Мектеп алды даярлық топтарына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары Қазан, 1-апта Күні: 05. 10



бет6/8
Дата28.01.2022
өлшемі30,69 Kb.
#24488
1   2   3   4   5   6   7   8

ҰОҚ барысы


        1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
        1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).

Марш екпінімен тізені көтере адымдай басуды, бірге қимылдауды үйрету. Педагог балалармен күзгі серуен туралы әңгіме өткізеді.



Музыка тыңдау: «Қазан» (П. Чайковский).

Балаларға музыканы тыңдатып, күздің қандай құбылыстарын елестете алғанын сұрау. Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Күзгі әуен» (А. Досмағанбет).

Педагог әнді орындайды. Әннің мазмұнына көңіл бөліп, күз көріністерін елестету, шумағын жәй, сабырмен орындау.

Үйренген әндерді еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Ойындар, хороводтар: Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева).

Ойын шартын түсіндіріп, атрибуттарды пайдаланып ойнау. Қызығушылықтарын арттыру.



Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай). Балаларды музыкалық ұрмалы аспаптарында әуен ырғағымен еркін ойнауға үйретуді жалғастыру.


        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет