«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі»



бет3/32
Дата16.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#61457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
1. Пәннің мақсаты мен міндеті
«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі» 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориялық және әдістемелік мәселелеріне білім беруге арналады.
Бұл курсты меңгерген мамандар мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формлары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топтар балалармен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын меңгереді.шығармашылыққа жетелеу талаптарын орындау да қамтамасыз етіледі.
Пәннің мақсаты: - студенттерге жаратылыстану ғылымдары негіздерінен теориялық білім берумен қоса болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін дамытып,біліктері мен педагогтық дағдыларын дамытуға бағытталған болып табылады.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері:
-студенттерге жарытылыстану циклдары негіздерінен ғылыми-теориялық білім беру;
-мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың ,оларды дамытудағы маңызын саралау;
-студенттерді түрлі сабақтар типтерін ұйысдастыруға жаттықтыру;
-қоршаған ортамен таныстырудың әдіс-тәсілдерін үйрету;
-мектеп жасына дейінгі балаларының қоршаған дүниені танып білу дағдыларын қалыптастыру жолдарымен таныстыру;
-оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың белсенді жаңа технологиясын қолдануға жаттықтыру пәнінің негізгі міндеттері;
«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі» пәнін оқу негізінде студент:
-жаратылыстану ғылымының теориялық негіздерін:биосфера, биоценоз, экология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір-бірімен байланысын;
-адамның табиғаттағы орнын жергілікті жердің өсімдіктері , жануарларын және экологиясын;
-мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері;
-арнаулы биологиялық, географиялық атауларды, оны іс жүзінде қолдануды;
-балаларды қоршаған ортамен таныстыру, формалар мен әдіс-тәсілдерін, оларды іріктеуді;
-балаларды дамытуда қоршаған ортаның маңызы;
-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды,әдістемелік бөлмені жабдықтауды;
-балаларды табиғатпен таныстырудың жоспарлау мен оны қолдануды;
-балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістерін саралап,оны қолдануды;
-көрнекілік түрлерін,бейнелі материалдарды іріктеуді;
-бөлме өсімдіктері мен жануарларды күтуді ұйымдастыруды;
-өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін дамуын бақылауды;
-балалардың табиғатқа деген қызығушылығын ,белсенділігін, байқағыштығын арттырудың жолдарын;
-алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді өз ісінде қолдануды;
-балалардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық түсінігін қалыптастыруды;
-топсаяхаттар мен серуендерді жоспарлауды (күнделікті,мақсатты) білуі керек;
Курстың мазмұны, ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.Болашақ тәрбиешілерді дайындауда қойылатын басты талаптардың бірі- Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін өсімдік,жануарлар дүниесін табиғатты қорғау жолдарын меңгеруі керек.
ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ



Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)

1

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі

2

Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі

3

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

4

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру теориясы мен әдістемесі







ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:



Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)

1

Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару

2

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбие теориясы мен әдістемесі

3

Отбасы педагогикасы

4

Зерттеу жобаларын жоспарлауды ұйымдастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет