Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Ауызша аталған сан бойынша жиын құрастыру



бет44/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Ауызша аталған сан бойынша жиын құрастыру.
Келесі сабақтарда балалар көп заттардың ішінен заттарды өздеріне керегінше санап алады. “Айгүл жеті алма, ал Алмат сегіз сәбіз алып келеді,” - деп тапсырма беріді. Тәрбиеші балаларға санап алған заттардың саның ұмытпауы тиіс екенін түсіндіреді. Бала тәрбиешінің “Сен неше сәбіз әкелдің?” – деген сұрағына, санамастан “мен сегіз сәбіз әкелдім”- деп жауап беру керек.
Балаларға заттардың санын, түсін, және кеңістікте орналасуын естеріне сақтау талап ететін тапсырмалар береді. Балаларға оң жағына алты үшбұрыш және сол жағына төрт үшбұрыш қойғызады. Балалар қандай да бір зат нешеу және қайда жатқанын айтады. Егер сан жығынан айта алмаса, тағы не айтуға болатынын сұрау. Сол жағымда жасыл үшбұрыштардың жиыны, ал он жағымда қызыл үшбұрыштар жиыны. “Ал осы жиындарды бір жиынға біріктіруге болама? Сонда бұл жиындар туралы не айтуға болады. Балалар жиындардың екі тобын біріктіреді де ұшбұрыштардың бір тобы бар екенін айтады. Бірақ жиын екі бөліктен тұрады: бір бөлігі – жасыл үшбұрыштар, ал екіншісі қызыл үшбұрыштар. Тәрбиеші қызыл үшбұрыштар құрамынанеше үшбұрыш және жасыл үшбұрыштар жиынына неше үшбұрыш енетінін есіне түсіруді ұсынады.
Балалар осы тапсырманы орындай отырып екі жиын беріліп отырғаны, демек екі бөліктен құралатын және олардың әрқайсысын өзіне тән түсі бар жиынға біріктіруге болатынын, сондай -ақ үшбұрыштар саның оның түсімен байланысы жөнінде және әр топтың орналасуы орны туралы (оң жақта немесе сол жақта (баланың есінде болуы тиіс.
Жаттыға келе санның затпен, оның түсімен және олардың кеңістікте орналасуымен барлық байланыстары балалар үшін дағдылы нәрсе болып алады да тапсырмаларды орындау кезінде кететін қателер саны азаяды. Тапсырманы дауыстап айта отырып орындаудың көмегі тиеді. Бірнеше баладан сұраған жөн. Айта алмаған жағдайда жетекші сұрақтар беріп көмектесуге болады, мысалы “Сенің оң жағында қандай түсті және неше үшбұрыш жатыр?”
Кеңістікте түрліше орналасқан нәрселерді санауға үйрету.
Бір затты екі рет санамай және сонымен бірге бірде -біреуін қалдырмай санауды, қайсы заттан бастағанын еске сақтау қажеттігіне олардың назарын аудару. Көлбеу сызық бойымен, вертикаль қатар түрінде орналастыруға болады. Санауды бастау нүктесі ретінде балалар өздеріне жақын тұрған затты алуға бейім болады. (Балаларға төменнен жоғары және жоғардан төмен) санауды, сонымен нәтижесі бірдей болатынын дәлелдей отырып, сондай-ақ көлбеу сызық бойымен санап шығудыұсынуға болады. Горизонталь орналасқанда солдан, сондай-ақ оңнан солға қарай санап шыққан дұрыс. Сан фигурада түрліше орналасқан дөнгелекшелерді санап шығуды ұсынуға болады. Санап шығудың әр түрлі тәсілдерін көрсету.
Кез келген бағытпен санауға болатынын, тек қана жиынның бірде -бір элементі қалып қоймауы тиіс екенін атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет