Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі 3



бет1/8
Дата06.01.2022
өлшемі73,18 Kb.
#12104
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ақыл ой


Мазмұны




І.Кіріспе 2

1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі 3

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы. 8

ІІ. Негізгі бөлім 11

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызы мен міндеттері 11

2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің формалары мен әдістері 18

2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу жолдары. 21

ІІІ.Қорытынды 27

IV. Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі 28





І.Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін тәрбиешінің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны -балалардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды.

Зерттеудің мақсаты. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- танымдық қызығушылықты дамьпу;

- танымдық белсенділікті қалыптастыру;

- белгілі білім көлемін меңгеру;

- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

- ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетілді.

Бірінші кезеңде зерттеу мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.

Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік жұмыс жасалынды.

Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет