ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі -- балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғанықоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары -- талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
- ақыл- ой түрлерін дамыту;
- негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру
- дүниетінымды қалыптастыру.
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрак-тылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік.
Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмек-теседі.
Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мөнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау - ойдық жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау - ойдық жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Ақыл-ойдық дамуы талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.
Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оңи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу. Қазіргі уақытта оқушының өз жұмысының қорытындысын шығара білу іскерлігіне үлкен маңыз берілуде.
Арнайы іскерліктер - ноталарды тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтіндібаянда", "Жоспаржаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Осы іскерліктер оқушының ақыл-ой еңбегі мәдениетін дамытады. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
— негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
— зиялылық біліктерді қалыптастыру;
— дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.
Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу — сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты-балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- танымдық қызығушьшықты дамьпу;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
-ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
-ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
-ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі- басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты - жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;
-адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;
- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;
- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі -адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта»- деген өсиеттері осыны айғақтайды. Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа «Мен»- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады. Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |