1. А.Байтұрсынұлы кім?
а) зерттеуші; ә) этнограф; б) ғалым.
2. Архаизмді тап:
А) ғарышкер; Ә) уәзір; Б) зиялы.
3. Жаңа сөзді тап:
А) елбасы; Ә) нөкер; Б) сым.
4. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы?
А) фонетика; ә) лексика; б) синтаксис.
5. Қостанай педагогикалық институты кімнің
есімімен аталады?
А) А.Байтұрсынұлы;
Ә) М.Өтемісұлы;
Б) С.Торайғыров.
6. Тарихи сөзді тап:
а) бағдаршам; ә) колхоз; б) ғаламтор.
7. А.Байтұрсынұлы шығарған газет:
а) «Жас алаш»; ә) «Қазақ»; б) «Қазақстан».
8. Қазақ жазуының реформаторы:
а) В.Радлов;
82
83
ә) Н.Сауранбаев;
б) А.Байтұрсынұлы.
9. Қолданыстан шығып қалған сөздер:
а) неологизмдер;
ә) көнерген сөздер;
б) фразеологизмдер.
10. А.Байтұрсынұлы еңбек жолын неден бастады?
а) бала оқытудан;
ә) сурет салудан;
б) зерттеуден.
Тест тапсырмасын тексеру.Кілт беріледі, оқушылар
өз-өздерін тексереді.
«СИНКуИН» әдісі.
Кім? Қандай? Не істеді? Синоним. Сөйлем.
Қорытындылау. Бүгінгі сабағымызда көрсеткен
білімдеріне қарап, тәуелсіз еліміздің болашағы жастар
қолында, білімді, жан-жақты оқушы ғана аңсаған
армандарына, білім көгіне жете алатындығын айту қажет.
Тәуелсіздігіміздің ашық аспанында жетер биіктерің де,
алар асуларың да аз еместігіне сенімім мол. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты,
биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» деген,
яғни, жастарға сенім артқан.
үй тапсырмасы: «А.Байтұрсынұлы – тіл білімінің
атасы» мәтінін оқып, мазмұнын айту.
Көркем әдебиетті пайдалана отырып, ішінде көнерген
сөздері бар 5 сөйлем жазып келу.
Бағалау: үй тапсырмасын жауап берген оқушылардың,
сабаққа белсене қатысқан оқушылардың еңбектерін
бағалау, түсінік беру, марапаттау.
Бастауыш білім бағанасы
Айгүл МАХМЕТОВА,
Нижнебурлук орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы.
ДүКЕНДЕ
(3-сынып)
І нұсқа.
1. Сөздердің аудармасын жаз:
Қалай? –
Продавец –
Тяжелый –
Юла –
Надул (а) –
Радовался –
Жасады –
2. Мәтінді аудар. Бота и бабушка ходили в магазин.
Они купили хлеб, масло, сахар, чай, торт. Дедушка на
базаре купил яблоки, груши, лук, огурцы, помидоры.
Мама приготовила еду. Еда была вкусной.
3. Сөйлемді дұрыс құра. Дүкені, мынау, ыдыс. Әдемі,
дүкен, үлкен.
4. Артық сөзді тап: Құмыра, кесе, етік, шәйнек, қасық,
пышақ.
5. Өлеңді аяқтап жазыңдар:
Нан қоқымын ..........
Жерде жатса ............
84
85
6. Қандай? оқушы.
Қандай мектеп.
Қалай? келді.
ІІ нұсқа.
1. Сөздердің аудармасын жаз:
Қандай? –
Ваза –
Лёгкий –
День рождения –
Играл (а) –
Внук, внучка –
Сыйлық –
2. Мәтінді аудар. Это магазин игрушек. Он на улице
Абая. Сегодня день рождения Саяна. Он с мамой пришел
в магазин. Мама купила ему машину. Саян обрадовался.
3. Сөйлемді дұрыс құра. Бар, ыдыстар, көп. Сатушы,
анасы, Аянның.
4. Найди лишнее слово. Шар, зырылдауық, машина,
кітап, аю, шахмат.
5. Өлеңді аяқтап жазыңдар:
Теріп алып ..........
Торғайларға ............
6. Қандай? бала.
Қандай? үй.
Қалай? барды.
Жыл мезгілдері
І нұсқа.
1. Сөздердің аудармасын жаз:
Қаңтар –
Ноябрь –
Июнь –
Купаются –
Время года –
Демалады –
Сильно –
2. Мәтінді аудар.
Весной
Пришла весна. Зацвели деревья. С теплых стран начали
прилетать птицы. Алмас сделал скворцу скворечник. Он
прикрепил скворечник на дерево. Прилетел один скворец.
Алмас очень сильно обрадовался.
3. Сұрақтарға жауап бер:
Неше жыл мезгілі бар?
Бір айда неше күн бар?
Бір аптада неше күн бар?
Бір сағатта неше минут бар?
4. Артық сөзді тап: Арыстан, жолбарыс,қоян, жылқы,
маймыл,түлкі.
5. Қыс айларын жаз.
6. Сөйлемге керекті сөздерді қойып, көшіріп жаз:
Көктемде ......... жылынады. Жерге ....... шығады.
.......... ұшып келеді.
Жыл мезгілдері
ІІ нұсқа.
1. Сөздердің аудармасын жаз:
Ақпан –
Октябрь –
Июль –
Загорают –
Құстың ұясы –
Зацвели –
86
87
Радовался –
2. Мәтінді аудар.
Лето
Лето – самое жаркое время года. Июнь, июль, август
– летние месяцы. Дети летом отдыхают. Они едут в аул,
большие города или в лагеря. Летом дети купаются и
загорают. Дети очень любят лето.
3. Сұрақтарға жауап бер:
Бір жылда неше ай бар?
Бір айда неше апта бар?
Бір тәулікте неше сағат бар?
Бір минутта неше секунд бар?
4. Артық сөзді тап: Кемпірқосақ, жаңбыр, ағаш, жел,
боран, қар.
5. Жаз айларын жаз.
6. Сөйлемге керекті сөздерді қойып, көшіріп жаз:
Қазір ...... айы. Шілде айында ....... жауады.
Түн .........., күн .......... болады.
Айгүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Солтүстік Қазақстан облысының
Петропавл қаласындағы
№1 лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың алған
білімдерін жинақтап қорыту, тексеру; дамытушылық –
тез ойлау, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Оқушының
ақыл-ойын, білімге ынтасын дамыту, сөздік қорын
байыту; тәрбиелік – оқушылардың мемлекеттік тілге
деген қызығушылығын арттыру, тілді құрметтей білуге
баулу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, кәртішкелер, тірек-
сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа бейімдеу.
Кіріспе сөз: - Бүгінгі сабағымызды мына өлең
жолдарымен бастағым келеді: 1-слайд.
Әліпбиді біліңдер,
Онда жүйе, қалып бар!
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Дыбыстар әлеміне
саяхат.
- Бүгін біз сендермен бірлесіп, дыбыстар әлеміне
саяхат жасаймыз. Саяхат сабағы болғандықтан алдымен
байқаушыларды тағайындап алайық. Қазір сендер екі
топқа бөлінесіңдер. 2-слайд.
1-ТОП – ӘРІПТЕР.
2-ТОП – ДЫБЫСТАР.
Сабағымызды бастаймыз.
3-слайд. 1-АЯЛДАМА – ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ.
Қазір экраннан ерекше дыбыстарды көресіңдер,
әр дыбысқа байланысты сөздер берілген, сол сөздерді
іштеріңнен оқып, есте сақтауларың керек. Сосын әр
топтан бір оқушы шығып сөздерді тақтаға жазады. Қай
топ көбірек сөз жазады, сол топ жеңіске жетеді. 4-слайд.
88
89
Ә, Ө, Ү, Ұ, Қ, Ғ, Ң, Һ, І
ӘЖЕ, ӨМ ІР, үМ ІТ, ҰЯ, ҚА ҒАЗ, ҒАЛЫМ, ЖА ҢА,
ҚА ҺАРМАН; ІЛГ ІШ
- Жарайсыңдар, жақсы. 5-слайд.
2-АЯЛДАМА – Кім көп біледі?
1-ТОП – ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР.
2-ТОП – ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР.
Бұл аялдамада әр топтан бір оқушы шығады, үстелде
жатқан суреттерден өз тақырыбына байланысты
суреттерді бөліп алып, әңгімелеу. 6-слайд.
3-АЯЛДАМА – ОЙЫН ОЙ ШАҚЫРАДЫ.
- Қазір біз ойын ойнаймыз. «Қай әріпті жоғалттым?»
Берілген сөздердегі жоғалған әріптерді тауып, оқу.
СА...АТ, ЖАП...РА...,
ША...Ғ..., Қ...С,
ЖИ...АЗ, Т...ЛК...
Д...Б...С, ...Р...П
...ОЯ... ТОР...АЙ
Қ...РЛЫ...АШ ҚАР...А
- Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Ендеше, қазір әр топ қарлығаш болып, сергіту сәтін
жасайды. Қай топ әдемі жасайды, сол топ жеңеді.
СЕРГІТУ СӘТІ
ҚАНЕ, ҚАНАТ ЖАЗАЙЫҚ.
ҚАРЛЫҒАШ БОП ҰШАЙЫҚ.
ҰШЫП, ҰШЫП АЛАЙЫҚ,
ОРЫНЫМЫЗҒА ҚОНАЙЫҚ.
- Жақсы, келесі аялдамаға көшеміз.7-слайд.
4-АЯЛДАМА –
СӨЙЛЕМ СӨЗДЕН ҚҰРАЛАДЫ.
- Берілген тірек-сызбаны толтырасыңдар. Толтырып
болған соң тірек-сызбаны сөйлетесіңдер.
1- ТОП – ОҚу ҚҰРАЛДАРЫ.
2-ТОП – ТАБИҒАТ.
- Жарайсыңдар.
Келесі аялдамаға көшейік. 8-слайд.
5-АЯЛДАМА – КІМ ЖЫЛДАМ?
«Кім жылдам?» аялдамасының мақсаты берілген
сөзден көбірек сөздер құрастыру.
- Жақсы, жарайсыңдар. Сөз кезегін байқаушыларға
береміз.
Сабақты қорыту.
Бағалау. Қоштасу.
Бақыт СЕГІЗБАЕВА,
Алматы қаласындағы
І.Жансүгіров атындағы
№130 гимназия мұғалімі.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Қазақ тілі сабағында не үйрендіңіз?
а) сурет салуды үйрендім;
ә) қазақша өлең үйрендім;
б) шаңғы тебуді үйрендім.
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
а) грек;
ә) түрік;
б) славян.
90
91
3. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
а) 7;
ә) 9;
б) 6.
4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
а) 42;
ә) 45;
б) 41.
5. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
а) 11;
ә) 15;
б) 13.
6. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
а) 21;
ә) 23;
б) 25.
7. Ы.Алтынсариннің қандай өлеңін білесің?
а) Мақта, досым!
ә) Кел, балалар, оқылық!
б) Ұқыпты оқушы.
8. Ахмет Байтұрсынұлы кім?
а) суретші;
ә) ғалым;
б) жазушы.
9. Қазақ тілі өз мәртебесін қашан алды?
а) 16 желтоқсан 1991 ж.;
ә) 25 қазан 1996ж.;
б) 21 қыркүйек 1989ж.
10. Қайсысы жіңішке дауыстылар?
а) ә, ө, ү, і, е;
ә) а, о, ұ, ы;
б) қ, ғ, г, и, й.
11. Көптік жалғауы бар сөзді тап:
а) мекеме;
ә) гүлзарлар;
б) құрылысшы.
12. Бірінші жақта тұрған сөзді тап:
а) үйрендім;
ә) түседі;
б) оқисың.
13. «Кружок» сөзінің аудармасын тап:
а) үкімет;
ә) үйірме;
б) өшіргіш.
14. -лар, -лер – қандай жалғау?
а) жіктік;
ә) тәуелдік;
б) көптік.
15. Жіңішке дауысты сөзді тап:
а) құрылысшы;
ә) өрнектер;
б) тақталар.
16. Төрт буынды сөзді тап:
а) о-ку-шы-лар;
ә) құ-ры-лыс-шы-лар;
б) ас-та-на.
17. «Мұғалімдер» – неше буынды сөз?
а) 2;
ә) 5;
б) 4.
18. «Кітап» сөзіне қай көптік жалғауы жалғанады?
а) -лер;
92
93
ә) -тар;
б) -тер.
19. «Дом Правительства» сөзінің аудармасын тап:
а) балалар үйі;
ә) Үкімет үйі;
б) қонақ үйі.
20. Бақта не өседі?
а) жеміс;
ә) көкөніс;
б) жидек.
21. Бақшада не өседі?
а) жидек;
ә) көкөніс;
б) жеміс.
22. Ең әнші құсты тап:
а) қарға;
ә) бұлбұл;
б) сауысқан.
23. Жыл басы қайсы аң?
а) тышқан;
ә) арыстан;
б) тауық.
24. Оқу-білім тұралы мақалды анықтаңдар:
а) Жері байдың елі бай.
ә) Күш – білімде, білім – кітапта.
б) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
25. Кітап туралы айтылған нақыл сөзді табыңдар.
а) Ақыл азбайды, білім тозбайды.
ә) Көз – қорқақ, қол – батыр.
б) Кітап – адамның досы.
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Динара САДЫҚОВА,
Семей қаласындағы
№28 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕРДІҢ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: Семей қаласы туралы жан-жақты
мағлұмат беру.
Міндеттері: білімділік – көмекші есімдерге
байланысты білімдерін қалыптастыру; дамытушылық
– жаңа сөздермен, көмекші есімдермен сөз тіркестерін,
сөйлем құрастыруға дағдыландыру, өз ойларын еркін
әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру; тәрбиелік –
оқушыларды мемлекеттік тілге құрмет пен Отанымызға,
қаламызға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдер: топтық, сұрақ-
жауап, іздендіру, ой шақыру, көрнекілік әдістері, талдау,
салыстыру. Технологиясы: Блум жүйесі, модульдік
оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологияларының
элементтері, интерактивтік оқыту, СТО жобасы.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет, музыка,
математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Міндеті: оқушыларды сабаққа дайындау.
94
95
Мазмұны:
Сәлемдесу,
оқушыларды
түгелдеу,
назарларын сабаққа аудару.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен
таныстық? Біз өткен сабақта Астана қаласы туралы
әңгімелеп, әдемі, үлкен ғимараттармен, көмекші
есімдермен, жаңа сөздермен таныстық.
Ал бүгінгі сабағымызда «Семей қаласы» тақырыбымен
танысып, көмекші есімдерді қайталаймыз. Енді бүгінгі
күнді, сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазыңдар.
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Көмекші
есімдердің Семей қаласы» болса, қалай ойлайсыңдар,
сабақтың мақсаты қандай болады? Біз бүгін нені білеміз,
нені үйренеміз?
ІІ. Жаңа сабақ.
Сынып 3 топқа бөлінеді.
І топ – Тұлпар.
ІІ топ – Сұңқар.
ІІІ топ – Қыран.
Топ басшылары сайланып, бағалау парағы беріледі,
сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
Сабақ Блум жүйесі негізінде жүреді.
І. Білім.
- Ой шақыру.
Оқушыларға Семей қаласы туралы мәлімет жинап келу
берілген. Оқушылар слайдтар негізінде Семей қаласы
туралы баяндайды (Слайдтар негізінде, №6-25).
Семей – Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының
бірі. 1718 жылы Семипалатная қамалы ретінде негізі
қаланды. 1782 жылы қала мәртебесін иеленді. 1783
жылы Семипалатинск деп аталды. 1851 жылы қала гербі
бекітілді: «Қалқанның көкшіл бетінде алтын тиелген
түйе, оның үстінде күміс ай мен бесбұрышты жұлдыз.
Қалқанның жоғары жағында қаланың алтын тәжі
бейнеленген».
ХVІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өткен сауда
торабы. ХІХ ғасырда саяси жер аудару мекені болды.
1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамына
кіргізілді.
2007 жылғы Елбасы жарлығымен қала Семей атын
иеленді.
Семей 2781 мың га жерді алып жатыр, халқы 300 мың
адам.
«Семей» деген сөздің өзі көне түркі тілінде «рухани
орта» дегенді білдіреді.
Семей қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. Ертіс
өзеніндегі жаңа аспалы көпір қала көркіне, мақтанышына,
символына айналды. Жүздеген шақырымға созылған
қарағайлы орман бар. Қалада орталық саябақ, балалар
саябағы, балалар биологиялық орталығы, су бағы, жеңіс
саябағы тұрғындар игілігіне қызмет етеді.
Қала аумағында бірнеше мұражай: тарихи-
өлкетану мұражайы, Абайдың қорық мұражайы,
Ф.М.Достоевскийдің мұражайы, Невзоровтар отбасы
атындағы бейнелеу өнері мұражайлары жұмыс істейді.
Кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері, Жастар
сарайы есігі көрермендерге айқара ашық. Қазақ және
орыс театрлары халыққа рухани нәр береді.
Достарыңызбен бөлісу: |