Семей
96
97
Қалада 9 мешіт, 2 православ шіркеуі, тағы басқа
діни орындар жұртты имандылыққа шақырады.
Еуразия құрлығының кіндігі болып табылатын
Абайдың, Мұхтардың туған жері – Шыңғыстау. Онда
Абайдың мұражай үйі, «Еңлік-Кебек» зираты, Еуразия
кіндігі ескерткіші, Абай-Шәкәрім кесенелері бар.
Семей қаласында 20 жоғары оқу орны,14 колледж, 5
кәсіптік-техникалық мектеп, 82 жалпы білім беретін
мектеп жас ұрпаққа тәлім-тәрбие нұрын шашады.
Қалада Шәкәрім, Қабанбай батыр, Абай, Мұхтар
Әуезов ескерткіштері, Ауған соғысында қаза тапқан
жауынгерлерге, ядролық сынақтардың құрбандарына
арналған ескерткіштер патриотизмге баулиды.
Қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер
қайраткерлері Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы
ақын Абай Құнанбайұлы, ақын-философ Шәкәрім
Құдайбердіұлы, академик-жазушы Мұхтар Әуезов.
Өнер жұлдыздары: әнші Б.Төлегенова, Р.Рымбаева,
ғалым Қ.Мұхамедханов, жазушы Р.Сейсенбаев, сазгер
Б.Алибасов, айтыскер ақындарымыз С.Тоқтамысова,
Р.Зайытовтардың Семейден шыққанын мақтан етеміз!
ІІ. Түсіну (слайд №25).
- Бес жол өлең (инкуин) : Семей.
1. Зат есім (1).
2. Сын есім (2).
3. Етістік (3).
4. Мақал-мәтел немесе сөйлем (1).
5. Синоним (1).
ІІІ. Қолдану (слайд №27).
«Кім жылдам?» (схемамен жұмыс).
І топ: театр.
ІІ топ: мұражай.
ІІІ топ: автобус.
Схема негізінде осы сөздерді қатыстыра отырып
бірнеше сөйлем құрайды.
- «Сөздер жарысы» ойыны (слайд №28).
Есім. Осы сөздің әр дыбысына көмекші есімді сөз
тіркесін құрастыр:
Е -
С -
І -
М –
Сөз құрау, көмекші есімдерді қатыстырып сөз тіркесін
құрау, сөз тіркесі негізінде сөйлемдер құрау.
ІV. Талдау.
- Математикалық тәсілмен фонетикалық талдау:
мұражай, ескерткіш, ғимарат.
V. Салыстыру: Венн диаграммасы (слайд №31)
Астана – Семей.
VІ. Жинақтау.
98
99
- Ойтолғау.
Көмекші есімдерді қатыстыра отырып, «Болашақтағы
менің қалам» атты тақырыпта шығарма жазу.
Кубизм стратегиясы: Семей, көмекші есімдер.
1. Суреттеңіз.
2. Салыстырыңыз.
3. Зерттеңіз.
4. Қолданыңыз.
5. Атаңыз.
6. Бағалаңыз.
VІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
VІІ Баға
1
2
3
4
5
ІІІ. үй тапсырмасын беру (слайд №33).
Әдеби кітаптардан көмекші есімдері бар 5 сөйлем
теріп жазып келу.
Үлгі:
ІV. Қоштасу. «Менің қалам – Семейім» атты ән
орындалады.
Назгүл ЖАМПЕТОВА,
Павлодар облысының
Ақсу қаласындағы
№4 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ
СӨЙЛЕСІМ
(8-сынып)
Мақсаты: тіл үйрену қабілеттерін арттыру, қазақ
тілінде айтылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну,
сөйлесе білу, айту дағдыларын меңгерту. Міндеттері:
білімділік – өтіп жатқан тақырып бойынша оқушыларға
жан-жақты мәлімет беру, түрлі тапсырмалар арқылы
білімдерін бекіту, өзара сөйлесу негізінде оқушылардың
шығармашылық қызметін ұйымдастыру; дамытушылық
– оқушыларды қазақ тілінде жатық сөйлеуге дағдылан-
дыру. Жеке тұлғаны дамыту, жалпы қабілеттілікті,
еріктілікті дамыту; тәрбиелік – адамгершілік тәрбиесін
беру, еңбекке баулу, этикеттік орамдарды арттырып,
сыпайылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Сабақты өздігімен меңгеру. Әдіс-
тәсіл: жеке, жұппен, топпен. Оқыту формасы: ауызша,
практикалық. Көрнекілігі: мектеп асханасы, оқулық,
ватман, түрлі фломастер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды
түгелдеу.
ІІ. үй жұмысын тексеру: Мектеп асханасы жайында
Ол мені үйдің артында тосып
тұр екен.
С.Бегалин.
«Бала Шоқан»,
54-бет.
100
101
баяндау.
ІІІ. Жан-жақты тексеру: Сұрақтар арқылы тақы-
рыпқа шығу. Әр оқушының сабаққа мақсат қоюы.
ІV. Жаңа сабаққа енгізу: Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
Көрнекілігі: мектеп асханасы, оқулық, ватман, түрлі
фломастер.
V. Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Бекет арқылы жол бағыты.
1-бекет: Сынып бекеті. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Топқа бөліну: 2 жұмысшылар бригадасы .
2-бекет: Асхана бекеті. Асханадағы жағдаят (мәзірді
қолдану).
2-тапсырма: Даяшымен диалог құру, асқа тапсырыс
беру. Даяшылар аспазшылардан ас алып, дастархан
жаяды.
3-бекет: Сынып бекеті.
3-тапсырма. Шығармашылық топ жұмыс: Болашақ
асхананың жобасын ватманға салып, тендер ұтып алу.
4-тапсырма. Жобаларын қорғау.
VІ. Сабақты қорытындылау: Не білдік? Неге
үйрендік? Мақсатқа жеттік пе?
VІІ. үй жұмысы: І деңгей. Астың пайдасы туралы
мақал-мәтел жаттау.
ІІ деңгей. Анаңның дәмді жасайтын тағамы туралы
шағын әңгіме жаз.
ІІІ деңгей. «Болашақ асхана» тақырыбына шағын
шығарма жазу.
VІІІ. Бағалау: оқушылар мұғалімнің көмегімен әр
оқушыға дәлелдей отыра, баға қояды.
Гүлсима АХМЕТОВА,
Павлодар облысының
Ақсу қаласындағы
№4 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МАҚАЛҒА БАЙ СЫЙЛЫҚТАР
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың арасында
жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға , адал
дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету,
коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті: 1) адам қарым-қатынасындағы достық,
сыйластық ұғымы туралы түсінік беру; 2) оқушылардың
арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3) оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшыл-
дыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: біліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Әдісі:
практикалық әдіс, тренинг. Оқыту құралдары: сөйлеу
тілі, жазу, белсенді тақта, сурет, сыйлықтар. Оқыту
түрі: топпен.
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу:
- Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып
бір-бірімізбен амандасайық (Мұғалім шеңбер ортасында
тұрып айтады, ал шеңбер құрған оқушылар қайталайды).
Оқушылар хормен:
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, көк Аспан!
102
103
Амансың ба, Жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сіздерді көрсем қуанам!
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз бүгінгі сабағымыз тиімді өту үшін,
жақсы көңіл-күй, тиімді де нәтижелі жұмыс істеу үшін
сыйлық ретінде тілектерімізді бір-бірімізге білдіріп, сый
тартайық.
Мұғалім: - Балалар, шеңберде тұрып, бүгін бір-
бірімізге не сыйладық?
Оқушы: - Сыйлық.
Мұғалім: - Сонымен, біз сабақта қандай тақырыпты
бекітіп, тренинг өткіземіз, тренингті бастамай тұрып,
мына ережелермен танысып өтейік (белсенді тақтада
жазылып тұрады).
1. Бір-біріне сыйлық беру;
2. Ұзақ уақыт сөйлемеу;
3. Ұйымшыл болу.
Мұғалім топқа бөліп, тақтадағы слайдты көрсетеді.
- Балалар, біз сыйлықтарды қандай мерекеде
алғанды ұнатамыз?
Оқушы: - Туған күнімізге.
Мұғалім: - Ал, енді туған күнің қай мезгілде болады,
сондай топқа бөлінеміз:
1-топ: Көктем-Жаз.
2-топ: Күз-Қыс.
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын
өткізу.
1-топқа тапсырма: Берілген бір параққа әр оқушы
«Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттейді.
Салған жеке-жеке суреттерін бір эпизод қылып қорғау
керек.
2-топқа тапсырма: Берілген бір параққа ең қымбат
сыйды кімге арнайды, соны суреттеу. Салған сурет-
теріне топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету.
ІV. Мәтінмен жұмыс. «Ойды жалғастыр», миға
шабуыл.
Мұраттың сыйлығы
Апасы Мұратты дүкенге жұмсады. Ол келе жатып,
шөп үстінде мияулап жатқан мысықтың баласын көрді.
Ол «өзі қандай сүйкімді» деп ойлады.
Мұрат мысықты үйге алып келді. Жылы жерде сүтке
тойған мысық ұйқыға кетті.
Мұраттың досы Бақыттың туған күні еді. Мұрат
досына аппақ мысығын сыйлауды ұйғарды. Өйткені
досы үй құстары, үй жануарларын жақсы көретін. Бақыт
Мұраттың сыйлығына өте қуанып қалды.
Тапсырма:
1-топ Мұраттың қылығын жақтайды, дәлелдейді.
2-топ Мұраттың қылығын теріске шығарады,
дәлелдейді.
V. «Сыйластық. Бірлік. Достық. «Құрмет» үйін салу .
- Балалар, достар мен туыстардың арасында сыйлас-
тық, бірлік, достық, құрмет болу үшін үлкен үй салуымыз
керек.Сол үлкен үйді бәріміз бірігіп салып көрейік.
1. Ел бірлігі – ел теңдігі. В единстве народа – его
свобода.
2. Бірлік болмай тірлік болмас. Без единства жизни нет.
3. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді. Единство
и счастье едины.
4. Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. Народ,
не знающий единства, с нуждой дружит; Народ сильный
единством со счастьем дружит.
104
105
5. Бірлікті ел бұзылмас. Единство народа все беды
отводит.
6. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Легка ноша поднятая
сообща.
7. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Пока пальцы не
сойдутся и иголку не ухватишь.
8. Ынтымақ болмай іс оңбас. Без единства ни в одном
деле толку нет.
9. Сыйласаң, сыйлы боласың. Если будешь уважать,
будешь уважаемым.
VІ. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарымызға емін-еркін жайғаса
отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің
сыйлықты арнаған досын көз алдына елестетіп, оның
жақсы қасиеттері туралы ойлаймыз.
- Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-
жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
VІІ. Дәйек сөз.
- Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына
дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық:
«Сыйласаң, сыйлы боласың».
VІІІ. «Жүректен – жүрекке». Жылы лебіз білдіру.
- Балалар, шаттық шеңберіне келе қойыңдар. Енді
қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы да жылы
лебізімізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы
сөздер жазып беру.
ІХ. Қорытынды.
Х. үйге тапсырма.
Интеграциялық сабақ
Шәрбан САПАРҒАЛИҚЫЗЫ,
Павлодар қаласындағы
№27 орта мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Гүлмира САҒЫНТАЙҚЫЗЫ,
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
МӘТІН АРҚЫЛЫ
ГРАММАТИКАЛЫҚ
САуАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРҒАН
АСТАНА
(6-класс)
Цели урока: 1) образовательная: создать условия
для расширения общего кругозора учащихся об Астане
для обогащения словарного запаса. Повысить уровень
грамматических и лексических знаний через работу
с текстом; 2) развивающая: развитие познавательной
деятельности, развитие речи на английском и казахском
языках и умение работать в группе; 3) воспитательная:
воспитание чувства патриотизма, любви к Родине.
Вид урока: усвоение новых знаний. Тип урока:
интегрированный с использованием интерактивной
доски. Формы работы: индивидуальная, групповая,
фронтальная. Методы: объяснительно-иллюстративный,
наглядный, коммуникативный, игровой. Наглядные
пособия: интерактивная доска, слайды, таблицы,
оценочные листы, «Волшебный сундучок».
Ход урока:
I. Организационно-мотивационный этап: 2 мин.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
106
107
- Good morning, class! Glad to see you! How are
you? Who is absent?
Проверка домашнего задания: 3 мин.
Your hometask was to write 5 sentences in English and
Kazakh about your town.
II. Оперативно-познавательный этап: 30 мин.
Выход на новую тему с помощью слайдов
«Достопримечательности Астаны».
- Ал, енді, балалар, назарларыңызды тақтаға ауда-
рыңдар! Сұрақ қою:
1) Бұл не? т.б. (слайд 1-9).
«АСТАНА.»
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз 3 тілде өтеді, себебі
біздің сабағымызға ағылшын балалары келіпті. Олардың
келу мақсаты – Қазақстанмен танысып, біздің астанамыз
туралы білімдерін кеңейткілері келеді, ал сендер
ағылшын тілінде білімдеріңді толықтырып, тілдеріңді
жаттықтырасыңдар.
Раздаются тексты на английском и казахском
языках, группа «Еnglisһ» получает текст на
казахском
языке,
группа
«Қазақстандықтар»
текст на английском языке. Каждое задание
по тексту оценивается по пятибальной системе с
помощью заполнения оценочного листа. Ол үшін
«Астана» мәтінімен танысып, білімімізді толықтырамыз.
Работа с текстом «Астана» (слайд 11).
1) Составить по 5 предложений с новыми словами.
(слайд-10, индив. работа).
Цель: обогащение словарного запаса и умение
соблюдать порядок слов в предложении.
2) Прочитать выразительно текст и перевести
(групповая работа).
Игра «Волшебный сундучок». (Каждый ученик пишет
один вопрос к тексту и кладет в «волшебный сундучок»,
учитель перемешивает вопросы, затем каждый достает
любой вопрос на казахском или английском языке и
отвечает на него), (фронт.работа).
Пересказ текста на двух языках (индив.работа).
Релаксация: Мир в тебе, мир во мне, мир везде. 2 мин.
Счастье в тебе, счастье во мне, счастье везде. Любовь в
тебе, любовь во мне, любовь везде.
Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік
барлық жерде. Бақыт менде, бақыт сенде, бақыт барлық
жерде.
Махаббат менде, махаббат сенде, махаббат барлық
жерде.
Peace for me, peace for you, peace everywhere.
Happieness for me, happieness for you, happieness
everywhere.
Love for me, love for you, love everywhere.
5) Грамматическое задание.
а) Мәтіндегі етістіктерді теріп жаз.
ә) Выписать исчисляемые и неисчисляемые
существительные.
III. Подведение итогов по оценочным листам. 2 мин.
ІV. Рефлексия: (работа по интерактивной доске,
слайд 12), 3 мин.
А теперь посмотрим на доску и проверим как вы ус-
воили новую тему. Сөйлемнің дұрыс, бұрыстығын айыру.
Сөйлем
Дұрыс /
Тruе
Бұрыс /
Ғalsе
Астана Қазақстанның онтүстігінде
орналасқан.
Our capital is the young city.
108
109
Астананың символы - Атамекен.
We can see many interesting places there.
Астана зәулім ғимараттарымен
танымал емес.
There is only one popular building in
Astana.
Астана күннен-күнге гүлденбейді.
Домашнее задание: (слайд 13).
Выполнить разноуровневые задания: 2 мин.
1-уровень: Написать сочинение на тему «Астана».
2-уровень: Составить кроссворд, ключевое слово
«Сарitаl».
3-уровень:
Составить
5
предложений.
Үй жұмысы: Деңгейлік тапсырмаларды орындау. 2 мин.
1-деңгей: «Астана – біздің болашағымыз» тақырыбына
шығарма жазып келу. 2-деңгей: «Астана» тақырыбына екі
сөйлем құрастыру.
3-деңгей: Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру.
Астана.
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Ол Қазақстанның
орталығында, Есіл өзенінде орналасқан. Астана – қазіргі
кезде ең сұлу, жас қала. Астананың символы – Бәйтерек.
Бәйтерек – әсем, биік ғимарат.
Астана зәулім ғимараттарымен танымал. Белгілі
ғимараттар – Атамекен, Ақ Орда, Думан, Конгресс холл,
Жастар сарайы, т.б. Астананың болашағы зор. Астана
күннен-күнге гүлденуде.
Жаңа сөздер:
Орталық – центр – сепtrе;
Ғимарат – здание – building;
Зәулім – высотный – high;
Танымал, белгілі – известный – famous;
Болашақ – будущее – future;
Зор – огромный – great;
Гүлдену – процветать – prosper.
Аstаnа.
Astana is the capital of Kazakhstan. It’s in the central part
of Kazakhstan, on the river Esil. It has a population of over
six thousand people. Astana is the most beautiful and young
city. Astana is famous for its modern buildings. The popular
of them are Baiterek, Atameken, Ak Orda, Duman, Congress
Hall.
Astana also has a problem with traffic. There are many cars
on the streets. That’s why the city is noisy and crowded.
Бағалау парағы
№ Оқушы-
лардың
аты-жөні
1-тап.
Сөй-
лем
құрас-
тыру:
5-6с.-
5б.
3-4с.-
3б.
1-2с.-
1б.
2-тап.
Мәтін-
ді
мәнер-
леп
оқып,
аудару.
Қате
жоқ
- 5б
1қате-4б.
2қате-3б.
Зқате -26.
4қате-1б.
5-тен
жоғары -
0б.
3-тап.
Сұрақ
құрас-
тыру:
5с.-5б.
4с.-4б.
3с.-3б.
2с.-2б.
1с.-1б.
4-тап.
Маз-
мұнд.
Мұға-
лім
баға-
лай-
ды.
5-тап.
Грам.
жат-
тығу.
Қате
жоқ-5б.
1қате-
4б.
2қате-
3б.
Зқате-
2б
4қате-
1б.
5-тен
жоғары-
0
Бар-
лы-
ғы
1 Вальчук А.
2 Данилеску С.
3 Есмуханов Е.
4 Епифанова Д.
5 Жарова Т.
110
111
Жадымызда – желтоқсан жаңғырығы
Алмаш ОТАРБАЕВА,
Кенжегүл ҚАШҚЫНБАЕВА,
Шығыс Қазақстан облысының
Риддер қаласындағы
№3 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері.
«ҚИЫЛҒАН ҚЫЗҒАЛДАҚ»
ТАҚЫРЫБЫН АШҚАН ТІЛ
БАЙЛЫҒЫ
(сахналық қойылым)
(Қойылымның сценарийі Асқар Алпысбаевтың
«Қиылған қызғалдақ» әңгімесінің желісімен жазылған).
Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-
қасиетін түсіндіру; Міндеті: Отан-Ананы құрметтеу,
тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды
болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің
қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте
ұстауға, үлгі ете білуге үйрету, оқушының ойын жеткізе
білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу,
сөз әуезділігін, дикциясы мен интонациясын дамыту, ой
еркіндігіне, зерделілікке баулу, белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі:
интерактивті
тақтада
желтоқсан
қаһармандарының суреттері (Қайрат, Ләззат, Сәбира,
Ербол), тақырып желісі бойынша слайдтар, ұран жазылған
плакаттар.
Қысқаша мазмұны: 1986 жылы 16 желтоқсанда өткен
пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде
наразылық ұшқынын тудырады. Жастар алаңға шығады.
Шеруді қуғындау басталады. Бұл қасіретті күн – Қайрат,
Қайыргелді, Сәбира, Ләззат, Ербол сынды жүздеген,
мыңдаған қыршындарды қиып түскен озбырлық күні,
өктемдік күні. Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә
жастардың ішінде өзіміздің жерлесіміз, Тарбағатай
ауданы, Ақмектеп ауылынан, Өскемен педагогикалық
училищесінің 2-курс студенті Сәбира Мұхамеджанова да
желтоқсан құрбаны болып кете барды.
Жоспар:
1. Алаңда.
2. Жиналыс (құйынға түскен ғұмыр).
3. Он алты-ақ жаста еді.
4. Ерлікке тағзым.
Сырттан бір топ бала жүгіріп кіреді.
Бір бала: - «Алаңға жүріңдер, жиналыс болып жатыр!»
- деп айқайлайды.
Топырлап, алаңға бара жатқан жастар, арасында
не болып жатқанынан хабарсыздары да бар, ештеңеге
түсінбеген қалпы «Не болып қалды?» - десе, екінші
біреулері:-«Қонаевты орынынан алып тастапты»,
«Колбинді қойыпты», «Мәскеуден»,- деп жүгіре түсін-
діріп бара жатыр.
Сахнаға шыққан соң бір оқушы:
- Әр халықты өз ұлт өкілі басқаруы керек!
2-оқушы: - Қазақстаннан адам табылмады ма?!
3-оқушы: - Қонаевты шақырыңдар, шықсын ортаға,
түсіндірсін барлық жағдайды!
4-оқушы: - Талап-тілегімізді айтамыз!
5-оқушы: - Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені
несі?!
Осы дауыстарды қолдарында «Әр халықтың өз көсемі
болу керек!», «Қазақ ежелден еркіндік аңсаған!» деген
112
113
транспоранттары бар жастар «Иә!», «Дұрыс!», «Шықсын
ортаға!», «Шақырыңдар!», «Қонаев, Қонаев!» деген
сөздерімен қолдап тұрады. Осы кезде жастар теңселіп
тұрып ерекше бір шабытпен «Менің Қазақстаным» әнін
тамаша орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |