Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


ІХ. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмыстарының сабақтастығы



бет54/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар

ІХ. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмыстарының сабақтастығы



  1. Заманауи бастауыш мектептін, балалардың математикалық дамуына қоятын талаптары.

  2. Математиканы үйретудің мазмұны мен әдістеріндегі сабақтастық.

  3. Математиканы оқытуда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмысындағы ұйымдастыру формасының сабақтастығы.

  4. Бірінші сыныпта математиканы оқуға балалардың дайындығының көрсеткіштері.

Заманауи бастауыш мектептін, балалардың математикалық дамуына қоятын талаптары.


Мектепте оқудың нәтижесі мектепке дейінгі кезенде қалыптасқан білім мен дағдылардың сапасына, баланың танымдық қызығушылығы мен белсенділігіне байланысты болады. Мектеп үнемі баланың интеллектуальдық, соның ішінде математикалық дамуына жоғарғы талап қояды. Ол мынандай обьективті себептермен түсіндіріледі: ғылыми-техникалық прогресс, ақпараттын көбеуіне, біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге, соның ішінде экономикалық өмірдегі, математикалық білімнің мазмұнының және маңызының өзгеруіне, алты жастан мектепте оқуға көшуге байланысты, т.б.
Озат педагогикалық тәжірибенін нәтижелері бойынша, егер мектепке дейінгі ұйымда және мектепте оқу-тәрбие жұмысы біріккен дамыту үрдісі болып келсе осы талаптардың заңды және орындалуы мүмкін екеніне сендіреді. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың біріккен жүйесін құрастыру, мектепке дейінгі ұйым мен мектепте олардың ажырамас байланысын, осы жүйенін барлық звеноларындағы логикалық сабақтастығын қарастырады.
Сабақтастық – бұл өткенге сүйене отырып балаларда бар білімін, дағдылары мен іскерліктерін дамыту. Ол, білімін кеңейтіп, тереңдету, барды жаңа, жоғарғы деңгейде ескереу.
Сабақтастық бір кешенде танымдық, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді шешуге жағдай туғызады. Бұл әрбір төменгі звено келесінін талаптарына бағытталады.
Мектеп жасына дейінгілерді оқыту оқытудың бастапқы звеносы бола отырып балалардың осы жастағы мүмкіндіктеріне сонымен қатар заманауи бастауыш оқытудың талаптарына бағытталады. Осы екі шарт оқытудың мазмұның және құралдарын, ұйымдастыру формаларын анықтайды.
К.Д. Ушинский «дайындық оқыту» және «мектепте әдістемелік оқыту» байланысы жөнінде өз ойын тұжырымдады. Мектепте жүйелі оқытуға мектепке дейінгі жаста дайындық оқыту болу қажет, - деп санады; мектепте әдістемелік оқытудың бастамасын баланың даму деңгейіне қарай, білімді қабылдауға дайындығын жеке анықтауды ұсынды. Оқыту процесінде баланың жеке тәжірибесін, білімін және жалпы дамуын ескеру қажет деді. Әрбір жаңа жаттығу алдыңғысымен байланысты болуы, оған сүйену және алға жүру.
Е.И. Тихеева, Ф.Н. Блехер, Ф.А. Михайлова, Н.Г. Бакст, З.Н. Пигулевск, А.М. Леушинының жұмыстарында сабақтастықты зейнге алмағанның өзінде осы бағытта көптеген құнды және пайдалысы бар.
ХХ ғасырдың 20-40-ші жылдары олардың жасақтап шығарған положения тұтастай жүзеге асыруға мүмкіндік болмады, осыған ынғайлы жағдай, бастысы сабақтастық мәселелері бойынша арнайы зерттеулер жетіспеген соң.
ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары осы тақырыпқа байланысты Н.А. Попованың, Т.В. Тарунтаеваның, П.А. Сагым-Бекованың бірінші эксперименталдық зерттеулер пайда бола басталды. Сабақтастықты бекіту обьективті себептерге байланысты кідірді. Біріншіден балабақшалардың санының жетіспеуінен, мектепке көптеген балалар алдын-ала жүйелі дайындықсыз үйінен келуіне байланысты. Отбасы тәрбиесі қажетті математикалық дайындық деңгейін және жалпы балалардың ақыл-ой дамуын толық қамтамасыз етепеді.
Соңымен қатар ұзақ уақыт балабақшалар мен мектептін оқу-тәрбие міндеттерінін келіспеушілігі байқалды.
Қазіргі уақытта қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің ролі көтерілді. Барлық алты жастағы балаларды мектепте оқуға дайындау мақсатының өзгеруіне байланысты мектептерде мектепалды даярлық сыныптар, мектепке дейінгі ұйымдарда даярлық топтар ұйымдастырылуда.
Бірінші сыныпқа келетін балалардың жоғарғы деңгейде математикалық дамуын қамтамасыз ету, алдын-ала дайындау, мектепте оқу материалын сапалы меңгеруге әсерін тигізеді. Сондықтын, мектепке дейінгі ұйымдарда, соның ішінде ересек мектепке дейінгі жаста оқу-тәрбие жұмысың дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер (Г.Г. Петраченко, Н.Н. Поддьяков, Н.Ф. Виноградова, Н.Ф. Алиева т.б.) мектеп жасына дейінгілерді оқытудың мазмұның, жеке айтқанда математиканы оқытуды жаңғартуға жағдай жасады. Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу вариативтік бағдарламаларын құрастыру, балаларды математикаға оқыту және олардың математикалық дамуының ерекшеліктері бастауыш мектеп талаптарына сай болуын қарастырады.
Бастауыш мектептің алғашқы талаптарының бірі, мектепке дейінігі мекемелер түлектерінде оқу әрекетіне, оқуға қызығушылық, нақты қарапайым математикалық білім мен дағдыларын қалыптастыру.
Осыған байланысты балалар оң көлемінде сандарды білуі, тура және кері бір-бірден және топтап санау, натурал қатардағы санның орнын табу, санды бірнеше бірліктерге азайту немесе көбейту, аралас сандар арасындағы қатынастарды түсіну, санның екі кіші саннан құрылымын білу, қосуға, азайтуға қарапайым жаттығулар мен есептер құрастырып, шешу, +, —, = белгілерін қолдана білуі, заттарды екі тең, төрт бірдей бөліктерге бөліп, қалай аталатынын, нақты материал арқылы бүтінін бөліктен үлкен екенін анықтай білу қарастырылады. Салыстыру арқылы балалар заттардың көлемдерін белгілеуге үйренеді, шарты өлшеуіштердің көмегімен және сызғыш арқылы өлшеп қажетті ұзындықта сызықтар сызады. Олар көпбұрыштармен және олардың элементтерімен: қабырғаларымен, бұрыштарымен, төбелерімен, қағаз бетінде, дәптерде, кітапта, уақытты, қоршаған кеңістікті бағдарлай білу арқылы танысады.
Бірақ заманауи мектептерді осы білім мен дағдыларды меңгеруі қанағаттандырмайды. Болашақта мектепте оқу, меңгерген білімінін сапасынан, оларды өз санасынан өткізуінен, нақтылығына байланысты. Сондықтан осы сапаларды көтеру үшін заманауи мектепке дейінгі дидактика оқытуды оптимизацииялау жолдарын жүйелеуге бағытталған. Мектепке дейінгі мекемелер түлектері алған білімдері мен дағдыларың карапайым жағдайда ғана емес, соңымен қатар өзгерістерге шұрайты, жаңа, жағдайлардада (ойын, еңбек) пайдалана білу керек.
Математикалық дайындықтың бастауыш оқытуының басты талаптарының бірі алғашқы уақытта мектепке дейінгілердің ойлау қабілетін дамыту.
Математика – бұл терең логикалық ғылым. Баланы бастапқыш қарапайым математикаға кірістіру қажетті деңгейде логикалық ойының дамуысыз болмайды.
Н.Н. Подьякова, Н.И. Непомнящяның психологиялық зерттеулері балалардың аналитикалық-синтетитикалық әрекетінін, барлық ойлау формаларынын белсенді дамуы жөнінде дәлелдейді. Мұны ғылыми дәлелденген оқытудың коррекцияланған мазмұны мен әдісі негізінде қол жеткізуге болады.
Заманауи бастауыш мектеп мектепке дейінгі мекемелер түлектерінен оқуға деген тұтастай кешенді дайындығын талап етеді. Балаларды мазмұны мен бағыты бойынша мектепке дайындау жалпы және арнайы дайындыққа бөлінеді. Жалпы балаларды қарапайым нормалармен және тәртіп, тәрбие этикасымен, танымдық қызығушылықтарымен, жауапкершілікпен, настойчивости таныстыруды қарастырады. Арнайы дайындық мектепке дейінгілерді бастауыш мектептің жекеленген пәндерге, соның ішінде математика кіретін біліммен және дағдылармен қаруландыру. Осымен қатар мамандар мектепке дейінгілердің арнайы сапаларын қалыптастыруды көрсетеді.
В.К. Котырло, С.П. Тищенко тағы басқалары осындай сапалармен қатар басқа да сапалардың соның ішінде белсенділікті, құштарлықты, өз бетімен жұмыстануды, өзін-өзі қадағалау және саморегуляциялау қабілетіліктерін, оқу әрекетінін негіздерін меңгеру, сенсомоторлық аппараттың дайындығы, негізгі маңызыды дағдылар мен әдеттердін қалыптасуын көрсетеді.
Заманауи мектептер бірінші сыныпқа келген баладан жоғарғы деңгейде жұмыстана білуді, ақыл-ойдың күрделі формаларын, мектепке дейінгі шақта морально-волевых сапаларын қалыптасуын талап етеді. Осы барлық талаптарды орындау баланың мектепте оқуға дайындық деңгейінің көтерілуіне көмектеседі. Баланың жалпы дайындығынан математикалық дайындығы мектепте математиканы меңгеруін, болашақта математикалық әрекеттерге қызығушылығын дамыту қамтамасыз етеді.
Мектепте баланың алдында абстракциялық түсініктерді зерттеу ете алатындай дайындықты талап ететін терең ғылыми білімдер ашылады. Маңыздысы жеке функциялардың (қабылдау, зейін, ойлау, т.б) дамуы емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың алмасуы.
Л.С. Выготский көрсеткендей сананың әрбір функцияның дамуындағы жекеленген өзгерістер топтары емес, жаңа сатыда өзінің ішкі құрылысын және бөліктерінін байланысын ауыстыра отырып, бүтіндей болып дамуы.
Әрбір функциональдық бөліктердің сананың дамуындағы орыны, бүтінін өзгеруіне байланысты. Функциональдық құрылыстын осындай өзгеруі жеке тұлғаның дамуының басты және нақтысы болып келеді.
Баланың мектепте оқуға дайындығының жоғарғы деңгейіне жетуі басты метепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұның, формасын және әдістерін күрделендіруді қарастырады , соның ішінде математикаға оқытуды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет