45
көркем әдебиет шығармалар көлемі кеңейтіліп, олар мазмұн жа-
ғынан баланың даму
ерекшеліктеріне лайықты
таңдалып,2-7 жас-
қа дейінгі топтарды қамтыған.
Еліміздегі осы саладағы ғылыми зерттеулер мен алдың-
ғы қатарлы іс-тәжірибелерді пайдалану негізінде жаңа талап-
тарды ескере отырып 1971, 1987, 1988, 1989 жылдары бағдарла-
малар қайта өңделіп, толықтырылды. Бұл өңдеу барысында ба-
лаларды дамыту, тіл байлығын молайту мәселелеріне баса көңіл
бөлінді. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды
өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстыру қарас-
тырылып аспан әлемі (күн, ай, жұлдыз); табиғи құбылыстар
(күннің шығуы мен батуы); су үні, күйі (қар, бу, мұз); қатты
денелер мен (құм, саз, тас, т.б.) олардың қасиеттері; ауа, оның
қозғалысы, желдің бағыты және күші, электр және жарық құбы-
лыстары (найзағай, күннің күркіреуі, кемпірқосақ); қар, бұршақ
жаңбыр, боран, үскірік, сең жүру,
найзағай жарқылдау, тұман,
шық түсу тәрізді табиғат құбылыстарымен таныстыру, т.с.с ма-
териалдар енгізілді.
Мұндай қоршаған ортадан берілетін түсініктер мен
ұғымдарды қалыптастыруда сөздің маңызы зор. Балалардың сөз-
дік қорының молаюы және оның ана тілін меңгеруі табиғатты
сезім мүшелері арқылы қабылдауымен біртұтас байланыста жү-
зеге асады. Сондықтан да бағдарламада табиғатпен танысу және
тіл дамыту жөніндегі материал біріктіріліп беріліп, ең алдымен,
балаларды күнделікті өздерін қоршаған табиғатпен таныстыру
міндеті қойылады. Оларға қандай ұғым берілсе де тіл дамыту
мақсатымен, табиғат көрінісі және объектілерін таныстырумен
байланыста жүргізіледі. Себебі, қоғам дамуы табиғатпен тікелей
байланысты болса, ал адам да табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол
табиғаттан
керегін алады, оны өзгертеді және қорғайды. Табиғат
пен қоғамның осы байланысын балаларға ғылыми тұрғыдан
жеңіл түрде ұғындыру әрбір табиғи құбылысты, заттарды көзде-
ріне көрсете отырып түсіндіру барысында іске асады.
Қазақстан Республикасының егемендік алуы болашақ
ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарау міндетін жүктеді.
“Білім беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (18 қаң-
46
тар 1992 жылы) қабылданды. Аталған құжатта еліміздегі білім
беру жүйесін жетілдірудің негізгі қағидалары айқын көрсетілді.
Осы құжаттың “Жалпы ережелер” атты бөлімінің 2-бабында бі-
лім беру жүйесінің міндеттері туралы айта келіп мына мәселе-
лерді қамтиды:
– жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін
ашу, адамгершілік пен салауатты
өмір салтының берік негізде-
рін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау
жолымен оның зердесін байыту;
– азаматтың, үйелменнің, халықтың, қоғамның және
мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндет-
терін ұғынуды,
сондай-ақ, республиканың мәдени, қоғамдық,
экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
Достарыңызбен бөлісу: