Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Балаларды геометриялық фигуралармен таныстыру әдістемесі



бет50/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар

Балаларды геометриялық фигуралармен таныстыру әдістемесі.
Ересек тобының балалары дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты, тіктөртбұрышты тек жақсы айыра біліп қоймай, оларды атайды да және бұл жазық фигуралардың бәрінің өлшемдері алуан түрлі және түстері де әр түрлі болуы мүмкін екенін біледі. Олар көлемді денелерді: шарды, кубты және цилиндрді біледі. Бағдарлама мазмұны бойынша балаларды овал формалы денемен, конуспен және білушімен (тік бұрышты параллелепипедпен) таныстыру міндет қойылған. Балалардың айналасындағы көптеген заттардың формалары сондай болып келеді, сондықтан оларды дұрыс атай білуге үйреткен жөн.
Заттарды формалары жөнінен салыстыру үшін үлгі ретіндегі балаларға таныс геометриялық фигуралардың ең қарапайым белгілерімен және ерекшеліктерімен оларды таныстыру ересек балалар тобы тәрбиешінің негізгі міндеті болады. Балаларды жаңа геомертиялық фигуралармен таныстыру жөнінен өткізілетін сабақтарға мысалдар келтірейік.
Конуспен таныстыру. Тәрбиеші балалардың алдына пирамидка деп аталатын ойыншықты қояды да оны саусақтармен айналдыра көрсетуді ұсынады, сонан соң пирамидка өздеріне таныс қандай жазық фигураға ұқсас екендігін сұрайды. Балалар ол үшбұрыш тәріздес екенін айтады. «Екі қолдарыңмен осы фигураны қапсыра ұстаңдар. Мұның үшбұрыштан қандайдай айырмашылығы бар?» Балалар оның дөңгелек екенін және жоғарыдан төмен қарай бірте -бірте жуандай беретінін, оның таяқшаға кигізілген сақиналардан тұратынын айтады. Тәрбиеші мұндай фигураны конус деп атайтынын айтады. Барған сайын кішірейе бертін квадраттардан тұратын екінші фигураны көрсетіп, тәрбиеші мұндай ойыншқты пирамидка деп атауға болатынын түсіндіреді. Пирамидка мен куносты элементтерге бөлшектеп балалар олардың айырмашылықтарын өздері байқайды: конус өлшемдері кеми беретін, бұрыштары жоқ, дөңгелек сақиналардан тұрады, ал пирамдка – өлшемдері кеми беретін квадраттардан тұрады, конус домалайды, ал бұрыштары бар пирамида домалай алмайды.
Конустың негізгі белгілерін айқындап алып, балалар тәрбиешінің тапсырмасы бойынша конусқа ұқсас заттарды табады және атайды (воронка, гүл салатын ваза, электр люстрасының қалпағы, сәбіз т.б.).
Жаттығу ретінде балалар өздеріне таныс цилиндр формалы заттарды атайды. Цилиндр тәріздес форманы конус тәріздес формамен салыстырып, балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты тағайындайды. Батарея трубасының барлық жері дөңгелек және тегіс, ал сәбіз конус тәріздес (конустық) –ол да дөңгелек, бірақ барлық жері, цилиндрдікі сияқты, бірдей емес, мұның бір ұшы жіңішке.
Оқу іс -әрекеттерінін бірінде тәрбиеші білеумен балаларды (оларға «тік бұрышты параллелепипед» деген айтылуы қиын атауды берместен) таныстырады. Ол балаларға білуді көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды. «Білеу кірпіш сияқты», -дейді балалар. Ол бұл форманы жақсы біледі, бірақ оны кірпіш деп атайды, өйткені оларға одан дәлірек атауы белгісіз. Тәрбиешінің сұрауы бойынша балалар саусақтарымен тік төртбұрыштарды айналдыра (оларды «қабырғалары» деп атамастан) көрсетіп шығады.
Сонаң соң педагог айналадан білеуге ұқсас заттарды табуды тапсырады (кітап, шкаф, жәшік, қорап, аквариум, шырпы қорабы т.б.).
Көлемді бес денені (кубты, шарды, цилиндрді, конусты және білеуді) білу балалардың айналадағы заттардың формасына: автомашина кузовына, троллейбусқа, автобусқа т.б. деген зор ынтасын оятады, оларды балалар өзгеше қабылдай бастайды. Көз үйренген үйреншікті заттардың формасына назар аударыла бастайды. Ағаш діңдері мен бұтақтарынан олар цилиндр мен конус формаларын байқайтын болады. Құбылардан, бағандардан және сымдардан цилиндр тәріздес форма таба бастайды: «Тек баған жуан, ал сым жіңішке», - деп атап көрсетеді олар.
Осылайша, көлемді геометриялық фигуралармен танысу балалардың танымдылық белсенділігін арттырып, айналадағы өмір жөніндегі олардың түсінігін байыта түседі, мұның өзі балалардың іс -әрекетінің (олардың сурет салуы, жабыстыруы, конструкцияалауы, бақылаулары туралы әңгімелері) жемісті болуына себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет