Мектебінде



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11088
1   2   3   4   5   6   7   8

1-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішінен  табиғат 

көрінісіне  дәлме-дәл  сәйкес  келетін  сөйлемдерді  тауып, 

астын сызыңыз.

2-тапсырма.  Осы  сөйлемдердің  ішінен  суретке 

біршама  сәйкес  келетін  сөйлемдерді  теріп,  мағыналық 

үйлесім құрыңыз.


14

15

Жоғарыда айтып кеткендей, көрнекі құралды қолдана 



отырып,  тұлғаны  әсерлендіре  аламыз,  басты  міндет 

шешіледі,  яғни,  суреттеу  арқылы  шығармашылыққа 

бейімделеді. 

Пән  мазмұнын  меңгертудің  талаптарына  сәйкес 

6-сынып  оқушысы хат жазып, онда өзін немесе отбасы 

мүшелерінің  біреуін  сипаттай  алуы  қажет  (Әлеуметтік-

тұрмыстық  ая.  1.  Менің  отбасым.  Жазылым.  Отбасы 

мүшелерінің сыртқы келбетін сипаттап хат жазу –11-бет). 

Хат жазғызуды батырлар мен ақын-жазушылар хаттарын 

үлгі  ретінде  таратып,  ашық  хат  толтырудан  немесе 

өзінің  күнін  қалай  өткізгені  туралы,  қандай  үйірмеге 

қатысатыны бойынша толық мәлімет беруден бастаймыз. 

Басында айтылып кеткендей, «айтылым» мен «жазылым» 

күрделі болғандықтан, өткен ғасыр материалдарын бүгінгі 

күнгімен  салыстыру  жұмысын  орындатқызу  да  жақсы 

нәтиже береді.

Биыл мен VI сыныпты бітірдім. Ертең ауылға демалуға 

барамыз.  Кешке  автобустың  кассасына  барып  билет 

алдым. Таңертең жолға шығамыз.

Ауылда  біз  кеткелі  бірталай  өзгерістер  болыпты. 

Жаңа  мектеп,  аурухана,  клуб  салыпты.  Совхоз  соншама                                   

өзгерген.  Көшелері  түп-түзу,  тас  төселіп,  гүл 

отырғызылған. Ауылда ыңғай бір қатарлы үйлер. Көшеде 

ағаштар тым жиі отырғызылыпты. Совхоздың жап-жақсы 

жатақханасы  бар.  Күндіз  суға  шомыламыз.  Балалар  көл 

жағасында,  етпетінен,  шалқасынан  жатып,  денелерін 

қыздырады.  Ауылда  өте  жақсы  дем  алдым.  («Қазақстан 

әйелдері» жұрналынан). 



Орындалған арман

Талғат пен Қуанышбек жолдас болатын. Сабақтан соң 

екеуі  әуежайға  барды.  Олар  ұшақты  жақыннан  көрді. 

Талғат  ұшақты  қалай  көргенін  балаларға  айтты.  Оны 

Қуанышбек толықтырды. Талғат күнде кешке аэроклубқа 

барып, үйірмеге қатысып жүрді. Өз ойын әкесіне айтты. 

Әкесі оның әңгімесін жалықпай тыңдады. Ол баласының 

ұшақты  білуге  құмарлығын  аңғарды.  Талғат  үйірмеден 

қол  үзбеді.  Ұшқыш  Махмұт  Бұқарбаевтан  планерлік 

өнерді үйренді. Енді ұшақты жүргізуді армандады. Ол он 

сегіз жасында ұшақтың кабинасында отырды. 

Жас  баланың  арманы  осылай  орындалды.  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  екі  мәрте  алған  Талғат 

Бигелдиновті  бүкіл  ел  біледі.  Ол  әрқашан  аспанды, 

ұшақты аңсап тұрады. (“Қазақстан пионері” газетінен)

Юрий Гагарин.

Бірінші сынып оқушысына хат.

Қадірлі  достым  менің!  Құттықтаймын!  Міне,  сен 

оқушы болдың. Алдыңда елеулі мақсат тұр: ол – жазу, оқу, 

санап үйрену…

Қымбатты достым, егер сен әлдебір қиыншылыққа тап 

бола қалсаң, саған әрқашан да коллектив көмекке келеді. 

Ол үшін өзің де жақсы жолдас: ақпейіл, әділ бола біл. Мен 

саған бақыт, денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. 

1. Теміржол бекетінде.

Біз күткен пойыз мезгілінен … кешігіп, түн ортасы ауа 

келді. Адам деген … қиындыққа төзеді деп кім ойлаған?! 

Түн  әлі  де  қараңғы.  Күндіз  жобалап  қойған  тас  жолмен 

вокзалға  жаяу  тартып  келемін.  Вагон  ішіндегі  адамның 

көптігі … бөшкеге толтырып салған балықтай екен. … иін 

тірескен адамның ішінен тысқа шыға қою да оңай болған 

жоқ. Қызылжардікімен салыстырғанда Омбы вокзалы … 

үлкен де, салтанатты да көрінеді. (С. Мұқанов.)



Мөлшер  үстеуі:  онша,  сонша,  соншалық,  мұнша, 

мұншама,       неғұрлым, соғұрлым, анағұрлым, әжептәуір, 



16

17

қыруар, талай, т.б.



Тапсырма.

1.  Көп  нүктенің  орынына  мөлшерлік  үстеулерді                  

тауып жазыңыз.

2. Берілген сұрақтарды қатыстырып, сөйлесіңдер.

- Билет қанша тұрады? Бірінші (екінші класты вагонға 

билет қанша тұрады?

- Жүрдек пойыз ба?

- … пойыз қашан жүреді екен?

- Қай пероннан?

- №.. перронға қалай өтуге болады?

-  Пойыз  қашан  келеді  екен?  Алматыға  дейін  пойыз 

неше сағат жүреді?

- Жүк сақтау қоймасы қайда?

- Жүгімізді қайдан алуға болады?

- Қалаға шығар жол қайда?

«Қазақстан» қонақ үйі

Алматы – қонақжай, меймандос қала. Алыстан келген 

жолаушыларға  құшағын  жая  қарсы  алатын  қонақ  үйлер 

көп.  Солардың  ішінде  Достық  даңғылының  бойындағы 

«Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. Мейманхана 

25  қабатты,  биіктігі  107  метр.  942  орындық,  472  қонақ 

бөлмесі  бар.  Ішінде  мейрамхана,  пошта,  телеграф, 

жинақ  кассасы  жұмыс  істейді.  Ең  жоғарғы  қабатта  тау 

мен  қала  келбеті  айқын  көрінетін  кафе  орналасқан.  Бұл 

– Алматыдағы ең биік ғимараттардың бірі. (6-сынып, 78-

бет).

Тапсырмалар.

1. Өзіңіз білетін қонақ үй туралы мәтін құрастырыңдар 

(үлгі  бойынша  орындау)  немесе  қонақ  үйдегі  қызмет 

түрлері бойынша сөздік құрастырыңдар.

2.  «Қонақ  үйде»  тақырыбындағы  диалогті  толық-

тырып, сөйлесіңдер.

- Бір орындық бөлме қанша тұрады?

- Бір орындық бөлме тәулігіне 15000 теңге тұрады.

-    Бұл  люкс  пе?  Нешінші  қабатта  орналасқан?  

Күншығысқа қарай ма?

3.  Өзіңізге  ұнайтын  қонақ  үйді  жарнамалау,  оны             

қорғау.


Басты  мақсат  –  әрбір  адамның  ішкі    мүмкіндіктерін 

өз  әрекетінде  пайдалануы  мен  өзін-өзі  дамытуға 

қабілеттілігін өркендетуге мүмкіндік жасау.

Қоғам мүддесіне сәйкес өзін-өзі белсенді етуге дайын, 

өзгермелі ортада өмір сүруге бейім,  бәсекеге қабілетті және 

құзыретті,  шығармашыл  тұлғаны  қалыптастырып,  оның 

болашақта  меңгеруге  тиісті  кәсібіне  келер  қатысымдық 

ортада  еркін  сөйлеуіне  қамды  бүгіннен  бастау  –  ұстаз 

міндеті.  Білім  алушының  тіл  белсенділігін  өркендету 

үшін  оқыту  үдерісін  тұлғаның  қызығушылығы,  қабілеті 

мен  қажеттіліктеріне    сәйкес  құру  қажет.  Сондықтан 

тұлғаны ойландыратын, ой салатын  тапсырмалар мен оны 

қызықтыруға  бағытталған  кешендер  әзірлеу  –  ұстаздың 

басты парызы.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Н.Назарбаев.  Инновациялар  мен  оқу-білімді 

жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына.  //  «Егемен 

Қазақстан», 2006, 27 мамыр.

2. Ф.Ш.Оразбаева, т.б. Оқыту қазақ тілді емес жалпы 

білім беретін мектептің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ 

тілі» оқу бағдарламасы. Негізгі және орта деңгей. – Астана, 

2010,  37-б.  Жеке  тұлғаны  дамыту  тұжырымдамасына 

көшу.


18

19

3.  Ф.Ш.Оразбаева.  Тілдік  қатынас  негіздері.  А., 



«Print-S», 2005, 147-б.

4.  М.С.Атабаева.  Диктанттар  мен  мазмұндамалар 

жинағы. А., «Білім», 2000, 152-бет; 155-бет.

5. С.Аманжолов, т.б. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін 

мектептің  8-сыныбына  арналған  оқулық.  А.,  «Мектеп», 

2004.


6. З.Бейсенбаев, т.б. Диктанттар жинағы. А., «Рауан», 

1998.


7.  Б.Құлмағамбетова,  Р.Құтқожина,  К.Әбуова.  Қазақ 

тілінен 6-сыныпқа арналған дидактикалық материал. А., 

«Мектеп», 1975, 27-бет.

   


   

 

Күлсін  ҚАРАБАЛИЕВА,



Орал қаласындағы  

№39 жалпы орта білім

беретін мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

ОҚуШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМА  

ЖАЗу БЕЛСЕНДІЛІГІ

Мектепте    оқушылардың    өмірлік    тәжірибесін  

жетілдіруде, әдебиетті  кең  түрде  түсінуде,  одан  ерекше  

әсер  алуда  шығарма  жұмыстарының  орыны  ерекше. 

Шығарма  –  оқушыларды    өзінше    ойлануға,    ұзақ    та  

үздіксіз  ізденіске  жетелейтін күрделі  жұмыстардың  бірі.  

Бұл  жұмыс  түрі –  оқушыларды  көркем мәтінді  нақтылы  

түсінуге,  оқушылардың  жалпы  әдебиет  жөніндегі  өз  

білімін  кеңейтуіне, олардың  оқығанын  терең  талқылай  

білуге, өз  сезімін,  ойын  жазбаша  түрде  бере  білуге  

үйрететіні  –  ақиқат.  Оқушының    елестету    және    ойлау  

қабілеті    күшті    болса,    онда    оның    көркем    шығарма  

кейіпкерінің    арман-ойын,    психологиясын,    іс-әрекетін  

нақты    түсінетіні    белгілі.Оқушы    шығарманы    толық  

түсінуі  үшін  оның  тілін,  көркемдік қуатын,  поэтикалық  

ішкі  иірімдерін  түсінуі,  білуі  шарт. Сонда  ғана  оқушы  

өз  бетімен  шығарма  жаза  алады. Төменгі  сыныптардан  

бастап    оқушыларға  осындай    талап    қоя    отырып, 

шығарма  жаздырудың  әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерту 

керек.  Оқушыны    шығарма    жазуға  дағдыландыру,  

машықтандыру  үшін  мынадай  талаптар  қойылады: 

1.  Шығарманы    шәкірттердің    өмірден    көргендері, 

түйгендері,  алған    әр    алуан    әсерлері    бойынша                                                   

жазу;                                                                                                                                                     

2.  Оқушылардың    көркем    шығарма    бойынша  

жазғандарын  өз  ой-пікірлерімен үндестіру шеберлігі;                                                                                                                                  

3.  Шәкірттердің  алынған    тақырыпты  өзінше    ашу                      

тәсілі;                                                                 

4.  Балалардың    шығарма    жазуға    психологиялық  

әзірлігі.

Шығарманың  мынадай  түрлері  бар:                                                                                      

А) әдеби тақырыпқа  байланысты шығарма;

Ә) шығармашылық әңгіме түріндегі шығарма;

Б)шығарма-инсценировка;

В)  поэзиялық    туындылар    бойынша  жазылатын 

шығарма, т.б.

Оқушылардың  шығарма  жазуға  дайындық  жұмыс-

тарын  мұғалім  жоспар  бойынша  ұйымдастыруы  керек. 



20

21

Нысанаға  алынған  материалдар  алдымен  жан-жақты 



түсіндіріледі.  Ол  үшін  алдымен  шәкірттер  жазатын 

жазба жұмысының тақырыптары  іріктеледі. Содан кейін 

іріктелген  тарау  мен  көріністердің  мазмұны  талданады. 

Көркем  туындының  оқиғалық  желісіне,  кейіпкер 

әңгімесінің  мазмұнына  орай  оқушылар  өз  беттерінше 

жоспар құрады. 

Шығарманы  жазар  алдындағы  дайындық  кезінде 

мұғалім  кейіпкер  атынан  баяндалатын  мәтінді  іріктеп 

алады.  Әрбір  дайындық  жұмыстың  нысанаға  алынған 

шығарма  ауқымына  мазмұндық-көркемдік,  жанрлық 

ерекшеліктеріне  орай  өзіндік  өзгешелігі  болады.  Бірақ 

дайындық  сабақтарына  арнайы  сағат  бөлінбейді. 

Мұғалімнің сыныптағы түрлі тапсырма арқылы берілген 

сілтемесі  бойынша  балалар  оны  үйде  өз  беттерінше 

әзірлейді.  Мәселен,  шығарма  жазуға  алдын  ала  әзірлеу 

үшін  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  бойынша  мұғалім 

оқушыларына төмендегідей тапсырма береді: сыныптағы 

бірінші  қатардағы  оқушыларға  Қозының  жақсы 

қасиеттерін  тауып,  дәптерге  жазуды  (ақылдылығы, 

төзімділігі,  айлакерлігі,  еңбексүйгіштігі,  т.б.),  ал  екінші 

қатарда отыратын оқушыларға Қозының сөзбен салынған 

портретін  анықтауды,  үшінші  қатардағы  шәкірттеріне 

Қозының  тұтастай  образын  елестетіп,  бейнелі  сөздерді 

табу тапсырылады. 

Мұндай  тапсырмалар  балалардың  шығармашылық 

ойлау қабілетін жетілдіріп, оларды ізденуге жетелейді әрі 

шығармаға  жүйелі  жоспар  жасауға,  туынды  табиғатын 

терең талдауға баулиды. 

Шығарма  оқушының  ішкі  жан  дүниесін  ашады, 

оқушыларды  өзін-өзі  тануға  үйретеді,  сонымен  бірге 

мұндай  шығармалар  мұғалімнің  оқушыны  жақсырақ 

тануына  да  көмектеседі,  сол  арқылы  тәрбие  жұмысына 

үлкен ықпал жасайды.

Шығарма  жоспары  үш  бөлімнен  тұрады:  кіріспе, 

негізгі  бөлім,  қорытынды.  Кіріспе  бөлімі  негізгі  ойға 

бағдар  береді  де,  негізгі  әңгімеге  апарар  баспалдақ 

сынды  болады.  Негізгі  бөлім  шығарманың  идеясы  және 

соған  байланысты  мәселелерді  ашып  көрсетеді.  Мұнда 

тақырыпқа сай айтылатын негізгі ой нақты дәлелдерімен 

алға  тартылады.  Қорытынды  жүргізілген  зерттеулердің 

нәтижесін  шығарады,  түпкі  шешім,  байқау  осы  бөлімде 

болады.


Ал,  енді,  оқушыларды  шығарма  жазуға  үйретудің 

негізгі сатыларына тоқталып өтейік.  



І.  Шығарма  тақырыбын  таңдап  алу  және  оны 

талдау.

Тақырып таңдау – күрделі де жауапты тапсырма. Бұл 

кезде мынадай мәселелер ойластырылуы керек:

 - тақырыпты түсінуі (оқушының әрбір түсінігі саналы 

түрде дәлелденуі тиіс);

-  таңдаған  материалды  білуі  және  түсінуі  (шығарма-

ның өзі, әдебиет тарихы мен теориясынан хабардарлығы, 

тақырыпқа  байланысты  тарихи  және  философиялық 

көзқарастары);

- тақырыпқа қызығушылығы;

-  оқушының  шығарма  түрін  анықтаудағы  жұмыс 

тәжірибесі  (мінездемелік,  салыстырмалы  мінездемелік, 

мәселелік шығарма, т.б.)

ІІ. Шығарманың идеясын анықтау.

Шығарма  жазуда  және  оның  жоспарын  жасауда  ең 

негізгі  рөл  атқаратын  нәрсе  –  оның  идеясын  анықтау. 

Себебі,  шығарманың  идеясын  анықтай  отырып,  оқушы 

көркем  шығарма  және  оның  қаһармандарына  өзінің 



22

23

қарым-қатынасын, көзқарасын белгілейді. 



Батырлар  жырын  шығара  отырып,  халық  өзінің 

келешек  ұрпағына  не  айтқысы  келді,  нені  үлгі  еткісі 

келді,  міне,  оқушылар  назарын  осы  мәселерге  аудару 

керек.  Батырлар  жырындағы  барлық  оқиғалар  бір  ғана 

нәрсеге  бағындырылған  –  Отанға,  елге,  туған  жерге 

деген  сүйіспеншілік,  елді  сыртқы  жаудан  қорғау  және 

батырлықты дәріптеу. Бұл ой – жырдағы ең негізгі түйінді 

және қорытынды ой болып табылады. Сонда бұл болашақ 

жазатын шығармамыздың идеясы болады. Осы тәртіппен 

оқушыларға  батырлар  жырының  жеке-жеке  идеясын 

тапқызамыз. 

ІІІ. Шығарманың жоспарын жасап үйрену. 

Жоспар  жасау  –  шығарма  жұмысын  орындаудағы 

ең  күрделі  дағдылардың  бірі  болып  саналады.  Кейбір 

оқушылар  шығармаға  жоспар  жасауды  қиынсынады. 

Мұғалім әуелі тақырыптың жай және күрделі жоспарын 

жасап көрсетуі керек. Шығарманың ойланып жасалынған 

жоспары  оқушы  ойының,  танымының  бағдары  тәрізді  

бағыт  сілтеп  отырады.  Оқушыларға  жазылатын 

шығарманың  тақырыбын  хабарлағаннан  кейін  үйде 

шығарманың жоспарын жасап келу тапсырылады. 

 ІV. Шығарманы аяқтау және қорытындылау.

Оқушыларға  шығарма  жазуда  қиындық  келтіретін 

нәрсе – шығарманы бастау және аяқтау (қорытындылау). 

Көптеген  оқушылар  кіріспе    бөлімінде  не  нәрселерді 

қамтуды білмейді. Мысалы, бір оқушы «Абайдың табиғат 

лирикасы» тақырыбына жазған шығармасын  «Қазақтың 

ұлы  ақын-жазушысы  Абай  Құнанбайұлы  1845  жылы 

туылып,  1904  жылы  59  жасында  қайтыс  болады.  Абай 

Семей облысы Абай ауданы, Шыңғыстау деген жерде туып 

өскен»,-  деп бастаған. Қандай тақырыптағы шығарманы 

да жазушының не ақынның өмірбаянынан бастай жөнелу 

– көп оқушылардың шығармаларына тән ортақ кемшілік. 

Шығарманың  кіріспе  бөлімінде  оқушы  тақырыпқа 

байланысты  сол  кездегі  тарихи  оқиғаларға  шолу 

жасайды. Өйткені біз оқушыларға әдебиет тарихпен өте 

тығыз байланысты деп үйретіп келдік. Сондықтан біз кез 

келген  шығарманың  кіріспе  бөлімін  міндетті  түрде  сол 

кездегі  тарихи  оқиғаларға  шолу  жасаудан  бастауымыз 

керек  деп  ойлаймын.  Баланы  да  соған  дағдыландыру 

қажет. Мұғалім шығарманың кіріспе бөлімінде шығарма 

тақырыбы мен идеясына сай сол кездегі тарихи оқиғалар, 

тарихи  жағдайлар  және  заман  туралы  фактілер  шолу 

түрінде жазылуы керек екендігін ескерту қажет. 

Ал  енді  шығарманы  аяқтау  және  қорытындылау 

кезеңінде  де  оқушылар  көптеген  қиындықтарға 

кездеседі. Бұл жерде де мұғалім оқушыға нақтылы бағыт-

бағдар  беруі  өте  қажет.  Шығарманы  қорытындылау 

оқушылардан  сауаттылықты,  білімділікті,  мәселеге 

деген  шығармашылық  пен  ой-пікір  ізденістері  және 

топшылауларының  молдығын  қажет  етеді.  Көптеген 

оқушылар шығарманы бір-екі сөйлеммен қорытындылай 

салады.  Мысалы,  «Біз  де  өскен  соң  Алпамыс  сияқты 

батыр  болып,  елді  жаудан  қорғаймыз»  немесе  «Абай  өз 

елін,  халқын  қалай  сүйсе,  мен  де  өз  елімді,  халқымды 

солай сүйіп өтемін» деген сияқты. Бұдан біз оқушының 

жанының терең тебіреністерін, жүрек сезімдерін нақтылы 

көре алмаймыз. Қандай тақырыптағы шығарма болмасын 

оқушы  негізгі  ой-пікірлерін  қорытындылай  келе,  оны 

бүгінгі өмірмен, бүгінгі заманмен байланыстырғаны жөн. 

Өйткені  шығарманың  негізгі  салмағы  да,  нәрі  де  осы 

қорытынды бөлімінде жатыр. 



24

25

Қорыта  келгенде,  мұғалім,  ең  бастысы,  шығарманың 



шығармашылық  жұмыс  екендігіне  оқушылардың  көзін 

жеткізуі  керек.  Егер  оқушы  оқулықтағы  талданған, 

айтылған мәселелерді сол қалпында ешқандай ой елегінен 

өткізбей көшіріп беретін болса, онда ол шығармашылық 

жұмыс болмайды.    

Шығарма  жаздыру  жұмысы  тек  дарынды  оқушылар-

дың  қабілет  көзін  ашуға  ғана  көмектеспейді,  басқа 

шәкірттерді де интеллектісі биік, сөз өнерін түсіне білер 

азамат,  білікті  оқырман  етіп  тәрбиелеуге  үлкен  ықпал 

етеді. Ал әдеби шығармашылықты бағалайтын, сөз өнерін 

түсіне білетін оқушы парасаты биік азамат болары қақ. Ал 

азамат тәрбиелеу – басты борышымыз.

   

   


 

Қама СМАДИЯРОВА,

№12 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Маңғыстау облысы, 

Ақтау қаласы.

ҚАЗАҚ ТІЛІН МОДуЛЬДЕП            

ОҚЫТу

Қазіргі 


уақытта 

Қазақстанда 

білім 

берудің 


өзіндік  ұлттық  үлгісі  қалыптасуда.  Бұл  үдеріс  білім 

парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі 

ескі  мазмұнның  орынына  жаңасы    келуде.  Жаңа  білім 

парадигмасының  ерекшелігі  –  бірінші  орынға  баланың 

білім,  білік  дағдысын  емес,  білім  беру  арқылы  жеке 

тұлғаны қалыптастыруды қойып отыр.

Мемлекеттік  тілді  оқытудың  қазіргі  талаптарына  сай 

мектеп  бағдарламасына  жаңа  технологияларды  енгізу 

арқылы  оқушының  терең  білім  алуына,  жан-жақты 

дамыған  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  жағдай  тудыру 

басты  назарда  болып  отыр.  Осындай  мақсатта  дүниеге 

келген оқытудың инновациялық технологияларының бірі 

– М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясына 

сүйеніп  жасалған  5-сыныптардың  қазақ  тілі  пәніне 

арналған оқу модульдерінің үлгілерін ұсынып отырмын.

Аптасына  3  сағат,  барлығы  102  сағат  9  модульге 

топтастырылды.

Модуль №


Сабақтың тақырыбы

Сағат 


саны

Ана тілінің қызметі.

Әдеби тіл туралы түсінік.

Мәтін. Мәтіннің түрлері.

Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер.

Жазбаша мәтіндер.

1

2

2



2

2

1-модуль.



Лексика. Сөз және оның мағынасы. 

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. 

Көп мағыналы сөздер.

10

2-модуль.



Сөздердің мағыналық топтары. 

Омоним. Синоним. Антоним.

8

3-модуль.



Табу. Эвфемизм. Дисфемизм. Тұрақты 

тіркес. Мақал-мәтел.

10

4-модуль.



Сөздік қор және сөздік құрам. Қазақтың 

байырғы төл сөздері және басқа тілден 

енген сөздер. Көнерген сөздер мен жаңа 

сөздер.


10

5-модуль.

Сөздердің қолданылу өрісіне 

байланысты түрлері. Жалпылама 

лексика. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер 

және терминдер.

10


26

27

6-модуль.



Фонетика. Тіл дыбыстары туралы 

жалпы ұғым. Қазақ әліпбиі. Дауысты 

дыбыстар. Олардың түрлері.

10

7-модуль.



Дауыссыз дыбыстар. Үндестік заңы. 

Буын және дыбыс үндестігінің мәні. 

10

8-модуль.



Буын. Тасымал. Екпін. Орфография. 

Орфоэпия. 

8

9-модуль.



Сөзжасам. Түбір сөз және туынды сөз. 

Туынды сөз: жұрнақтар арқылы, бірігу 

арқылы, қосарлану арқылы, тіркесу 

арқылы жасалған жаңа сөздер.

10

Тіл мәдениеті.



Ауызша сөйлеу мәдениеті.

Жазбаша сөйлеу мәдениеті.

Жылдық қайталау.

1

2



2

2

Әрбір  оқу  модулінде  сағат  саны  әр  түрлі.  Бұл  –  оқу 



бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, 

тарауға  бөлінген  сағат  санына  байланысты.  Мысалы, 

№6-модуль 10 сағаттан тұрады.

№6 модуль.

Бөлімі

Сабақ 


саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе. 1-сабақ.



1. Фонетика. Тіл дыбыстары 

туралы жалпы ұғым. Қазақ 

әліпбиі. Дауысты дыбыстар. 

Олардың түрлері. 

2. Оқулықпен, дәптермен 

жұмыс.


3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

25 мин.


15 мин.

5 мин.


Диалог.

2-сабақ.


3-сабақ.

Оқу материалын меңгерту:

1. «Өзара оқыту сабағы» 

ойыны;


2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

1. «Ат ерттеу» ойыны;

2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

40 мин.


5 мин.

40 мин.


5 мин.

4-сабақ.


5-сабақ.

Білімді дамыту:

1. «Хан талапай» ойыны;

2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

1. «Қарлы кесек» ойыны.

2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

40 мин.

5 мин.


40 мин.

5 мин.


6-сабақ.

7-сабақ.


Білімді пысықтау:

1. «Түйе қомдау» ойыны.

2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

1. «Жарыс» ойыны.

2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

40 мин.


5 мин.

40 мин.


5 мин.

8-сабақ.


Білім мен іскерлік дағдыларын 

бекіту:


1. «Бетпе-бет» ойыны.

2. Қорытынды. Үйге тапсырма.

40 мин.

5 мин.


Қоры-

тынды.


9-сабақ.

10-


сабақ.

Білім мен іскерлік дағдыларын 

тексеру:

1. Тест.


2. Диктант.

1. Қатемен жұмыс.

2. Сынақ.

3. Қорытынды.

15 мин.

30 мин.


10 мин.

30 мин.


5 мин.

28

29

№6-модульдің 3-сабақ жоспарының үлгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет