«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі»


Жердің су қабаты-гидросфера. Жердің ауа қабаты-атмосфера. Ауаның температурасы. Ауаның қысымы. Топырақ. Топырақ түзуші факторлар. Ауа массалары мен фронттары



бет15/32
Дата16.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#61457
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
коршаган.орта руп

Жердің су қабаты-гидросфера. Жердің ауа қабаты-атмосфера. Ауаның температурасы. Ауаның қысымы. Топырақ. Топырақ түзуші факторлар. Ауа массалары мен фронттары.
Гидросфера- жердің су қабаты. Жер күн жүйесіне енетін планеталардың ішіндегі ең сулы планетасы жердің 71 пайызын дүниежүзілік мұхиттың сулары тұтастай қоршаған. Дүниежүзілік мұхиттың көлемі 1370 000 000 км куб, орташа тереңдігі-4000 метр. Мұхит жер бетінің 4 тен 3 бөлігін алады. Бүкіл мұхиттардың теңіздері бар. Теңіз дегеніміз- көршілес бөліктерден ерекшеліктерімен ағыстары және суларының толықтығымен ерекшеленетін мұхиттың азды көпті оқшауланған бөлігі. Құрлыққа су мұхит үстінен булану және атмосферада тасымалдану нәтижесінде, яғни дүниежүзілік ылғал айналуы процесінде түседі. Құрлыққа жауған атмосфераның бір бөлігі буланады, бір бөлігі сіңіп кетеді. Осылардан қалғаны ағынды суға айналады. Дүниежүзілік ылғал айналымының аса маңызды құралы құрлықтан келетін ағынның үштен екісі және үштен бірі жер асты суынан құрылады. Ағын жер асты суларын, өзен, көлдер мен мұздықтар арасында уақытша таралған құрлық суларын біріктіреді, байланыстырады. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

1

2

Биосфера туралы түсінік. Биосфера шекарасы. Зат алмасу. Ассимиляция және диссимилияция процестері
Биосфера- экология ғылымының зерттейтін бір жүйесіне жатады. Биосфераны құрайтын атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы, гиросфераның түгелдей алып жатқан тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта. Биосфера терминін алғаш енгізген Э.Зюсс (1875ж) болса, географиялық қабық ұғымын енгізген А.А.Григорьев (1932ж) болды.
Географиялық қабық жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі. Географиялық қабық кеңістік тұрғысынан біркелкі емес, ол біркелкі еместіктің көрінісі табиғи ландшафтар. Ал биосфера өз тұрғысынан әртүрлі экожүйелерге бөлінеді.
Экожүйе - жер шарындағы зат және энергия ағымдары келіп тұратын аймақтағы тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи кешендер. Экожүйе әртүрлі деңгейде болады. Оның ең ұйымдасқан түрі-биосфера. Географиялық қабықтың жоғары деңгейдегі табиғи жүйесі ландшафт.

1

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет