Мектеп алды даярлық топтарына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары Қазан, 1-апта Күні: 05. 10



бет8/8
Дата28.01.2022
өлшемі30,69 Kb.
#24488
1   2   3   4   5   6   7   8

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңд. Т. Ломова).

Балалар музыканы тыңдайды, көңілді ырғақпен тізені жоғары көтеріп секіреді, серіппе жасайды, шапалақтайды, аяқ топылдатады.



Музыка тыңдау: «Жаңбыр шақыру» (Д. Ботбаев).

Әуендегі жаңбыр дауысын, тамшылардың дыбысын балаларға сезіндіру.

Күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттерін көрсету. Күз ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Жауын жауған кезде тағы қандай құбылыстардың болатынын сұрап, жауаптарын толықтыру. (Найзағай жарқылдап, күн күркірейді).

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Жаңбыр жауды» (К. Дүйсекеев). Педагог өлең жолдарын оқиды.

Күркіреді күн, күн,

Терезелер шың, шың,

Жауды жаңбыр төк-төк,

Шелек-шелек көп, көп.

Жон арқаңды тос, тос,

Күнбағыс, тез өс, өс.

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Әуеннің сипатын, екпінін, көңіл күйін ажырату. Балалардан жаңбырдың қандай пайдасы бар екенін сұрау. Әнді көңілді, жеңіл айтуға жетелеу.

Үйренген «Күзгі әуен» әнін (А. Досмағанбет) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Көңілді қолшатырлар биі» (педагогтің таңдауымен үнтаспада). Қолшатырдың көмегімен балалар жаңбырдан қалай қорғанатынын би қимылдары арқылы көрсетуге тырысады.

Ойындар, хороводтар: «Күн мен жаңбыр». Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Музыка әуенінің ауысуына балалардың тез бейімделуін қадағалау.


  1. Рефлексия


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

      • Бүгінгі ҰОҚ-да не ұнады?

Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар екен?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет