«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі»



бет23/32
Дата16.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#61457
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
коршаган.орта руп

А.Я.Герт (1841-1888)- Ресей мектептерінде жаратылыстанудан сабақ берудің озық орыс әдістемесінің негізін қалаушы. А.Я.Герд былай деп жазды: «Бүкіл нақтылы білімді адамзат бақылаулар, салыстырулар және тәжірибелер арқылы жинаған. Балаларға да білімді мақалалар оқу арқылы емес, тек қана осы жолмен пайдаға асырып беруге болады. Балалар тәрбиешінің басшылығымен бақылауға жүргізуге, бақыланатын фактілер мен құбылыстарды салыстырып, сипаттап, талқылауға, қорытындылар мен тәжірибелермен тексеруге тиіс».

1

10

К.Д.Ушинский балаларға білім берудегі табиғатты пайдаланудың маңызы туралы
Бастауыш мектептен бастап жаратылыстану негіздерін оқытуға үлкен мән берген әдіскерлердің бірі-К.Д.Ушинский. Ол жаратылыстануды оқытуды балалардың қисынды ойын дамытудың құралы ретінде қарады. Балалардың сөз қорын молайтып, тілін дамыту ең алдымен қоршаған ортаны танып білуден басталады деген ойын дәлелдеді. Табиғатқа бақылау жүргізу берілетін білімді саналы меңгерудің көзі екенін ашып айтты. Бала табиғи ортада өз мақсатына сай қарым-қатынасқа түседі. Сол арқылы табиғат заңдылықтарын меңгеріп қана қоймай, оны өзіне қызмет еткізуге бейімдейді, осының негізінде жаратылыстанудан алатын ғылым негіздері үнемі адамның ақыл-ойын толықтыруға көмектеседі деп тұжырымдайды.

1

11

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру
Балаларды жалпы дамыту жөніндегі жұмыс олардың сабақ үстінде білімі мен дағдыларды жүйелі түрде игеру үдерісінде және үй тапсырмаларын орындау кезінде жүзеге асырылады. Балалардың қоршаған әлем туралы білімдерді жеке деректер жиынтығынан тұрмай, қайта белгілі бір жүйемен және бірізділікпен берілуінің, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін түсінікті түрде ұғындырылуының маңызы өте зор. Балалар сабақта өз бақылауларының мазмұнын хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге осы бақылаулардың негізінде кейбір қорытындылар мен ой қорытулар да жасайды. Сонымен, бала ойының дамуының негізгі желісі көрнекі нақтылықтан көрнекілікке және көрнекі бейнекіліктен ауызшаға абстракциялық ойлауға көшуден тұрады. Кез келген ғылым мен оқу пәні логикалық бірізділікпен дамитын ұғымдар жүйесі болып табылады. Балаларға дүниетану пәнін оқытудағы негізгі міндет-олардың пәнді ғылыми меңгеріп, олардың түсініктерін, ұғымдарын қалыптастыру жөніндегі күнделікті, жүйелі жұмыс болып табылады.

1

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет