Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі 3


Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі73,18 Kb.
#12104
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ақыл ой

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы.


Ақыл-ойдың дамуы- бұл,баланың жасына,тәжірибиенің молаюына мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әркетінде пайда бролатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшан қарқын мен жүргізіледі,тіпті қалыптасады.Таным процестері жетіледі,бала ақыл-ой әркетінің қарапайым әдістерін менгереді.Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой дамуын қамтамасыз етудің оның барлық кейінгі іс-әркет үшін маңызы зор.

Бала айналадағы құбылыс қоршаған орта туралы сан мағлұматтар мен дағдылар,білімдер игереді.К.Д.Ушинский айтқандай ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенің ескерсек,баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай,сан-алуан,дегенмен,ақыл-ойы дамуының қайнар көзі бола алмайды.Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымждастырылып,түсіндірілмеген,өзі нің тікелей өмір тәжірибесі арқылы менгерген мәліметтер мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап,жасалған түсініктердің тууының негіз болады.

Баланың ақыл-ой дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады.Ол айналадағылармен қарым-қатынасқа тілді сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін менгереді.Соның нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай,оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.

Ақыл - ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелеу ықпалымен жүзеге асырылады.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру,олардың қорын жинау,шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін менгеру деп есептейді.Ғалымдар ақыл-ой мен тәрбиені дамытудың көптеген мәселелерін зерттеуде мектепке дейінгі шақтағы балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің негізі ретінде сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдістері талдауға қажетті түйсік пен қабылдаудың даму заңдылықтары реттеліп отыр; олардың көрнекі-қимылдық,бейнелі-образдық және ұғымдық,логикалық ойлауының қалыптасуы зерттелуде; танымдық қабілетінің қалыптасу ерекшеліктері айқындалуда; мектепке дейінгі балалық шақтан әр түрлі кезеңдеріндегі ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны мен әдістері және басқалары талданып жасалуда.

Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен міндеттерін білу керек.Осыларды ескере отырып,ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері,мазмұны,ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.Мектепке дейінгі шақтың аяғында балалардың бойында айналадағылар жөнінде қарпайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады,олар негізгі ойлау опеерацияларын менгереді (салыстыру,жалпылау т.б),заттар мен құбылыстардың елеуіл және елеусіз белгілерін айыруға,кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілет болады,олардың іс-әркетінің бастамасы қалыптасады.Ақыл-ой думуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әркет нәтижесінде ғана іске асады,сондықтан педагогтардың міндеті бұл үшін жағдай тудыру мен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады [29,6].

Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мынадай міндеттері белгіленген.Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыпру,танымдық психикалық процестерді; түйсінуді,қабылдауды,сақтауды,қиялд ауды,сөйлеуді дамыту: білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту; интеллектуальдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту; ақыл-ой әрекетінің қарпайым тәсілдерін қалыптастыру.

Балалар бақшасы алдында баланың ақыл-ой қабілетін дамыту міндеті тұр.Психологияда,қабілеттілік деп қандай да бір іс-әрекетті табысты игерудің алғы шарттарын жасайтын жеке адамның қасиеттерін атау белгіленген.Қабілет тиісті қызмет барысында пайда болып,дамиды.Адамның ақыл-ойы саналық (ақыл-реакцияның жылдамдығы), сыншылдық (фактіні,құбылысты,еңбек нәтижесін дұрыс бағалауға және оларды талдап,қателерін байқауға т.б. қабілеттілік), талаптанғыштық (ақыл-ой міндетін шешуді табандылықпен іздестіруге қабілеттілік,дұрыс жауап іздеп табу үшін түрлі әдістерді пайцдалану), ойлампаздық сияқты ақыл-ой саналары арқылы сипатталады.

Ақыл-ой тәрбиесі құралдарының бірі ойын болып табылады,ойын балаларға тән іс-әрекет үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп,өз білімін анықтайды,оны жолдастарымен бөліседі.

Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әртүрлі әсер етеді: сюжетті- рольдік ойындар айналасындағылар жөніндегі түсініктерін кенейтеді және тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі; драмалау ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды және тіл белсекділігін арттырады; құрылыс-құрастыру ойындары құрастыру қабілеттерін арттырады және геометриячлы фигуралар мен кеңістік қарым-қатынастары туралы білімін кеңейтеді.Тәрбиеші ойынның мазмұнын байытып,дұрыс ұйымдастырса,ол баланың ақыл-ойын дамытуға зор әсерін тигізетін болады.

Ойын үстінде балалар білім алмасып,ойынның әртүрлі жағдайдағы нұсқаларын ойлап табады.Ойынды бақылай отырып,тәрбиеші оның ұғымдарын нақтылап,жаңа рольдерді ойын әрекеттерін,жағдайларын ұсынады,сөйтіп балалардың ой-өрісін кеңейтекді.Ойын үстінде балалар алдын ала ойын тақырыбын белгілейді,жоспарын талқылайды,қандай құралдар әзірлеу қажеттігін ойлайды,оларды әзірлейді,ойын ережелерін тағайындайды.Бұл балалардан ақыл-ой белсенділігін және мақсатты талап етеді,және оларды қалыптастыруға көмектеседі.

Ақыл-ой тәрбиесінде ерекше маңызды орынды танымдық мазмұнымен ақыл-ой міндеттері қажетті элементтері болып табылатын дидактикалық ойындар алады.Ойынға сан рет қатынаса отырып,бала алған білімдерін (мысалы,өсімдіктің аты мен сыртқы түрі,еңбекке қажетті заттар,әдеби қітаптың мазмұны т.б) мықтап игереді.Ойын үстінде ақыл-ой міндетін шеше отырып сәби өз еркінмен есте сақтауға және қайта айтып шығуға,жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге,жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады.Мысалы Не өзгерді?, Жоқ нәрсе қайсы? деген ойындарды бала бірнеше заттарды немесе олардың тұрған орындардың еске сақтауы,онан кейін сол көріністі ойша қалыпқа келтіріп қандай өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға тиіс, Формасы осындай затты тап?, Түсіне қарап ал деген ойындарды заттарды жалпы белгілері бойынша топтау қажет, Суреттеуші бойынша тап, Ғажайып дорба, ойындарында балалар заттарды жеке қасиеттері бойынша анықтайды.

Сөйтіп,дидактикалық ойындар балалардың алған білімдерін нақтыландырып бекітіп қана қоймай,олардың ойлау қызметін де арттырады.

Еңбек,ойын және тұрмыстық қызмет балалардың ақыл-ойынның дамуына үлкен әсер еткенімен ақыл-ой тәрбиесінде жетекші роль оқытуға беріледі.Оқытудың артықшылығы- оның мақсатты бағытталуында.Оқыту жүйелі,жоспарлы түрде жүзеге асырылады,сол арқылы білім мен дағдыны жинақтауда белгілі бірізділік және беріктік қамтамасыз етіледі [160,7].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет