Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері



Дата09.03.2022
өлшемі34,46 Kb.
#27283
Байланысты:
ерте жас педагогикасы


Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:

- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;

- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:

1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.

2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.

3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.

4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.

5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.

Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды. Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі

қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның

қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға

бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.

Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық

әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды

қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді

сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық

эксперименттерді қолданады.

Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке

тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелг ен. Жаңа

шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа

жастағы балаларға қолдануға болмайды. Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.

Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою;

дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы

даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның

жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық

ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.

- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.

- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.

Зерттеу әдістері-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі:

- түрлі әңгіме әдістерін қолдану.

- шағын тестік тапсырмалар

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған

Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс

Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.

Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .

Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады .Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.



Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

Психологиялық жас ұғымы

Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу

мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек

шұғылданады.

Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.

Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас

шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.

1. Мектеп жасына дейінгі кезең:

- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;

- сәбилік кезең;

- мектеп жасына дейінгі кезең.

2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.

3. Жеткіншектік кезең.

4. Жасөспірімдік кезең.

5. Ересектік кезең.

6. Қарттық кезең.

Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді

қарастырамыз.

Психикалық дамудың жас кезеңдері.

Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы

бірқалыпты болмайды. Мұнда жас кезеңдердің біршама баяу, бірте-

бірте өзгеретіндігін бұрынғы психологиялық белгінің жойылып, жаңа

психологиялық белгінің пайда болуына байланысты, кейде баланы

неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін

өзгерістер кезеңі басталады. Бір кезеңнен екінші кезеңге осылай

14

секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Бұл жас дағдарыстары



шамамен бірдей жағдайда тұрған жас жағынан шамалас баланың

барлығында пайда болады да, балалық шақтың бірнеше жас шағына

қарай кезеңге бөлуге мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін баланы

әр түрлі жас кезеңдеріне бөлу әр түрлі жүзеге асырылған. Мысалы

педагогия ғылымының өкілдері баланың жас кезеңін биологиялық

факторлар бойынша ажыратқан. Мысалы, тісінің ауысу сапасына қарап,

тіс жару кезеңі, тістің шығу кезеңі, т.с.с. Бірақ бұл дұрыс емес. Қазіргі

педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік

етуіне байланысты өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда,

баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге

бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас

кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол

қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.

Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі деп аталады.

Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:

а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);

б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);

1-ден 3 жасқа дейінгі кез – сәбилік кезең деп аталады.

Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау

мезгілі.

3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде

қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын

түрі пайда болады.

6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы

деп аталады.

11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде

бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен

өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.

16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.

20-30 жас – жастық кезең деп аталады.

30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.

60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын

қамтиды.

Адамның дүниеге келгеннен, дүниеден кеткенге дейінгі кезеңін

– онтогенез дейміз. Фелогенез – тіршіліктің дүниеге келгенге дейінгі

кезеңі.


15

Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас

көрсеткіші тұрақты болмайды. Жас шамасы мен жас кезеңінің арасында

мынадай байланыс бар. Мысалы, әр мемлекет өзінің бекіткен заңы

бойынша мектепке оқыту жасын белгілейді. Мысалы, баланы яслиге 1

жарым жастан қабылдайды. Қазір 6 жастан бастап мектепте оқып жүр.

Дегенмен, адам өмірінде жаңа жас кезеңі басталған жағдайда мұндай

кезеңге бөлудің жалған көрсеткіш екенін де байқайды. Мысалы, 1944

жылға дейін біздің елде мектепте оқыту 8 жастан басталған, яғни

бастауыш мектеп кезеңі басталады. Ол 1,1 жарым жыл кеш бастайды.

Қазір 2 жас ерте барады. Ал Англия Жапонияда балалар 5 жаста

мектепке барады. Қазіргі кезбен салыстырғанда баланың мектеп жасына

дейінгі кезеңі 1 жыл ерте сияқты. Осылай болса жас мөлшері, балалық

шақтың кезеңін анықтамайды. Ғалымдар баланың даму үдерісінде

тура осындай белгілі кезеңдерден жүйелі түрде өтетінін анықтады.

Мысалы, белгілі бір жас кезеңдеріне сәйкес баланың сөйлеуі мен

қабылдауының даму үдерісін психолог В. Штерн, ойлаудың дамуын

Ж. Пиаже, ал ақыл-ойдың дамып қалыптасу кезеңін П. Я. Гальперин

анықтады. Осы кезеңдердің бәрінің дамуы баланың оқу үдерісінің

негізінде қалыптасып, дамытуға мүмкіндігінің бар екенін анықтады.

Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас

кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек.

Жас кезеңіндегі өзгешелік баланың психологиясын табиғи сапалық

өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму үдерісінің бір жүйеге

түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен олар

бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың

балалық шақ кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.

Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала

5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан

өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.

Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп

кезеңі 3 сатыдан өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының

әр кезеңде біркелкі дамымайтынын көрсететін ерекше дәлел болып

есептеледі.

Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте

сүйекке айналып ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі,

олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде қайда күшті немесе баяу

өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың

даму өзгешелігін анықтайды. Психологиялық дамудың шапшаңдығы,

оның күшті ұйымдасып, бір-бірімен әрекеттесуі немесе баланың

16

үлкендермен қарым-қатынас жасауымен қамтамасыз етеді. Баланың



жасының мөлшері оның дамуын тікелей анықтамаса да, алайда оның

жасы бұл үдерісте уақыт факторы сияқты мәнге ие.

Біріншіден организмнің жетілуі белгілі бір уақытта пайда болады,

ол бала психологиялық дамуын тікелей анықтамайды. Дегенмен оның

әрекет етуімен қарым-қатынас жасауы үшін жаңа мүмкіндіктердің

пайда болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ баланың ары қарайғы

психологиялық дамуын да қамтамасыз етеді.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас

кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол

қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.

Дамуында ауытқуы бар балалардың

сезінуі мен қабылдауы.

Сезіну мен қабылдау – қоршаған ортаны танудың алғашқы сатысы. Бұл саты барлық өмір жолында маңызды болып қала береді. Кемақыл балалардың тежелген, шектелген қабылдау қабілеттері оның психикалық даму барысына орасан зор әсер етеді. Сезіну мен қабылдаудың дамуы жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің біртіндеп орнына келуінің көмегімен спонтанды түрде дамуы мүмкін. Осыған орай, жүйке процестері анағұрлым икемделіп, күшейе бастайды, сезіну мен қабылдау қарқыны жылдамдайды. Өмірлік тәжірибесі молайған балалардың дүниетанымдары кеңейеді, мағлұматтары көбейеді. Айналаны тану – қабылдау мен сезіну сапасын жоғарылатудың негізгі жолы. Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді. Қабылдаудың заттық және құрылымдық түрлері жеткіліксіз болып келеді. Бұл балалар кез келген затты таныс емес ракурста немесе схемалық түрінде, контур түрінде тани алмайды.Ұқсас әріптер мен әріп элементтерін үнемі шатастырады.

Соқыр және нашар көретін балалар есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Әр түрлі әрекеттер мен кеңістікті бағдарлау қажеттігі олардың әртүрлі дыбыстарды, шуларды дифференциалдай білуін, дыбыстың шығу көзін оқшаулауды, дыбыс толқынының бағытын анықтай білуді талап етеді, сондықтан да олардың есту қабілеттері жетіле түседі.

Соқыр балаларда олардың жасына сәйкес дәм сезу қабілеті қалыптасады. Олардың дәм сезінуі дәм сезу анализаторына тамақтың әсер етуімен жүзеге асады.

Церебральды сал аурулы кейбір балалардың өз қимыл-қозғалыстарын нашар сезіну мен заттармен іс-әрекет орындау қиындығы церебральды сал ауруы балалардың белсенді сипап сезу арқылы қабылдау мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі, оның ішінде заттарды сипап сезу арқылы тануы (стерегноз). Балалар церебральды сал ауруының барлығында да кеңістіктік қабылдаудың бұзылуы орын алады. Гемиплегияда бүйірлік бағдарлау бұзылады, диплегияда — тік сызықтағы бағдар (вертикальдық), тетраплегияда — алдан артқа қарай бағдар жасау (сагиттальдық) бұзылады. Тетраплегияда сонымен бірге, кеңістіктік қабылдаудағы дөрекі бұрмаланулардың баланың психикасына тигізетін зардабы өте ауыр.

Күрделі сенсорлық кемістігі бар балаладың тері арқылы түйсінуі мен қимыл-қозғалыстық жады бұл балалардың қоршаған ортаны танудағы ерекше мүмкіндігі болып табылады Соқыр немесе нашар көретін бала өз денесінің барлық қимыл-қозғалысын әуел бастан-ақ көріп бақылай алмайды. Есту қабілетінң бұзылуы да мұндай баланы дыбыстың көмегімен бағдау жасау мүмкіндігінен айырады. Соқыр-саңырау баланың барлық жағынан да жеке өзінің қимыл-қозғалыс және сипап сезу тәжірибесіне сүйенуіне тура келеді. Сондықтан бала неғұрлым ерте жастан өздігінен қозғалуға үйренсе – аударылып жату, созылу, ұстау, отыру, тұру, еңбектеу т.б. Соғұрлым ол келешекте кеңістікте еркін қозғала алады.

Тактильдік сезім бұл балалардың айналаны танудағы негізгі қабілеттерінің бірі, яғни затпен тікелей жанасу арқылы оларды қабылдауға болады. Бұл балалар заттың пішінімен, текстурасымен, салмағымен, температурасымен сипап сезу арқылы танысады. Сол сияқты адам затпен белгілі бір арақашықтықта да таныса алады. Бірқатар авторлар бұл категорияға жататын балалардың иіс сезу қабілеті әсіресе жақсы жетілгендігін атап өтеді.



Тактильдік-вибрациялық сезімдердің көмегімен адамдар мен заттардың қозғалысын, дыбыстарды, олардың қандай қашықтықта екендігін біле алады. Айналасында болып жатқан оқиғаларды, маңайындағы адамдарды ажыратады. Музыканы, қатты дыбыстарды табанымен сезінеді, адамдарды жүрісінен таниды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет