Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті


Бір маусымда болатын өзгерістерді толық қамтып



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
35. Бір маусымда болатын өзгерістерді толық қамтып 
түсіндіру және әңгіме құрату қай әдісте жүзеге асырылады? 
A) логикалық сөздік тапсырма орындату; 
В) лексикалық жаттығу; 
C) дидактикалық ойын; 
D) проблемалық жағдаят жасау; 
Е) модульдік тапсырма орындату. 
36. Табиғат құбылыстарының заңды байланысынбайқату 
мысалы, жыл мезгілдерінің келу реті қай әдісте жүзеге 
асырылады; 
A) логикалық сөздік тапсырма орындату; 
В) лексикалық жаттығу; 
C) дидактикалық ойын; 
D) проблемалық жағдаят жасау; 
Е) модульдік тапсырма орындату. 


64 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Балаларға міндетті мектепалды даярлығы тұжырымда-
масында 5-7 жасар балаларды мектепке даярлаудың негізгі 
критерийлері анықталып, онда: “Бала мектепке барар алдында 
сөздікпен, грамматикалық құрылыммен таныстырылып, жан-
жақты оқытылатын тілдердің көп тілділігіне психологиялық жа-
ғынан бейімделе білуі қажет делінген. Жаңа заман азаматын 
тәрбиелеуде мемлекеттік тілді өзіндік бедерімен, ою-өрнегімен 
меңгертуді балабақшадан бастау көзделіп отыр. Баланың айна-
ладағы өмірді, қоршаған дүниені, адамдар арасындағы қарым-
қатынасты танып-білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің дамуы 
оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, жеке бас ұйтқысының қалыпта-
суына негіз болады. Болашақ азаматтың жеке бас тұлғасын қа-
лыптастыру негізі мектепке дейінгі кезеңде басталады. Бала өмі-
рінің алғашқы жылдарындағы дұрыс тәрбие оның кейінгі жан-
жақты дамуының жемісті болуына себеп болатыны бәрімізге 
белгілі. 
Ең алдымен, баланың мектепте білім алуына баланың 
психикалық дайындығының негізі саналатын ақыл-ой деңгейін 
дамыту маңызды орын алады. Осы ретте мектеп жасына дейінгі 
балалардың ақыл-ой дамуындағы негізгі орын олардың байла-
ныстырып сөйлеу тілін дамытуға беріледі. Баланың ана тілі – 
жеке бас тәрбиесінің қуатты құралы – қоршаған ортаны танып-
білудің кілті. Яғни, балаларды табиғат құбылыстарымен таныс-
тыру балалардың осы құбылыстарға деген санасы мен сүйіспен-
шілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді көз-
дейді. 
Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп
тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарасты-
рылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс 
сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрі-
нісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, оларды қолдану 
тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойлау жүйесі де дамиды. 
Сонымен қатар көргенін айтып, талдау арқылы бала қоршаған 
дүниені таниды.


65 
Мектеп жасына дейінгі балалардың санасына тән ерек-
шелік-қоршаған дүниені тануға, білуге тырысу. Сондықтан ба-
лаға күрделі және беймәлім құбылыстарды қарапайым және тү-
сінікті түрде жеткізу, жұмбақ дүниеден бала танымына жақын 
таныс нәрсеге көшу, бала күнделікті өмірден көріп-біліп жүрген 
табиғи құбылыстарды таныс құбылыстармен салыстыра оты-
рып, олардың сана-сезіміне әсер ету – тәрбиешінің басты мін-
деттерінің бірі. 
Бала сөзі көзбен көретін нақты заттар, құбылыстар негі-
зінде құралатыны белгілі. Сондықтан да, көптеген ғалымдар ба-
ланың сөздік қорын молайтуда негізгі орынды көрнекілік прин-
ципіне береді. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, баланың бай-
ланыстыра сөйлеуін қалыптастыру үшін оларды табиғат құбы-
лыстарымен таныстырып, бақылау жүргізуге дағдыландырып, 
сол арқылы байқағандарын айтқызу жұмыстары деген қорытын-
дыға келеміз. 
Табиғи құбылыстар туралы түсініктер мен ұғымдарды 
қалыптастыруда сөздің зор маңызы бар. Балалардың байланыс-
тырып сөйлеуінің және ана тілін меңгеріп алуы табиғатты сезіне 
танумен бір тұтас байланыста жүзеге асады. 
Бала тіл өнерін, сөз өнерін айналасындағы адамдардан 
солармен қарым-қатынас жасаудың, сөйлесудің нәтижесінде 
үйренеді. Балаға сөз үлгісін көрсететін бірінші отбасы десек, 
сондай-ақ, ол үшін ең басты өнеге балабақшадағы тәрбиеші-пе-
дагогтардың сөзі, олардың сөйлесе білу тәсілдері, сөйлеу мәнері 
бұдан да маңызды болмақ. 
Баланы табиғаттың әсемдігін көре білуге, оны сезіммен 
қабылдап, эстетикалық әсер алуға, табиғат құбылыстарының 
ерекшеліктерін ажырата білуде әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы 
әңгімелеуге, күнделікті іс-тәжірибеде байланыстырып сөйлей 
білу дағдыларының қалыптаса бастайтынын байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет